• Басты
  • Венчурлік қаржыландыру және «Astana Hub» халықаралық технопаркі қалай жұмыс істейді
26 Тамыз, 2019 11:02

Венчурлік қаржыландыру және «Astana Hub» халықаралық технопаркі қалай жұмыс істейді

2018 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді. Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс» деген.
Венчурлік қаржыландыру және «Astana Hub»  халықаралық технопаркі  қалай жұмыс істейді

Елбасының бұл тапсырмасын іске асыру мақсатында бір айдан соң пилоттық режимде «Astana hub» IT-startup-тардың халықаралық технопаркі ашылды. Сол жылдың қараша айында оның ресми тұсаукесері  өтті. 

Astana Hub ашылған сәттен бері АT-стартаптарға 29 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі күні технопарк 100%-ға толық, 260-тан астам жоба, яғни 1000-нан астам адам инкубация және акселерация бағдарламаларынан өткен.

Стартаптарды әрі қарай зерттеу және білім беру жағынан қолдау көрсету үшін технопаркте CISCO, IBM, Huawei, Intellisense сияқты компаниялардың 16 R&D-орталық ашылды.

Бұл орталықтарда кеңес беру, техникалық сараптама жүргізу, арнайы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер қолжетімді. Жаңашыл қызметкерлер үшін тұрақты негізде білім беру іс-шаралары өткізіліп тұрады. Ұйымдастырылған 122 кездесуге 2500-ге жуық тыңдаушы қатысқан.

Бұл қазіргі күннің жетістіктері. Осындай нәтижелерге қол жеткізу үшін осы екі жылда бірқатар күрделі жұмыстар іске асырылған. Екі заң актілері қабылданды.

Біріншісі.  Елімізде іске асырылып жатқан инновациялық экожүйенің маңызды даму құрауышы - венчурлық қаржыландыру туралы заң. Онда венчурлық қорларды мемлекетпен бірлесіп қаржыландыру арқылы қолдау көрсету көзделген. 

Қарапайым инвестициялардан қарағанда (құралдарды өтеудің белгілі бір кепілдіктерін қарастыратын), венчурлық қаржыландыру кезінде әр нақты бастамаға инвестицияларды жоғалту ықтималдығы жоғары. Табыстылыққа сәтті инвестицияларға жоғары кірістің арқасында қол жеткізуге болады.

Венчурлік қаржыландыру жүйесі ерте кезеңдердегі инновациялық жобаларға жаппай инвестицияларды («бизнес-періштелерден» стартаптарға инвестициялар (ауқатты жеке тұлғалар немесе инвестициялаудың сәйкес тәжірибесі бар инвестициялық компаниялар), краудфандинг (crowdfunding) немесе краудинвестинг (crowdinvesting), сондай-ақ, венчурлік қорлардың (заңды тұлғалардың құрылуымен немесе оларсыз кәсіпкерліктің ерекше нысандары) тарапынан жобаларды іске асырудың кеш кезеңдеріндегі инвестицияларды қосады.

Венчурлік қаржыландырудың барлық жүйесінің табысты жұмыс істеуі және дамуы екі негізгі факторға тікелей байланысты:қолжетімді және әртүрлі нысандарда мемлекеттік ынталандырудың шаралары мен механизмдері нарығының талаптарына сәйкес келетін (салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік кепілдік бағдарламалары және венчурлік жобаларға тікелей және (немесе) мемлекеттік даму институттары арқылы бірлесіп қаржыландыру);инвестициялау, оларды басқару, инвесторлардың кәсіпкерлік тәуекелдерін азайту үшін қорғау инструменттерінің әр түрлі тәсілдері мен нысандарын құруға мүмкіндік беретін икемді азаматтық заңнама.

Заң қабылданғанша дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жоғарыда аталған негізгі факторларды қамтымаған және көптеген параметрлер бойынша венчурлік капитал нарығын реттеудегі жалпы әлемдік заңды үрдістерге сәйкес келмеген.

Бұл жағдаяттар инновациялық жобалардағы тәуекелді инвестицияларға қатысты кәсіпкерлік ортаның пассивтілігіне алып келген. Өз кезегінде, венчурлік қаржыландыру мәселесінде кәсіпкерлердің пассивтілігі, Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі мен шетелге зияткерлік ресурстардың ағып кетуіне алып келген.

Заңда жеке венчурлік капитал нарығын дамытуды ынталандыруға бағытталған бірқатар жаңа енгізілімдер көзделген. Ең алдымен, заң ұғымдық аппаратты енгізуді және венчурлік қорлардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін анықтауды көздейді. Осылайша, венчурлық қорға, венчурлік қаржыландыруға және венчурлық басқарушыға заңды түрде анықтама беріледі.

1. Венчурлық қаржыландырудың мемлекеттік ынталандыру шаралары мен механизмдері. 

Атап айтқанда, инвестициялық іс-әрекеттерді инновациялық жобалардың ерте және кеш кезеңдерінде ынталандыратын бірқатар салықтық шаралар мен механизмдер кешенін қарастырылды. Яғни, венчурлік қорлар төлейтін дивидендтерге (кез келген нысанда, заңды тұлғаларды құрумен немесе құрусыз) тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорларына қолданылатын салық салыну режимін қолдану көзделген.

Сондай-ақ, инновациялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде (соның ішінде бастаушы жобалар) негізгі бизнес-қызметтен түскен жиынтық табыстардан инвесторларға арналған шығыстарды шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Оған қоса, инвестицияларды және (немесе) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау механизмдеріне қатысты (және осы мақсаттар үшін мұндай механизмдерді қолдану салалары ерте сатылардан бастап әртүрлі нысандардағы инновацияларды қолдау үшін кеңейтілуі керек) заңнамаға (Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңы және өзге қосалқы заңдар), сондай-ақ, мемлекеттің немесе квазимемлекеттік сектордың венчурлік жобалар үшін арнайы мақсатты қайырымдылықтарды бөлу мәселелері бойынша өзге де заңдарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2. Азаматтық заңнаманы дамыту

Азаматтық заңнамаға және инвестициялық қорлар туралы заңнамаға венчурлік кәсіпкерлікті заңды тұлға құру арқылы (әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда, акционерлік қоғамдарға қосымша ретінде) және заңды тұлғаларды құрмай жүргізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (мысалы, өздерінің қатысушыларының жауапкершілігін бөлу және басқару ерекшеліктері бар қарапайым серіктестіктің басқа түрлері).

Сонымен қатар, венчурлік кәсіпкерліктің барлық түрлеріне осындай өзгерістер мен толықтырулар инвестицияны басқаратын тұлғалардың венчурлік кәсіпкерліктердегі қолданыстағы және әлеуетті инвесторлармен өзара әрекеттесуін, соның ішінде олардың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша белгілі бір талаптарды белгілеуді, сондай-ақ біліктілігі жоқ инвесторларды қорғау шараларын қамтиды.

Заңда сондай-ақ заңнаманы одан әрі жетілдіруге және жеңілдетуге, жүйелік венчурлық қаржыландырудың пайда болуына және дамуына ықпал ететін реттеушіліктердегі бос орынды толтыруға бағытталған басқа да түзетулер көрсетілген. Мұндай түзетулер, атап айтқанда, тәуекелдер капитал нарығында инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту мақсатында, сондай-ақ инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында патенттік жүйені дамыту және зияткерлік меншікті одан әрі қорғау туралы заңнамаға түзетулерді қамтиды.

3. Венчурлік қорлар қаржыландыратын инновациялық жобаларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау тәсілдері өзгерді.

Атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында мемлекет қаржыландыратын венчурлік қор жобаларының барлық портфелінің нәтижелері ескеріледі. Осылайша, жеке инвесторлар дамудың бастапқы кезеңіндегі тәуекелді жобаларды сенімді түрде инвестициялау мүмкіндігіне ие болды.

Инвесторлар, венчурлік басқарушылар, венчурлік қорлар және инноватор-кәсіпкерлердің өкілеттіктерін және міндеттерін орындаған кезде арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін заңмен корпоративтік құқықтың жаңа келісімшарттық құралдарын енгізу қарастырылған. Бұл түзетулер ағылшын заңының элементтерін заңнамаға енгізуге мүмкіндік береді. Аталған келісімшарттық құралдар мен құрылымдар венчурлік қаржыландыру үшін пайдаланылады, бірақ заң қабылданбағанша азаматтық заңнамамен толық реттелмейді. Оларды пайдалану мүмкіндігінің болмауы Қазақстанда венчурлық мәмілелерді жасауға қиындық тудырды.

Бұдан басқа, венчурлық кәсіпкерлікті жүргізетін заңды тұлғалар қатынасында банкроттық рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған түзетулер қарастылады.

Осы заң аясында «QazAngels» бизнес клубы мен жақында екі венчурлық қорды іске қосуды жоспарлап отырған «QazTechVentures» сияқты қолдау институтын құруға мүмкіндік берді. Бұл ретте бұл инвестициялар бүгінгі күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында рәсімделе алады және тәуекелдік инвестициялар саласы үшін «алтын» стандарт болып табылатын ағылшын құқығы принциптерімен реттеле алады.

Жалпы заңның қабылдануы жеке венчурлік капитал нарығын дамытуды ынталандырады, цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін қалыптастырады, шетелдік инвестицияларды және интеллектуалдық ресурстардың ағынын тартады.

Екіншісі. Қатысушыларға жеңілдікті салық режимі белгіленді.

2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Ол тіркелген қатысушыларды бірқатар негізгі салықтарды төлеуден босатады:

• есептелген корпоративтік табыс салығы;

• қосылған құн салығы;

• технопарк қатысушысының қызметкерлері төлейтін жеке табыс салығы;

• ҚҚС немесе ЖТС Қазақстан Республикасында резидент арқылы табыс көзі, роялти;

• технопарк қатысушыларынан алынған дивидентер Технопарк қатысушылардың құрылтайшыларының жылдық жиынтық кірісі сомасынан жойылады, акция құнының өсуі  немесе Технопарк қатысушыларының үлестерінің  сомасына табыс салығын сомасы кемітіледі.

• Резидент еместердін салық салуы Технопарк қатысушыларынан алынған дивидентер және акция құнының өсуі  немесе Технопарк қатысушыларының үлестерінен 5 процент салық ставкасымен жүзеге асырылады. 

• 2020 жылы резидент емес қызметкерлерге әлеуметтік салық төлеуден босатуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Astana Hub қатысушыларына қатысты шетелдік жұмысшыларды тартуға айтарлықтай жеңілдік қарастырылған:

• шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болмауы;

• жұмыс визасының жарамдылығы - 5 жыл.

Astana Hub-та қандай кәсіпорындар қызмет атқарылады, онда қандай салықтың жеңілдіктер бар? Осы сұрақтарға жауап берейік.

Astana Hub қалай жұмыс жасайды?

Astana Hub – IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Технопарк үшін жарамды аумағы 10 мың шаршы метрден асатын ЭКСПО-2017 павильоны бөлінген. Бірегей ғимарат төрт қабаттан тұрады. Олардың әрқайсысының мән-маңызы бөлек. Мәселен, бірінші қабаты инкубация алаңы аталады. Мұнда бастауыш стартаперлер жайғасқан. ІТ саласында қандай да бір идеясы бар оларға жобаларын жетілдіру үшін бұл жерде жан-жақты қолдау көрсетілуде.  

Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдайлар жасалды. Ғимарат ішінде Түрлі шеберлік сыныптар мен тренингтер ұйымдастырылады. Білім беретін аймақ, коворкинг-кеңселер, келіссөздер бөлмесі, R&D-аймақтар, мәслихат залдары, технопарк серіктестері мен резиденттеріне арналған кеңселер және демалыс аймағы бар.        

Халықаралық технопарк жобаларды қаржыландырмайды. Тек ІТ-таланттарды бір алаңға тоғыстырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Оның жаһандық миссиясы — инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарын тарту үшін ошаққа айналу. Ел экономикасын нығайту үшін стартап мәдениетін дамыту және жоғары технологиялық жобаларды қолдау.

2022 жылға дейін бағдарлама аясындағы бірегей жұмыстарға 67 миллиард теңге қаражат құйылады деп жоспарлануда. Халықаралық деңгейдегі технопарктің жұмысын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жіті қадағалайтын болады. Басты ден жастарға қойылмақ. Ақылды, дарынды әрі талапты жастарға қолдау көрсетіліп, барынша жайлы жағдай жасалады.

Стартаптарды дамыту бойынша 2 бағдарлама бар. Оның біріншісі - акселерациялау, екіншісі - инкубациялау деп аталады.

Акселерация - бұл стартаптарды ерте кезеңде жедел дамыту процесі. Іріктеу талаптарына сәйкес келетін жобаларға бизнес көрсеткіштерін жедел арттыру үшін құралдар ұсынылады: табысты кәсіпкерлерден менторлық, трекинг, 300 сағат тренингтер мен консультациялар, нарықтың үздік командаларымен networking, парт-тайм әзірлеушілер, тегін кеңсе кеңістігі және БАҚ-та PR-жылжыту.

Инкубация - бұл жас IT-жобаларды инкубациялық дамытудың кешенді бағдарламасы. Мұнда қатысушыларға келесілер қол жетімді: бірыңғай коворкинг, инвестиция тартуға жәрдемдесу, білім базасына қол жеткізу, сарапшылардан кеңес беру және БАҚ-та алға жылжыту. Жобаға қатысушыларды Astana Hub технопаркіндегі акселерацияға дайындайды.

Оған қоса Astana Hub білім беру басмаларды іске асырады. Alem атты технологиялық және бағдарламалық мектеп ашылды. 

Кім оның қатысушысы бола алады?

Ақпараттық-коммуникация технологиялар саласында табыс алатын заңды тұлғалар (қазақстандық және шетелдік). Қазіргі уақытта 103 компания тіркелген. Бірақ қатысушы болу үшін бірнеше шарттары бар. Мысалы, оның филиалдары болмауы тиіс, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушысы немесе жер қойнауын пайдаланушы болмағаны да абзал.

 Оған қоса олардың қызметі ақпараттық-коммуникация саласындағы басымдық қызмет түрлеріне жатуы тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

Өтінішіңізді және құжаттарыңызды қабылдағаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде Комиссия өз шешімін хабарлайды. Содан кейін, технопаркепен тиісті мәміле жасалып, онда қызмет атқарудың негізгі шарттары көрсетіледі.

«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар ретінде тіркелген;

2) кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алатын заңды тұлғалар жатады.

Көзделген шарттар мен шектеулер бұзылған жағдайда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тіркелген күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.

Қайсар НОҒАЕВ 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды