• Басты
  • Сенаторлар үш өңірде не тындырды
26 Тамыз, 2019 15:41

Сенаторлар үш өңірде не тындырды

Бір топ Сенат депутаты өңірлерді аралап, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Депутаттардың Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарына сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.

Сенаторлар үш өңірде не тындырды | Strategy2050.kz

Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болды. Аудан орталығы Қандыағашта сенаторлар көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен, көп балалы отбасылардың мәселелерімен танысты.

Жергілікті кәсіпкер ашқан мектепке дейінгі «Бақытты бала» орталығында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар оқытылады. Аудан әкімі Асқар Шериязданов аудан орталығында демографиялық өсім қарқыны байқалатынын, бұрынғы жатақхана күрделі жөндеуден өтіп жатқанын, тоқсан пәтерлі тұрғын үй қазан айында пайдалануға берілетінін жеткізді. Сенаторлар, сондай-ақ аудан орталығындағы өнеркәсіптік-экономикалық колледжде болды.

Студенттер мұнда теориялық біліммен қатар тәжірибе жинақтағанымен, түлектерді жұмыспен қамтуда қиындықтар бар екені белгілі болды. «Nur Otan» партиясының ғимаратында мәслихат депутаттары, аудан ақсақалдары мен тұрғындар жергілікті өзін-өзі басқару заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтып, жастарды жұмыспен қамту, білім беру саласындағы реформалар, дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы және медицина қызметтерінің сапасы туралы ұсыныс, пікірлерін айтты.

 Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құрания Аймағамбетов ардагерлердің санаторийлерде емделу мәселесін көтеріп, ардагерлердің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды.

Депутаттар, сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж көп балалы аналармен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен кездесті. Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратовтың айтуынша, тұрғын үйге кезекте 1100 адам, оның ішінде 110 көп балалы аналар бар. Сенатор Марат Тағымов мемлекет тарапынан қабылданып жатқан көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы айтып өтті.

Мұхтар Жұмағазиев ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру жөніндегі мемлекет бастамалары туралы хабардар етті. Хромтау қаласында сенаторлар «Тау» агрофирмасы» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшысы Тимур Ибрагимовтің айтуынша, кәсіпорын ай сайын 36 атаулы дайын өнім өндіреді. «Milky Land» маркалы сүт өнімі республиканың алты аймағына жеткізіледі. Кәсіпорын екі ауысымда жұмыс істейді, жұмыскерлердің орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрайды.

Сапар барысында сенаторлар Хромтау тау-кен техникалық колледжінің техникалық базасымен танысты. Бұл оқу орны тау-кен өнеркәсібіндегі ескі білім беру орталықтарының бірі болып табылады. Колледжде қосарлы оқыту жүйесі енгізілген. Түлектері бәсекеге қабілетті, жұмыспен қамтылған және одан ары шетелде білім алу мүмкіндігі бар.

Ақжар ауылдық округінде сенаторлар аудандағы табысты астық шаруашылықтарының бірі болып есептелетін «Ақжар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Егіс алаңы 14 мың гектарға дейін кеңейді. Ауа райының құрғақтығына қарамастан шаруалық басшысы Қайрат Төлепбергенов бір гектардан 10 центнерге дейін астық жинауды жоспарлап отыр. Мәртөк ауданындағы көшпелі семинар барысында Ақтөбе облысындағы мал шаруашылығын, мал азығы өндірісін және көкөніс шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушылар «Алманов», «Нан», «Пригородное» шаруа қожалықтарының егістіктерінде болып, 2019 жылдың қыркүйек айында пайдаланылуға берілетін «Милкер» құрама жем зауыты құрылысының барысымен танысты. Кәсіпорын 2 527 гектар аумағында ірі және шырынды азықты қайта өңдеу және өндірумен айналысады. Семинар барысында ауылшаруашылығы қожалықтарының басшылары, сарапшылар пікір алмасып, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында ұзындығы 277 шақырым болатын Атырау-Астрахань автомобиль жолының құрылысымен танысты. Ондағы еңбек етіп жүрген қызметкерлермен, жергілікті тұрғындармен және жауапты мердігер компания басшыларымен кездесті.

 Атырау-Астрахань күре жолы мемлекеттік "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан жоба. Қазіргі таңда құрылыс басында 400-ден астам адам, соның ішінде, 200-дей жергілікті тұрғындар жұмыс істеуде. Сенатордың хабарлауынша, осы жылы 37 шақырым жолға асфальт төселеді деген жоспар бар.

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов сондай-ақ Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені салаларында өсетін лотос гүлі алқаптарында болды. Ондағы туристермен, кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдегі туризмді дамыту жайлы көптеген мәселелерді көтерді.

Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, туристердің көбеюуіне жол, қызмет көрсету сапасының төмендігі мен кәсіпкерлерге қолдау болмауы кедергі болуда.

Ал, Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында сенатор Дүйсенғазы Мусин Риддер қаласында болды. Сенатор №2 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Мұғалімдер өз тарапынан «Педагогтың мәртебесі туралы» Заң жобасына бірқатар ұсыныстарын айтты.

Д.Мусин, сондай-ақ «Золотая рыбка» және Риддер қалалық ауруханасының ұжымдарымен кездесу өткізді. Медицина қызметкерлері өз саласындағы мәселелері мен жетістіктерімен бөлісіп, кездесуде медициналық сақтандыру, цифрландыру және озық әдістемелерді қолдану реформалырының барысы талқыланды. «Алтай ботаникалық бағы» РМК қызметкерлері агроөнеркәсіп кешені саласындағы заңнаманы қалыптастыруға қатысты бірқатар сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.

Глубокое ауданында сенатор Д.Мусин ауданның агроқұрамаларының қызметімен танысып, аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі ауыл шаруашылығындағы реформалардың жүзеге асу барысына назар аударып, Парламентке ұсынылған «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң жобасы туралы шаруалар мен мәслихат депутаттарының пікірін сұрады.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық мәслихат депутаты, «Семена масличных» шаруа қожалығының басшысы Людмила Цыбенко сенаторға егістіктер мен тәжірибелік жер телімдерін көрсетіп, осы маусымда дәнді және майлы дақылдардың қандай сұрыптары мен будандары өсірілгені туралы айтып берді.

Сенатор, сондай-ақ Весёловка елдімекеніндегі «Виситаев» шаруа қожалығында болды. Шаруа қожалығының басшысы Тимур Виситаев ауылшаруашылығы техникасының паркімен таныстырып, күнбағыс, бидай және рапстың тәжірибелік жер телімдерін көрсетті.

«Осындай басшылардан үйреніп, ауылшаруашылығын дамыту керек», - деп атап өтті сенатор.
 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды