• Басты
  • Алматы облысы жаңа оқу жылына қалай дайындалып жатыр
22 Тамыз, 2019 16:44

Алматы облысы жаңа оқу жылына қалай дайындалып жатыр

Алматы облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептеріне математиканы сингапурлық әдіспен оқыту жүйесі енгізіледі. Математиканы сингапурша оқытудың ерекшелігі, педагогтар дайындау мәселесі, оқу-әдістемелік материалдармен танысу облыс әкімі Амандық Баталовтың сингапурлық «Marshall Cavendish Education» баспасының өкілдерімен өткізген кездесуінің негізгі тақырыбы болды. Аталмыш баспаның математика мен нақты ғылымдарды оқытудың әлемге әйгілі әдістемесін енгізуде әлемдік тәжірибесі бар.

Алматы облысы жаңа оқу жылына қалай дайындалып жатыр | Strategy2050.kz

Сонымен қатар, құрамында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Үсен Сүлеймен, «Marshall Cavendish Education» компаниясының өңірлік директоры Хайри бин Абдулла және РФММ басқарма төрағасы Ғабит Бекахметов бар ресми делегацияны ілтипатпен қарсы алған облыс басшысы Амандық Баталов компанияның Жетісу өңірімен ынтымақтастық жасауға ниет еткеніне ризашылығын білдірді.

Кездесуде сөз алған Хайри бин Абдулланың айтуынша, «Marshall Cavendish Education» компаниясының өз саласында 60 жылдық тәжірибесі бар. Баспа бүгінгі күні әлемнің 75 еліне өз өнімдерін экспорттап отыр. Өзінің теңдессіз ғылыми-зерттеу әдісін оқу бағдарламасымен және кәсіби даму бағыттарымен біріктіре отырып, сыныпта, сонымен қатар одан тыс жерлерде де тиімді оқыту мен белсенді меңгеру технологиясын қатар қолданады.

Яғни электронды білім беру жүйесі арқылы пайдаланатын балалардың өз бетімен оқу әдістемесінің де маңызы зор. Бұл ретте «Marshall Cavendish Education» әдістемесінің ерекшелігі сол, математиканы меңгеру балабақшадан басталады. Мұнда жеке тұлғаны эмоционалды-әлеуметтік тұрғыда және жалпы дамыту басты рөлге ие.

Диалог барысында облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов алдын ала жүргізілген сауалнама барысында аталмыш бағдарлама облыс педагогтары арасында оң пікір қалыптастырылып үлгергенін атап өтті. Бірінші кезеңде бұл бағдарламаны балабақшалар мен бастауыш мектептерге енгізу көзделген. Бұл орайда компания өкілдері өңір мұғалімдерін даярлауға атсалысуға ниетті. РФММ өз тарапынан оқу-әдістемелік материалдарды қазақ және орыс тілдеріне аударуда қолдау көрсетпек.

Атап өтсек, Сингапур – мектеп оқушыларының математикалық білім деңгейі жағынан әлімдегі абсолютті көшбасшы.

Кездесуді түйіндеген Амандық Баталов бірінші кезекте қанша педагогты оқыту қажет екенін анықтап алу керектігін айтты. Облыстың білім мекемелеріндегі оқу процесіне математиканы оқытудың аталған әдістемесін енгізу мәселелерімен айналысатын арнайы мамандардан тұратын жұмыс тобын құру қажет. Алда алғашқы сынақты өткізіп, ары қарайғы қадамды анықтау мінеті тұр. Оң қорытынды алғаннан кейін келесі жылдың бюджетінен қажетті қаржыны қарастыруға болады.

«Барлық мәселелерді облыстық білім басқармасы қарастырып, зерделеуі тиіс. Бағдарламаны алдымен балабақшаларға енгіземіз. Бірінші кезекте педагогтарды оқыту мәселесін шешуіміз керек. Облыс оқушылары мектепте, соның ішінде математикадан ең үздік білім алуы тиіс. Осы бағытта нақты іске кірісуді тапсырамын», - деді А. Баталов.

Өз кезегінде Хайри бин Абдулла іскерлік кездесу үшін алғысын айтып, «Marshall Cavendish Education» компаниясы ынтымақтастық орнатуға, математиканы оқытуда жинақтаған білімімен және инновациялық тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін екенін айтты.

Сонымен қатар,  Алматы облысында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы жаппай жүргізілуде. Оған облыстың барлық аудан-қалалары, мекемелер мен ұйымдар, кәсіпкерлер, жеке азаматтар белсене қатысуда.

Биылғы жылдың 5 шілдесінен басталған қайырымдылық акциясы аясында облыста 12 463 балаға 140 млн. 770 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Соның 57 181 мың теңгесі - жергілікті бюджеттен, 83 589 мың теңгесі - демеушілер есебінен. Соның нәтижесінде материалдық көмекке мұқтаж балаларға мектеп құралдары, киім-кешек т.б. қажеттіліктер алып берілуде.

Сонымен қатар, Алматы облысында 50 мыңға жуық бала бірінші сыныптың табалдырығын аттамақ. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында өткен мұғалімдердің тамыз кеңесінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Білім саласының өзекті мәселелері мен алдағы міндеттер туралы мәселелер талқыланған жиында жасаған баяндамасында облыс басшысы Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Bіlіm jáne Gylym!» Республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуда жаңаша талаптар мен үдерістерге сай болу міндеттерін қойғанын атап өтіп, жаңа оқу жылындағы іске асырылуы тиіс іс-шараларға тоқталды. 

Бұл орайда оқу ісін қаржыландыру да жылдан жылға өсіп, жаңа мектептер қатары толыға түсуде. Мәселен, мемлекет қолдауының арқасында биылғы жылы облыста  білім саласының 20 нысаны, яғни 15 мектеп пен 4 колледж салынуда. Осы мақсатқа 9,9 млрд. теңге бөлінсе, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 8,2 млрд. теңге қарастырылған. 

«Алдын ала жүргізілген есептеулер бойынша жаңа оқу жылында 50 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Бұл ретте соңғы 5 жылда облыс халқының саны 300 мыңға артқанын айта кету керек.  Осыған байланысты қосымша шаралар қабылдауымыз керек», - деп атап өтті А. Баталов. 

Облыстық білім басқармасы, аудан, қала әкімдері жергілікті жерлердегі демографиялық және миграциялық көрсеткіштерді бақылап отыруды және жекеменшік мектептер салуға кәсіпкерлерді тартуда нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды.

Биылғы жаңа оқу жылында Алматы облысында 18 806 көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қосымша 450,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы 768 мектептің 75,3%, яғни 572-сінде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Бұл жайында бүгін Талдықорған қаласында өткен тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Кеңес барысында көп балалы және табысы төмен отбасылардың балаларына білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруға берілетін мүмкіндіктер молайғаны атап өтілді. 

«2019 жылы облыстың еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жергілікті бюджеттен жалпы конкурсқа – 170, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына жергілікті бюджеттен – 80, республикалық бюджет есебінен 540 білім беру гранттары бөлінді. Конкурстық комиссия шешімімен әкімдіктің 250 гранты, республикалық бюджеттен 331 білім беру гранты тағайындалды. Бұл жастардың сапалы әрі қолжетімді білім алуына, маман ретінде қоғамнан өз орнын табуына жасалған зор мүмкіндік деп білеміз», - деді А. Баталов. 

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектепке дайындық барысында материалдық қолдауға мұқтаж отбасыларының балаларына бір жарым айдың ішінде 140 млн. теңгенің көмегі көрсетіліп, мектеп құралдары, киім-кешек т.б. қажеттіліктер алып берілгенін атап өтуге болады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды