• Басты
  • Елбасы тапсырмасы: Үкімет кешенді іс-шараларды қалай жүзеге асырады
23 Тамыз, 2019 17:31

Елбасы тапсырмасы: Үкімет кешенді іс-шараларды қалай жүзеге асырады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан. Назарбаев биыл 21 тамызда Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында бірқатар тапсырмаларды жүктеген болатын. Үкіметте өткен баспасөз отырысында өкілетті орган өкілдері тапсырмаларды жүзеге асыратын іс-шаралар туралы айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Елбасы тапсырмасы: Үкімет кешенді іс-шараларды қалай жүзеге асырады | Strategy2050.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Nur Otan саяси кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет белгілі іс-шараларды қабылдағанын атап өтті.

«Үкіметтің міндеті қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту.  Биыл қазақстандықтардың жалақысы екі есеге өсті. Жалпы, есептеп қарайтын болсақ, 3 млн-нан астам қазақстандықтардың жалақысы  15 пайыздан  30 пайызға дейін көбейтілді. Ең үлкен тапсырма қазақстандықтарды жұмыспен қамту болатын. Қазір елде жүзеге асырылып жатқан  14 мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаев  биыл кем дегенде  373 мың жұмыс орны ашылу керегін айтты.

«7 айдың қорытындысы бойынша ол тапсырма 60 пайызға орындалды. 150 мыңнан астамы тұрақты жұмыста, сұранысқа ие болмаған мамандарды сұранысқа ие болдыру үшін қысқамерзімді курстар ұйымдастырылған. Елде  еңбек бағдарламасы жұмыс істейді. Сондай-ақ,  «Бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» деген жобалар бар. Ол арқылы қанша маман жұмысқа орналасып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Оған қоса, микрокредиттік  гранттар бар, оған қоса Елбасының әлеуметтік  шарасына  сәйкес, қосымша тағы  15 мың грант берілді. Оның нәтижесінде олар өз кәсіптерін ашып, тұрмыстарын жақсартты. Ол шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 32 млрд теңге қаржы бөлінді», - деді Б.Сапарбаев.

Өз кезегінде   ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгінде Елбасының жала жабуға  қатысты жазаны күшейту тапсырмасы кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті.

«Елбасының алаңдаушылығы әлеуметтік  желілердегі аноноим парақшалар мен  фейк аккаунттардың шамадан тыс көбеюіне қатысты болып отыр. Олар азаматтардың ар-ожданы мен мәртебесіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бүгінде бұл   жалпыәлемдік тенденция. Мәселен, Германияда жақында  жалған ақпарат таратқан баспаға 50 млн еуроға дейін айыппұл салынатын болды. БАҚ-та жарияланған жала  үшін  5 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұл мәселені мойындамау ағаттық болатын еді», - деді Д.Абаев.

Сонымен қатар, министр бұл мәселемен тек Үкімет және  құзырлы органдар ғана емес, әлеуметтік желілердің әкімшілері де күресіп жатқанын айтты.

«Бүгінде заң аталған мәселені реттейді. Қылмыстық кодексте екі бап бар ол «Жала жабу туралы» 130  бап, 274  бапта жалған ақпаратты тарату туралы көрсетілген. Екі бап та фейк ақпаратқа қатысты тек, бірінші жағдайда адамның ар-ожданына нұқсан келген жағдайда қолданылады. Екіншіде қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін төндіреді. Елбасы өз сөзінде БАҚ-тың қатысуын айтты. 130 бапта 2 мың АЕК мен  2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жала жабуға қатысты қолданады», - деді ол.

Сондай-ақ, министр жалған ақпаратты әскери шаралар кезінде   таратуға  қатысты 274 бапта 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы бар екенін атап өтті.

«Тапсырма  бір    күн бұрын берілді. Біз мәселені зерттеп жатрымыз. Міндетті түрде Бас прокуратура, Жоғарғы сот және құзырлы органдар, «Нұр Отан» фракциясымен  жұмыс жүргізіледі. Халықаралық тәжірибе зерттеледі. Бүгінгі айтылған екі заңның редакциялары әлемдік тәжірибеге сай. Біз жазаны қатты жеңілдетіп те, қиындатып та отырған жоқпыз. Сондықтан да, біз  барлық назарды қолдану тәжірибесіне арнап, оны жетілдіруге жұмыс істейміз», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар,  Елбасы  «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында телефондық құқықтың  болмауы тиіс екенін айтып, шенеуніктер редакторларға қысым көрсететінін айтты. Бұл мәселені  Дәурен Абаев жоққа шығарған жоқ.

«Телефон қоңырауларына» қатысты  талдау жұмыстарын жүргіземіз. Бас редакторлармен бәлкім бірігіп, қанша қоңыраудың келгенін айқындау керек болар. Біз мұндай жағдайлардың қалайда болғанын жасырмаймыз. Десе де, қоңыраулардың көбі мемлекеттік органдардың позициясын түсіндіруге қатысты болғанына шүбә келтірмеймін. Демек, кейде журналистер кемшілікке немесе қателікке жол беруі мүмкін. Тиісінше, мемлекеттік органдар оларға хабарласып, түсіндіруі, пысықтауы ықтимал. Елбасы да, Мемлекет басшысы да атап өткендей, біздің елдің дамуы еркін БАҚ-сыз мүмкін емес. Дәл тілшілер – мемлекеттік органдар назар аударуы тиіс мәселелерді меңзейтін мамандар болып саналады», - деді Дәурен Абаев.

Ал  ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  Елбасы білім мен ғылым саласына қатысты біраз тапсырмалар бергенін атап өтті.

«Қазір сол тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Жемқорлықпен күрес мәселесі қоғамда   қызу  талқыланып, қолдауға  ие болды. ЖОО-ларда  жемқорлықты жою туралы Елбасы қатты айтты. Алдымызға мақсат қойды. Біз бұл жұмысты бірнеше тараптан жүргізіп жатырмыз. Биыл магистратураға түсу бойынша жаңа формат енгіздік. Оның жақсы нәтижесі бар», - деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар, БҒМ басшысы  Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен қоғам өкілдері мен бақылау топ мүшелерін біріктіріп ашық емтихандар өткізілгенін айтты.

«Жоғарғы оқу орындарының сапалы білім беруін қамтамасыз  ету үшін тағы да жұмыс жүргізіп жатырмыз. Үш университетті тексердік, олардың лицензияларын алу бойынша шешім қабылдауды қарастырып жатырмыз. Жалпы, осындай жұмыс одан әрі жалғасын табады. Сонымен қатар, емтихан тапсыру  кезінде жемқорлыққа жол бермеу бойынша кешенді жұмыс жүргіземіз», - деді министр.

Сонымен қатар министр Елбасының  2013 жылға дейін  75 мың жатақхана орынын тапсыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Биыл  жоспар  5 мың болатын, қазір  4500 орынды бердік. Жыл соңына дейін  8500 жаңа орынды тапсырамыз деген мақсат бар. Осы тапсырма бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. ТжКБ бойынша қамту  30 пайызға артты. Қазір 3 мамандыққа дейін алып шығуға болады», - деді ол.

А.Аймағамбетов ауылдарда не жұмыс істемейтін, не оқу оқымайтын балаларға  қатысты  мәселені қаузады.

«Қазір ол бойынша мобильді  оқу орталықтары  жұмыс істеп жатыр. Тиісті мобильді оқу орталықтары шалғайдағы ауылдарға барып осы жұмыстарды жүргізеді. Бұл бағыт бойынша жүйелі жұмыстар әзірленетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша,  жұмысшы мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы  30 пайызға артқан болатын. Былтыр оларға тегін тамақтану ұсынылған  еді.Жұмыс әлі де жалғасуда», - деді жатыр.

Айта кетейік,  саяси кеңес отырысында  Елбасы жоғары оқу орындары ректорлары бір орында 10-20 жылдан отырмауы керектігін, жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын басшылардың тағайындалуын, сонымен бірге БАҚ басшыларына жергілікті әкімдіктер, шенеуніктер қысым көрсетпеуін, министрлер мен әкімдерді елдегі мәселелерді жасырмауға шақырып, мәжіліс пен мәслихатта жастардың көбірек болуы тиіс екендігін алға тартты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды