• Басты
  • Қазақстандықтар қай салада көбірек тер төгіп жүр
21 Тамыз, 2019 19:18

Қазақстандықтар қай салада көбірек тер төгіп жүр

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше қазақстандықтардың 16,1%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Ал, ауыл шаруашылығында – 1 млн 221 мың адам, білім беру жүйесінде – 1 млн 102 мың және өндірісте – 1 млн 100 мың адам қызмет қылады.

Қазақстандықтар қай салада көбірек тер төгіп жүр | Strategy2050.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың екінші тоқсанында халық саны 18 миллион 478 мың адамды құраған. Халықтың ең көп саны - Алматы облысында ( 2 миллион 46 мың адам (11,1%), одан кейінгі орын - Түркістан облысында - 1 миллион 996 мың адам (10, 8%) және Алматы қаласында - 1,872 мың адам (10,1%).

ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің 2019 жылдың 2 тоқсанындағы ақпараттарына талдау жүргізген Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшыларының мәліметінше жұмыс күшіне жататын азаматтардың жалпы санының 95,2%-ы жұмыспен қамтылған.

 «Осы жылдың екінші тоқсаны қорытындысы бойынша, қазақстанда жұмыс күшіне жататын азаматтардың саны – 9 млн 205 мың адам болса, оның ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 8 млн 763 мың адамды қраған. Бұл жұмыс күшіне жататын азаматтардың жалпы санының 95,2%-ын құрайды. 2018 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда бұл санаттағы адамдардың саны 1,5 % өскенін айта кету керек. Жұмысбастылардың ең көбі – Алматы облысында, ол облыста 995 мың адам жұмыспен қамтылған. Алматы қаласы 935 мың адам жұмыспен қамтылса, Түркістан облысында 777 мың адам жұмыс істейді. Қазақстан бойынша аталмыш өңірлерде халық саны да, барлық жұмыс күшінің саны да жоғары», – деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының еңбек нарығын талдау департаментінің директоры Жақсылық Конанов.

         Экономика салалары бойынша қазақстандықтардың басым көпшілігі, атап айтқанда – 1 млн 409 мың адам сауда саласында жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында – 1 млн 221 мың адам тер төгіп жүр. Білім беру жүйесінде де қазақстандықтардың басым бөлігі қызмет етеді. Ол салада бас аяғы – 1 млн 102 мың еңбек етсе, өндірісте – 1 млн 100 мың адам қызмет қылуда. Аталмыш салаларда жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың жартысынан көбі шоғырланған.

         Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының мәліметінше, жұмыспен қамту бойынша алғашқы 10 салаға көлік және қойма шаруашылығы, – 639 мың адам, құрылыс, – 634 мың, денсаулық сақтау, – 501 мың, мемлекеттік басқару, – 487 мың, әкімшілік және қосалқы қызметтер, – 269 мың, өзге жеке қызметтер кіреді.

Сонымен көлік және қойма шаруашылығында 639 мың адам жұмыс істесе, құрылыста – 634 мың, денсаулық сақтауда – 501 мың адам, мемлекеттік басқаруда – 487 мың адам, әкімшілік және қосалқы қызметтерде – 269 мың адам қызмет қылса, өзге қызметтерде – 263 мың адам тер төгуде.

         «Өткен, яғни 2018 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халық санының негізгі өсімі тұрғын үй және тамақ өнімдері бойынша қызмет көрсету – 11,8%, басқа жеке қызметтер – 10,5%, сумен жабдықтау және қалдықтарды жою – 9,2%, өнер және ойын-сауық салаларында байқалды», - деді Конанов.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандар санының төмендеуі байқалған салалар қатарында: жылжымайтын мүлікпен операциялар саласы  – 4,7%, ақпарат және  байланыс – 2,4%, ауыл шаруашылығы – 1,2%.

Ал, 2019 жылғы екінші тоқсанның еңбек нарығына жүргізілген талдаумен Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сайтындағы мәліметімен таныса аласыз. https://iac.enbek.kz/ru/node/683

Бір айта кетерлігі, 1999 жылдың маусым айында ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемелекеттік қазынашылық кәсіпорыны құрылған еді. Ал 2011 жылдың қазан айында республикалық мемелекеттік қазынашылық кәсіпорыны – «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы болып өзгеріп, қайта жасақталды. Соңында 2016 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болып өзгертілген.

Қазіргі таңда аталмыш орталық қызметінің негізгі саласы – еңбек нарығын реттеу мен қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдау, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды