- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы оқу үрдісінде жаңа технологияларды белсенді пайдаланады - Б.Әбдірасілов
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы оқу үрдісінде жаңа технологияларды белсенді пайдаланады - Б.Әбдірасілов
«Мемлекеттік қызметкерлер ситуациялық жағдайларды шешіп, тәжірибелік тапсырмаларды шешеді. Осылайша оларда оқу барысында дұрыс шешім қабылдау қабілеті қалыптасады. Аталған элементтердің барлығын біз оқу процесіне енгізгіміз келеді. Себебі, осы жолмен ғана біз мемлекеттік органда қызметкерлерінің қабілеттілігін жандандырамыз», - деп ректор өз ойымен бөлісті.
Оның айтуынша, ғылыми зерттеудің жаңа деңгейі Академияға жоғары эталондағы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол ертеректе мемлекеттік қызметтегі және басқармадағы мамандардың біліктілігі өте төмен деңгейде бөлғанын тілге тиек етті. Сондықтан да Академия осы сала бойынша қарқынды зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен.
«Нәтиже бар, бүгінде осы мақсатта 203 ғылыми мақала жарыққа шықса, оның 23 халықаралық рейтинг беретін журналдарда басылған. Бұл біз үшін мақтанарлықтай жетістік», - деп ректор атап өтті.
Бұдан басқа, ҚР Президенті жанындағы Мембасқару Академиясы халықаралық әріптестікті дамытуда.
«Біз әлемде мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын белді мектептер мен ЖОО тығыз байланыста жұмыс істейміз. Францияның мемлекеттік қызметкерлер даярлайтын ENA мектебімен әріптестік орнату арқылы біз екі дипломдық білімге қол жеткіздік. Біз осы жоба аясында 2 жыл бойы жұмыс істеп, өткен жылдың аяғында іске асырылды. Осының арқасында біздің 7 магистрантымыз Францияның ENA мектебі мен Академияның дипломын алды», - деді Б. Әбдірасілов.
Айта кетерлік жайт, халықаралық пилоттық жоба аясында магистранттар алғашқы оқу жылы Академияда білім алды. Екінші жылы Францияда 4 модуль бойынша білімдерін жетілдіріп, жергілікті мемлекеттік органдарда іс-тәжірибеден өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті