• Басты
  • «Бизнестің жол картасы-2020»: ауылдық жас кәсіпкерлер миллион теңгелік грант алды
27 Тамыз, 2019 13:20

«Бизнестің жол картасы-2020»: ауылдық жас кәсіпкерлер миллион теңгелік грант алды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткізілетін «Бизнес кеңесші» жобасының түлектері, Қарағанды облысының ауылдарында тұратын жас кәсіпкерлер облыс әкімдігі тарапынан миллион теңгелік қайтармысыз грант алды.
«Бизнестің жол картасы-2020»: ауылдық жас кәсіпкерлер миллион теңгелік грант алды

Жастар жылы аясында Қарағанды облысы Ұлытау ауданында өткен ауыл жастарының Халықаралық  форумына облыс пен өзге де өңірлерден және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен жас ауыл кәсіпкерлері қатысты.

«Бизнес кеңесші» жобасы мемлекеттік бағдарлама арқылы грант алуға жол ашады

Халықаралық форум барысында, ауылдық жас кәсіпкерлер оның ішінде «Бизнес кеңесші» жобасының түлектері Қарағанды облысы әкімінің қолынан миллион теңгелік грант алды. Облыс әкімнің арнайы қайтарымсыз милллион теңгелік грантын алған жас ауыл кәсіпкерлері қатарында – Бұқар жырау, Жаңаарқа, Ұлытау, Нұра, Шет ауданынан келген 10 шақты жігіт пен қыз болды. Болашақта олар бұл қаражатты өз ісін дамытуға жұмсамақ.  

Ауылдық жас кәсіпкерлерге өз ісін дамыту үшін берілген грантты Қарағанды облысының әкімі салтанатты түрде табыстады. Грантқа үміткерлер байқау арқылы таңдалған. Үміткерлердің барлығы «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқығандар. Олар бизнес жүргізу бойынша сабақ алып, алдын-ала дайындықтан өтіп, арнайы комиссия алдында өздерінің бизнес жобаларын қорғап шыққандар. Ұсынылған жобалардың аясы кең. Онда сүт өңдеу мен машина жөндеуден бастап, клинингтік қызметтерге (үй-жай тазалау) және туристік маршруттарды ұйымдастыру салаларына дейін қамтылған.

«Грант алғандардың қатарында Бұқар жырау ауданының тұрғындары Жалғас Қабылқайыр, Тадей Самсонов, Жаңаарқа ауданынан Бекмұрат Алпысов, Ерқанат Нұрғали, Мейрамбек Салықпаев, Ұлытау ауданының жас кәсіпкері Сағадат Мұхамбетов, Шет ауданынан Сая Олжатай, Әлішер Серікбаев, Нұра ауданынан Қанат Әбдіғапар, Анастасия Қалаева ие болды. Сонымен бірге форум барысында жастар саясатын дамытуға үлес қосқан белсенді өңір жастары да марапаттаудан тыс қалған жоқ», - деген мәлімет берді «Атамекен» ҰКП.

«Бастау» жобасының арқасында шағын наубайхана ашқан Сая Олжатай ісін кеңейтіп, бүгінде миллионға ие болды. Әкімнен грант алған ол енді өз ауылында асхана ашуға ниетеніп отыр.

«Екі жыл бұрын аудандық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгіндім, онда олар маған «Бастау» жобасының өңіріміздегі жүзеге асырылуы туралы айтып беріп, сондай-ақ бизнесті жүргізудің негіздері бойынша тренингке қатысуға шақырды. Оған дейін нан тапшылығын жою арманым еді. Сол себепті нан пісіру жабдықтарын сатып алу, қажетті құбыр, коммуникацияларды жүргізу, сондай-ақ шикізаттың алғашқы партиясын сатып алу үшін маған біраз ақша керек болды. Бас-аяғы – 3 миллион теңге. Жобама дереу қолдау көрсетіліп, ауылға қажет және маңызды жоба облыс әкімінің үш миллион теңге көлеміндегі грантын ұтып алды. Содан кейін осы "Бизнес-Кеңесшіде"-де оқығаннан кейін 50 орындық асхана ашу мақсатым бар. Осының арқасында Қарағанды облысы әкімі 1 миллион теңге көлемінде грант берді. Қазақстандықтарға айтарым – қорықпай оқып-үйреніп, арманды іске асыруға тырысу қажет», - ауылдық жас кәсіпкер Сая Олжатай.

«Атамекен» ұлттық кәсіпккерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері 349 адам «Бизнес-кеңесші» курсын өткендігі туралы сертификаттарға ие болды, сонымен қатар atameken.academy.kz сайтында қолжетімді «Интернеттегі бизнес-кеңесші» сертификатын 249 адам алды. Олардың ішінде аталған грант иегерлері де бар.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қалай грант аламын?

««Бизнес-кеңесші» курсынан өтіп, сертификатын иелену - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттар алуға жол ашады. Аталмыш сертификат  - бизнесті жаңадан бастаушылар мен жас кәсіпкерлерге несиеге ішінара кепілдік беру үшін де ұсынылады. Сонымен қатар, егер сіз екінші деңгейлі банктерден стартап-жобалар үшін несие алғыңыз келсе де, бұнда алған біліміңіз міндетті түрде қажет болады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мұратбек Мұхатаев.

Айта кетейік, Ауыл жастарының форумы 22 тамызда ашылып, үш күнге созылды. Форум аясында «Жастар ордасы» зтноқалашығында Кәсіпкерлер палатасының "BASTA" атты секциясы ұйымдастырылды. Жас кәсіпкерлер, Қарағанды облысының «Жас кәсіпкер» жобасының тыңдаушылары табысқа жетудің құпиясымен бөлісті.

Қарағанды облысының әкімдігінің мәліметінше, дәл осындай Жастар форумы 2018 жылы Бұқар Жырау ауданында өткен. Ол кезде де әкім ауылдық жас кәсіпкерлерге өз ісін ашуға облыс әкімінің грантын табыстады. Миллион теңгелік грантқа ие болған жас кәсіпкерлер Жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған бір жұмыссызды қарамағына жұмысқа алып, бес ай бойы 40 000 теңге көлемінде стипендия төлеп тұруы тиіс.

P.S. «Бизнес кеңесші» жобасы кәсіпті жаңадан бастаушылар мен ісін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге арналған қысқа мерзімді екі күндік курс. Оған қатысушылар бизнесті қалай бастап, қандай бизнес жоспар құру, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері, маркетингтік қызмет дағдыларын үйрену, қаржыландыру, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік тәуекел, кәсіпкерлерге арналған IT секілді салалар бойынша білім алады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өткізілетн экспресс курс соңында қатысушылар белгіленген үлгідегі тіркелген куәліктер алады. Осы «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша сертификат иесі – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға мүмкіндік алады. Жоба тыңдаушылары оқу және оқу-әдістемелік құралдармен, шағын бизнесті құру идеялары бойынша анықтамалық материалдармен тегін қамтамасыз етіледі. «Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысқыңыз келсе, мына сілтемеден өтіңіз.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды