• Басты
  • Жастар жылы: Қазақстан мен Америка жастары тәжірибе алмасты
21 Тамыз, 2019 17:52

Жастар жылы: Қазақстан мен Америка жастары тәжірибе алмасты

Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы жобасы аясында Қазақстандық-Америкалық жастар форумы өтті. Шараға АҚШ жастар ұйымдарының өкілдері қазақстандық жастармен тәжірибе алмасуын талқылады.
Жастар жылы: Қазақстан мен Америка жастары тәжірибе алмасты

ҚР Ақпарат және  қоғамдық даму  вице-министрі  Данияр Есин  елімізде жастардың дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтты.

«Қазақстан мен Америка жастарының арасында  өзара байланысты арттыратын форумның өткені қуантады. Биыл Жастар жылы болғандықтан алдыңғы қатарлы тәжірибені алғымыз келеді. Белсенді жастар арасында қарым-қатынасты орнатып, біріккен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді ол.

Сондай-ақ, өз кезегінде АҚШ-тан келген жастар да өздерінің пікірлерін білдірді.

«Былтыр «Englısh for Zhastar» бағдарламасы арқылы Қазақстанға келдім. Бағдарлама арқылы Қазақстанның қандай керемет ел екенін білдім. Адамдардың ақжарқын екенін байқадым. Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрып жатырмын.  4 айдың жүзі болды. Мектептерде ағылшын тілін үйретіп жатырмын», - деді Қазақстанда ағылшын тілін үйретуші  Мерием Вебстер.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда жастар үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.

«Жастар фриланс ретінде де, тұрақты маман ретінде де жұмыс істеуге болады. Мен Нью-Йорк қаласының тұрғынымын. Қазақстанда жастарға   кеңінен мүмкіндік жасалғанын атьап өте аламцын», - деді ол.  

Ал, Қазақстанға алғаш келген америкалық студент өз әсерімен бөлісті. 

«Менің оқуым Орта Азия елдерімен байланысты, сондықтан да Қазақстан мені қатты қызықтырды. Қазақстанға келіп мәдениеті және бас қаласымен танысуға арнайы келдім. Осыған дейін Қазақстан туралы аз естігенмін. Біздің елде Орталық Азия мен Қазақстан туралы  аз ақпараттанған. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өзім жеке келгенді жөн көрдім. Әсерім өте жақсы. Әсіресе, өте қонақжай екен», - деді форумға қатысушы Колл Лембо.

Сондай-ақ, ол форумның басты жетістігі қатысушылар еліне жеткен соң, Қазақстан мен оның жастары туралы насихаттауы екенін жеткізді.

«Мен Қазақстанға келмес бұрын ынтымақтастық орнатқан ұйымның бірі – Қазақстанның стратегиялық зерттеулер интитуты. Олар ел туралы түсінік беріп, олардың көмегі арқылы осы елге келдім», - деді К.Лембо.

Айта кетейік, форумға сондай-ақ, жастар қоғамдық ұйымдары мен қауымдастықтардың, әлеуметтік топтардың және студенттік клубтардың мүшелері қатысты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды