• Басты
  • Қандай ауыл мектептері мен ауруханалары сапалы интернетке қосылады
26 Тамыз, 2019 17:22

Қандай ауыл мектептері мен ауруханалары сапалы интернетке қосылады

Ауыл мектептері мен ауруханалары жоғары жылдамдықты интернетке біртіндеп қосылып жатыр. Жаңа оқу жылында еліміздегі 250-ден астам ауыл мектебі мен 200-ге жуық аурухана жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Мұндай мәліметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі берді. 2022 жылға дейін Қазақстанда цифрландыру саласын дамытуға арналған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз ету, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру, көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда салаларына цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру, мемлекеттік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және IT-мамандарды даярлау бағыттарын қамтиды.
Қандай ауыл мектептері мен ауруханалары сапалы интернетке қосылады

Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола  және Түркістан облыстарындағы  200-ден астам шалғай ауылдық елді мекенге сапалы интернет жеткізу үшін 3 мың километр талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілген.

Енді жыл соңына дейін 685 ауылда орналасқан 2000-нан астам мемлекеттік орган, аурухана, мектеп, балабақша скілді бюджеттік мекемелер жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. "ҚР ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасы – "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

«Әрине, бұл жоба біздің еліміз үшін өте маңызды. Себебі Қазақстан халқын сапалы Интернетпен қамтамасыз еткен соң, цифрландырудың жоғары деңгейіне көше алуға мүмкіндік туады. Аталмыш шаралар ауыл оқушыларына түрлі бағдарламалар бойынша онлайн режимде  білімін жетілдіруге, дәрігерлерге телемедицина элементтерін өз тәжірбелерінде қолдануына жол ашады. Ал ауыл тұрғындары «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді үйлерінде отырып алу секілді басқа да көптеген цфирландыру жетістіктеріне қол жеткізеді», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі  министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.

Осы мақсатты жүзеге асур үшін "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" АҚ және "SilkNetCom" ЖШС құрамындағы консорциум өкілдері ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен "Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартына 2018 жылдың қазан айында қол қойған. Ал желілердің жалпы ұзындығы 20 мыңнан астам шақырымды құрап, оны жүзеге асыру нәтижесінде 1250 ауылда 3 718 мемлекеттік органдар мен (ауруханалар, мектептер, авариялық қызметтер, жергілікті атқарушы органдар, қорғаныс объектілері және құқық қорғау органдары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 56 атом бірлігі массасында орналасқан 177 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс қызметтеріне қосылды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдар сәтте  Елбасы цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуде аталмыш кешенді шара ең маңызды міндеттердің біріегейі деп атап өткен еді.

Елімізде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларда цифрлы қызмет көрсетуді  дамыту, дәстүрлі салаларға жаңа серпін беру мақатында қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгеруде.

Қазақстанда 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80 пайыз­ға дейін арт­тыру шаралары –  ұлттық экономиканы цифр­лан­­дыру, халықтың өмір сапасын арт­тыру бағдарламасын жүзеге асыру шең­берін­де іске асып жатыр. Сондай-ақ тұрғындардың 95 пайы­зын цифр­лы xабар таратумен қамту, азамат­тар­дың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру шараларын жүзеге асыру кезінде биылдың өзінде жыл соңына дейін елімізде 244 радио­телевизиялық станса іске қосылады.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды