- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы балабақшасында ерекше инновациялық технология пайда болды
Алматы балабақшасында ерекше инновациялық технология пайда болды
«Жүн өңдеу» технологиясының басты мақсаты- қазақ қол өнерінің тәлім-тәрбиелік дәстүрлерін үйрету. Балаларды халықтың мәдени құндылықтарының бірі қол өнермен таныстыру. Жүннен жасалған заттардың жасалу жолын көрсету. Ал, алға қойған міндетіміз балаларды өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге үйрету, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Заман талабына сай қарапайым бұйымдар жасап шығару,эстетикалық тұрғыда әсемдей білу - деп атап өтті «№ 116 бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі Альмира Атханова.

Сонымен қатар, балабақшада инновациялық, жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі ойындар ұйымдастырылды.
Тақырыптық алаңда «Кім зейінді?», «Сен де осынша көрсет», «Сыңарыңды тап»,«Көп және біреу» ойынның бәрі қалай жасалынғаны балаларға түсінікті болу үшін арнайы жүннен пайдасы өте зор екенін балаларға түсінікті болу үшін арнайы макет жасалынды. Бұл макетте жүннің қайдан алынып, қалай іске асырылынатынын кезең-кезеңімен, рет-ретімен көруге болады.

Форумның қатысушыларына жүннен киіз басу бойынша шеберлік сыныбын дайындады және әдемі өрнектер жасаудың құпиясымен бөлісті.
«Киіз басу үшін алдымен шиді төсейміз, шидің үстіне жүнді көлденеңінен,тігінен төсеп аламыз жүннің бір тегіс төселінгенін қадағалауымыз қажет. Енді ақ жүннен негізін төсеп алғаннан кеиін боялған жүннен ою-өрнегімізді салып шығамыз. Осы салынған жүн қозғалып кетпес үшін ақ матаны жауып үстінен сабынды суды сеуіп абден ысқылаймыз. Келесі кезең бұл су себілген жүнді шиге қатты орап,әбден білектейміз міне осылай киізімізді дайындап шығарамыз. Киізді жақсылап кептіріп қою қажет», – дейді балабақшаның тәрбиешілері.
Оған қоса, « Жүн өңдеу» технологисының тиімділігі өте зор. Балалардың қолдарының ұсақ бұлшық еттері дамиды, жүйке жүйесін дамытады, бір- бірімен тіл табысуға шыдамдылыққа тәрбиелейді. Дене бұлшық еттері қатаяды, ойлау қабілеттері артады және қол өнерге деген қызығушылықтары артады.
««Жүн өңдеу» технологиясы мектепке дейінгі білім беру стандартына сай бес саланы қамтыйды. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша жүнді сабау,шилеу, есу арқылы баланың қимыл-қозғалысы дамып, бұлшық еттері дамиды. « Комуникация» білім беру саласы бойынша жаңа сөздермен сөздік қорлары дамиды, диологты сөйлеуге үйренеді.«Таным» білім беру саласы бойынша жүннен әртүрлі ойындар ұйымдастырылып танымдық қасиеттері дамиды.«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Жүн өңдеу» технологиясы арқылы сурет салу, ою-өрнек салып киіз басу, түрлі ойындар арқылы шығармашылық қасиеттері дамиды», - дейді тәрбиешілер.
Аягөз Құрмаш
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары