• Басты
  • Ауыл-ел бесігі: Ақмола облысында қандай жобалар жүзеге асты
23 Тамыз, 2019 16:05

Ауыл-ел бесігі: Ақмола облысында қандай жобалар жүзеге асты

2019-2021 жылдары ауылдарды дамыту үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына 2019 жылы Қазақстан бойынша 30 млрд теңге, ал жалпы жергілікті бюджеттен шамамен 4,7 млрд теңге бөлінеді. Ал Ақмола облысы бойынша аталмыш бағдарлама аясында 2019 жылы 19 жобаны жүзеге асыру жоспараланып отыр.
Ауыл-ел бесігі: Ақмола облысында қандай жобалар жүзеге асты | Strategy2050.kz

Ақмола облысындағы ауыл-аймақты аралап, инженерлі-коммуникациялық инфрақұрлым барысымен танысқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауылдағы ағайын лайықты өмір сүруі үшін, оған жағдай жасау керектігін айтады.

«Жөндеу жұмыстарының барысымен танысып жатырмын. Қазіргі таңда Ақмола облысы Аршалы ауданындағы үш негізгі көшеде бұрын-соңды болмаған асфальт төсеу, бірқатар көшелерге жол төсеу жұмыстары аяқталды. Тротуарларды жөндеу, күн батареялары бар көше шамдарын, автобус аялдамаларын, көше белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жөнделген аумақтың жалпы ұзындығы - 7 шақырым. Жобаның құны - 256 миллион теңге. Жергілікті әкімдерге жұмыстардың тек сапалы орындалуы қажет екеніндігін ескерттім. «Нұр Отан» партиясының соңғы саяси кеңесінде Елбасының өзі жүзеге асырылып жатқан  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы ауылдарды дамыту деңгейін көтеру керек екенін еске салды. Ауыл тұрғындарына лайықты жағдай асап, өмір сапасын арттыруымыз маңызды», - деді Ермек Маржықпаев.

Тамыз айында Аршалы ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешенінін құрылысы баталған. Аталмыш жобаның құны - 833 миллион теңге. Құрлысты салып атқан мердігерлермен кездесуінде облыс әкімі нысанды тапсыру мерзімдері мен жұмыс сапасына назар аударып, аудан тұрғындары бұл нысанды бірнеше жыл асыға күтіп жүргендіктен шын ниетпен жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар Ермек Маржықпаев орталық жылыту қазандығын пайдалануға беру тездетуді, жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды. аталмыш объект құрылысына «Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша 133 миллион теңге бөлінген екен. Сондай-ақ, ауылдағы 271 миллион теңгеден астам сомаға №2 орта мектепке күрделі жөндеу қарастырылған көрінеді.

Ал Шортанды ауданы Научный кентінде өткен облыс әкімдігінің көшпелі отырысында білім беру нысандарының жаңа оқу жылына және алдағы жылу беру маусымына дайындық туралы сұрақтар талқыланды.Білім бөлімінің бастығы Талғат Жүнісов болжамдық мәліметтерге сәйкес жаңа оқу жылында облыс мектептерінде шамамен 124 мың оқушы оқитынын, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының контингенті 16 мың болатынын алға тартты. Білім бөлімі басшысының айтуынша, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 білім беру ұйымын күрделі жөндеуге 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Барлық мектептерде 1 миллиард теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 6 мың баланы мектепке тасымалдау мәселелері пысықталған. Сонымен бірге 112 мыңнан астам білім алушыға ыстық тамақ ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 14 мыңға жуық бала жалпыға бірдей білім беру қорынан ақысыз және жеңілдетілген тамақпен 100% қамтылады. Аудан мектептерінде 14 841 мұғалім білім береді. Биылғы жылы қосымша 227 маман келіпті. Негізінен облыстағы барлық мектептер интернетпен қамытлған.  кең жолақты Интернетке қосылған.

«Жаңа оқу жылына уақытылы дайындалып, соның ішінде жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды, оқулықтарды, әдебиеттерді сатып алу және кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді облыс әкімі.

Ал, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Иван Юрченко тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік қызметтерді жылыту маусымына дайындау барысы туралы мәлімет келтірді.

«Нысандардың дайындығы 77%. Жұмыс барысы әдеттегідей жүргізілуде. Жанармай жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары барлық жерде мемлекеттік сектордың кәсіпорындарында өтті, көмір жеткізілуде. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарауы бойынша облыстық бюджеттен коммуналдық шаруашылықтарға мазут сатып алуға берілген өтінімдер 2,3 млрд. теңге. Бүгінгі таңда 79 ұйымның ғимараттарынан қазандықтарды алып тастау қажет және олардың 48-і «Орталық жылу тарату компаниясы» ЖШС-не берілді», - деді ол.

Ауыл-аймақтың жағдайымен танысып жүрген облыс әкімі ауыз сумен қамту мәселелесіне тоқталды.

«Аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жылу құрылыстарындағы жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтауды ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Тиісті облыстардың әкімдіктеріне Аршалы кенті мен Свободное ауылының қазандықтары мен жылу желілері, сондай-ақ қыста Нуринск топтық сумен жабдықтау жүйесінен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету керек», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев Целиноград ауданында тұрғындардың әлеуметтік желілерде көтерген бірқатар проблемалық мәселелерімен жергілікті жеріне бару арқылы танысты.

Целиноград ауданында болған көктемдегі су тасқыны кезінде Родина ауылына реконструкцияланатын кіреберіс автожолы әзірленген еді. Ақмешіт және Родина ауылдарындағы су құбыры құрлысы үшін үш жақты меморандумның шеңберінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, оған көпір құрылысы, өзен арнасын түзету және жарық орнату бойынша жұмыстар жүргізілмек. Ал, облыс әкімі Ермек Маржықпаев стратегиялық маңызы бар жол қатынасы жобасын сараптамаға тапсыру жұмысын тездетіп, көпір салу үшін қаражат іздестіретінін айтты.

Қарамеңді батыр ауылында,ы мектеп құрлысына қажетті жобалы-сметалық құжат әзірленіп, қысқа мерзім ішінде конкурс жарияланбақ.

Арайлы ауылында салынатын 300 орындық мектеп құрылысының құны – 758 млн теңге. Мектеп жылдың соңына дейін тапсырылмақ.

«Дегенмен, құрылысшылардың белгіленген мерзімде жұмысты аяқтайтынына күмәндімін. Бар-жоғы 25 адам жұмыс істеп жүр, шатырмен айналысып. Жұмыс күшін көбейтіңіздер. Бір бөлігі абаттандырумен айналысса, басқасы әктеу және басқа да жұмыс түрлерін атқаруы тиіс», – деп облыс әкімі Ермек Маржықпаев мердігерден құрлыс жұмысын уақытында тапсыруды талап етті. 

Сондай-ақ ол аудан әкімдігіне орындалып жатқан құрылыс-монтаждау жұмысының сапасын күнделікті бақылауына алуды жүктеді. Облыс әкімі Қосшы ауылына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеке бақылауындағы 1200 орынды жаңа мектептің құрылыс алаңымен танысты. Құрылысына 800 млн. теңге бөлінгенін алға тартып, қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз ету және объект құрылысының сапасына ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

««Чистые пруды» саябақ алабын сумен жабдықтау мәселесін шешу бойынша шараларды тездетіп жүзеге асыру керек және кентішілік жолдардың ахуалына тексеру жүргіздім. Қосшы ауылындағы 14,4 шақырымдық 11 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, ол мақсаттарға бюджеттен 403 млн.теңге бөлінген. Ал Талапкер ауылында Бейбарыс көшесі бойынша 800 метрлік учаскеде алдағы уақытта асфальт төсеу және су өткізу құбырлары салынып, жол жөнделеді. Күрделі жөндеу 2015 жылы жүргізілгенмен жерасты суларының және атмосфералық жауын-шашын әсерінен жол бұзылған. Сонымен қатар Ынтымақ ауылындағы жолдар жөнделетін болады», - деді әкім.

Облыс бойынша 2019 жылы  «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға және өңірде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға 2,7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініпті. Ақмола өңірінде 208 болашағы бар елді мекен анықталып, аталмыш елді мекендерде кешенді жұмыстар басталып кеткен. Өңір әкімдігі осы жылы бас-аяғы 19 жобаны іске асырмақ.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды