• Басты
  • Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі
26 Тамыз, 2019 10:47

Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтып, Сауд елі қазақ елінің ауыл шаруашылығына инвестиция құюға қызығушылық танытты. Күні кеше Сауд Арабиясының Рияд қаласында жүрген Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Саудтағы ауыл және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық компанияның басшысы Мэттью Дженсенмен кездесіп, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық орнату, елге сауда инвестицияларын тарту мәселесін талқылады. Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан ғарыш және экономиканың бірқатар салалары бойынша ынтымақтастықты дамытпақ.

Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі | Strategy2050.kz

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық

Елші ауқымды аграрлық сала компаниясының басшысына Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен агро-өнеркәсіп кешені туралы кеңінен әңгімелеп, бұл салаларды дамыту бағытында Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Сауд Арабиясындағы ауыл және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық компанияның басшысы Мэттью Дженсенді еліміздегі шетелдік инвесторларға берілетін жеңілдіктер, олардың құқықтары мен инвестицияларын қорғайтын заңнама мен тетіктер туралы шаралар қызықтырды. Елші Берік Арын алпауыт аграрлық компания басшылығына ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар инвестициялық жобаларды таныстырды.

ҚР Сыртты істер министрлігінің мәліметінше М.Дженсен агро-өнеркәсіп саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабыл алды.


«SALIC басшысы М.Дженсен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы мен Астана халықаралық қаржы орталықтарының қызметіне назар аударды. Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытқан ол –еліміздің ауыл шаруашылығы, агро-өнеркәсіп саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады. Жақын болашақта компания делегациясының елімізге сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткіздік», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі.


SALIC компаниясының құрылтайшысы – САК Мемлекеттік инвестициялық қоры болып табылады. Бұл компания корольдіктің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылып, ол ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және мал шаруашылығын жүргізуге қолайлы шет елдерге инвестициялар салумен айналысады. Аталмыш компания бүгінгі таңда SALIC Канада, Австралия, Украина, Еуропа және басқа елдерде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып келеді.
 

Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы ғарыш саласы бойынша ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммад әл-Джабер екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты кең ауқымды мәселелерді қарастырды.


«Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дәстүрлі достық, әріптестік қарым-қатынастары елеулі оң серпін алып отыр. Күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарымызды салыстырып, барлық салалардағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі де белсенді түрде арттыруға, Қазақстан-әмірліктер арасындағы екі жақты қатынастардың құқықтық негіздерін нығайтуға бірлесіп жәрдемдесуге ниеттіміз», - деді ҚР Сыртқы істер министрілігінің басшысы.
 

Кездесу барысында БАӘ Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Әмірліктерге сапармен келіп қайтуға шақырғаны белгілі болды.
Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысына дайындық келіссөздердің ерекше тақырыбын екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары тең төрағалары болып талқылап, тараптар бұл комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің басты тетігін қалыптастыруға келісімге келді.

Осы орайда ғарышты игеру бойынша бірлескен ынтымақтастық кең перспективалары ашатыны кездесудің басты талқыланған мәселелесі болды. Сол себепті екі тарап №1 алаңда («Гагариндық старт») «Союз» старттық кешенін және ұшыру қызметтерінің әлемдік нарығында сұранысқа ие «Союз-2» орта класты зымыран тасығышын жаңғырту жолымен «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жобаның маңыздылығына орай Қазақстан және Әмірліктермен Ресей Федерациясы да жобаның серіктесі болады.

БАӘ ғарыш саласын дамытуға қолдау көрсеткені және ынтымақтастығы үшін Әмірлік тарап Қазақстанға алғыс білдіріп, 25 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан бірінші әмірлік ғарышкер Хазаа әл-Мансуридің ұшуы жоспарланып және осы стартқа орай БАӘ Жоғары білім беру мемлекеттік министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Ахмад Белхул Әл Фаласи қатысатын болды.

P.S.

Өткен жылғы Опек рейтингісіне сәйкес, Сауд Арабиясы әлемде мұнай өндіруден үшінші орынды иеленді. Мұнай қорына бай ел. Астанасы – Әр-Рияд қаласы. Халқының саны – 33 миллионнан асады. Бұл елде мұсылмандар қасиетті деп санайтын Мекке, Медина қалалары орналасқандықтан туризм дамып отыр. Жыл сайын Сауд Арбаиясына келетіндердің саны 16-18 миллионға жуық. Ал Қазақстанға жыл сайын 6-7 миллионға жуық адам келеді. Олардың басым бөлігі жеке мақсатта және жұмыс бабымен келсе, туристтік мақсатта келетіндердің саны 100 мыңға жетпейді.

Ал, Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикасының негізгі тіректері – мұнай мен газ, туризм саласы. Халқының саны – 9,5 миллионнан асады, астанасы – Абу-Даби. БАЭ-нің бір қаласы Дубайдың өзіне жыл сайын 16-20 миллионға жуық турист келеді.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды