• Басты
  • СҚО әкімдігі ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге береді
22 Тамыз, 2019 19:12

СҚО әкімдігі ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге береді

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынып, салада оң өзгерістер орын алуда. Осыған дейін облыс әкім Құмар Ақсақалов облыста 200-ден астам дәрігер жетіспейтінін айтқан болатын. Енді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 миллион теңге, ал қалада қалатындарға 505 мың теңге көтерме жәрдемақы беретін болыпты.
СҚО әкімдігі ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге  береді

Солтүстік шенеуніктері дәрігер мамандардың мәселесімен ғана емес, қажетті сапалы медициналық қондырғылармен қамтамасыз ету шараларына мықтап кіріскен. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы ауруханаларды аралап, медициналық қондырғыларды жаңарту жұмысымен танысқан.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы Солтүстіктің денсаулық сақтау саласында заманауи және жоғары технологиялы медициналық қондырғыларды алу үшін 4 миллиард теңге жұмсалған. Бұл сома өткен жылдармен салыстырғанда 3 есеге жоғары.

Қазіргі таңда компьютерлi томографтар сатып алынған. Осы уақытқа дейiнгi сатып алынған компьютерлi томограф Тайынша ауданаралық ауруханасына жеткiзiлген. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында бұрын соңды болмаған цифрлi маммограф қойылып, емханаларға соңғы үлгiдегi рентген мен УЗИ орнатылыпты. 2019 жылдың соңына дейiн ангиограф пен МРТ сатып алынбақ.

Аталмыш заманауи аппараттар жоғары дәлдi диагностика жасайтын болады. Енді солтүстіктің медицина мамандарына бұл аппараттар ауруларды бастапқы кезеңде анықтауға мүмкiндiк бермекші. Сонымен қоса 66 дана жедел жәрдем аланып, олардың 20-сы қазіргі таңда ауруханаларға жеткiзiліп үлгердi.

Жыл басында СҚО-ға 226 дәрігер жетіспейтіні айтылған болатын. Бұл мәселені шешу үүшін облыс әкімдігі нақты, ауқымды шараларды қолға алыпты.  Қазіргі уақытта СҚО ауылдық жерлеріне 76 дәрігер қажет екен. Ал денсаулық сақтау басқармасы болса, облысқа 28 терапевт, 27 жалпы тәжірибе дәрігері, 21 педиатр, 15 анестезиолог-реаниматолог, сондай-ақ акушер-гинекологтар, хирургтер, дәрігер-зертханашылар жетіспейтінін жеткізді. Өткен жылы ауылдық жерлерге келген 40 маманға облыстық бюджеттен 1,5 млн теңгеден жәрдемақы тағайындаған. Одан бөлек келген мамандарға 168 мың теңгеден көтерме ақы беріліпті. Өзінің баспанасын салуға, я болмаса сатып алуға 3,6 миллион теңге бюджеттік несие қарастырыпты.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ауылға баратын дәрігер мамандарға биыл да 1,5 миллион теңге жәрдемақы тағайындамақ. Ал қалада қалатындарға берілетіні –  505 мың теңге.

«Жоспар бойынша облысымызға осы жылы 170 жас маман келмекші. Осы күнге дейiн 50 аса дәрiгер келген болатын. Сондай-ақ ауылдарға баратын дәрiгерлерге 1,5 миллион теңге, ал қалада қалатындарға 505 мың теңге көтерме ақы берiлетін болады. Онымен қоса «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» арқылы үй алуға бiз жас дәрiгерлерге 1 миллион теңгенiң сертификатын беремiз деп шештік», — дедi Құмар Ақсақалов.

Осы уақытқа дейін 90-нан аса медициналық маманға Петропавлдағы «Дәрігерлер үйінен» баспана берілген. Ауылдық жерлерге барған 15 дәрігер тұрғын үймен қамтылса, Астана және Қарағанды медициналық жоғары оқу орындарының 56 түлегімен СҚО жұмысқа келу туралы келісімге қол қойылған.

«Ендігі қызмет – аудан әкімдерінде, олар бас дәрігерлермен бірлесе жұмыс атқарып, ауылдардағы дәрігерлерге, соның ішінде салалық маман-дәрігерлерді баспанамен қамтуы тиіс. Осы бойынша, яғни дәрігерлерді елдімекендерге тартуы бойынша аудан әкімдерінің жұмысын әр тоқсанда бағалайтын боламыз»,- деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы 13 аудандық аурухананың тек біреуінде ғана штаттық қызметте кардиолог жұмыс істеп жатқандығын, ал қалғандары кардиологтың міндетін осы мамандық бойынша жарты жылдық қайта даярлықтан өткен басқа сала дәрігерлері қоса атқарып жүргендігін жеткізді.  Жалпы алғанда өткен жылы  солтүстік қазақстандықтарға мемлекеттік медициналық ұйымдарында 1,5 мың дәрігер мен 5 мыңнан астам орта медициналық қызметкер медициналық көмек көрсеткен.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды