• Басты
  • Қазақстанда ӘМБ тауарлар өндірісі сұранысты өтей ме?
20 Тамыз, 2019 19:12

Қазақстанда ӘМБ тауарлар өндірісі сұранысты өтей ме?

Статистика жөніндегі комитеттің мәліметінше әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының инфляциясы жылдың басынан бері – 7,9 % өсті. Ал шілде айының басынан бері – айтарлықтай өзгеріс байқалмады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның азық-түлік тауарлары өндірісінің көлемі туралы мәлімет берді.
Қазақстанда ӘМБ тауарлар өндірісі сұранысты өтей ме?

Дегенмен, 2019 жылдың шілде айының басынан бері қырыққабат – 3,4 %-ға, күріш – 2,7 %-ға, тауық еті – 1,1 %-ға, сиыр еті – 0,6 %-ға, 1-сортты бидай ұны – 0,3 %-ға, пастерленген сүт – 0,3 %-ға, сәбіз – 0,3 %-ға, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 0,2 %-ға, рожкилер – 0,2 %-ға, күнбағыс майы – 0,2 %-ға, қарақұмық жармасы – 0,1 %-ға өскен. Ал бас пияздың бағасы – 6,8%, құмшекер – 1,3%, сүзбе – 0,3%-ға, картоп – 0,2%-ға, жұмыртқа (I санатты) – 0,2%-ға, тұз – 0,2%-ға, айран – 0,1%-ға, күнбағыс майы – 0,1%-ға төмендеген. Ең жоғары өсім – Нұр-Сұлтан қаласында ( 1,6%). Одан кейін Ақтөбе – 1,2 %, Тараз – 0,9%, Қызылорда – 0,7%, Қарағанда – 0,7%, Павлодар – 0,6%, Талдықорған – 0,5%, Қостанай – 0,5%, Көкшетау – 0,4%, Петропавл – 0,4%, Семей – 0,3%, Орал – 0,3 %, Өскемен – 0,2% баға жоғарылаған.

Қазақстан респубикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың сөзінше көкөніс өнімдерінің бағалары ауытқуының негізгі себептері - өндірістің маусымдылығында.

«Еліміз бойынша 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында өңірлермен азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастырылатын болады. Бүгінгі уақытта республика бойынша қолда бар және жауапты сақтаудағы азық-түлік тауарларының көлемі 29,8 мың тоннаға жетіп отыр. Оның ішінде: картоп – 8,6 мың тонна; бірінші сортты бидай ұны – 6,8 мың тонна; қант – 6,6 мың тонна; пияз – 2,1 мың тонна; сәбіз – 1,9 мың тонна; күнбағыс майы – 1,0 мың тонна; қарақұмық жармасы – 0,6 мың тонна; күріш – 0,2 мың тонна болып отыр. Алдағы уақытта сатып алу интервенцияларын жүргізу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінде 3,7 млрд. теңге қаражат барын айта кетейін», - ҚР АШМ жетекшісі.

ҚР АШМ тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдері жетілдіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жаңа тетік енгізіпті.

 «ӘМБ азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктері екі деңгейдегі құжаттармен реттеледі. Оның бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың жалпы тәртібін айқындайтын, Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін үлгілік қағидалар болса, екіншісі – жергілікті атқарушы органдармен бекітілетін, әр өңірдің ерекшеліктерін есепке алумен егжей-текжейлі тәртібін көрсететін өңірлік қағидалар болып табылады», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров.

Министр мырза облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері бағаларды тұрақтандыру бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін назарға алуы тиіс шараларды атап берді. Олар: тұрақтандыру қорларына ең қажетті азық-түлік тауарларының қорын: қант, ұн, күнбағыс майы және т.б. сияқты тауарларды тұрақты негізде қалыптастыру қажет жжәне азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың өңірлік қағидаларын бекітуді және «айналым сызбасын» қолдануды тездету шаралары жатады.

Дегенмен, кейбір тауарлар бағаларының өсуі – өндіріс көлемінің төмендеуімен байланысты емес. Аталған тауарлар бойынша Министрлікпен физикалық қолжетімділік қамтамасыз етілген болатын. Негізінен, осы 2019 жылы пияздың егістік көлемі 32,8 мың га құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 4,1 мың га артық  (28,7 мың.га) болды. Ал енді болжам бойынша жалпы жинау көлемі 918 мың тоннаны құрайды, ол халықтың қажеттілігін толық көлемде жабатындығына үміттенеміз.  Сәбізге келер болсақ, 2019 жылғы егістік көлемі 20,6 мың га құрап, болжам бойынша жалпы жинау көлемі 567,1 мың тоннаны құрайды, ол халықтың қажеттілігін толық мөлшеде жабатын болады», - деді министр С.Омаров.

Министр сөзінше, жыл басынан бері біршама қымбаттаған картоптың егістік көлемі 191,3 мың га құраған. Күзге қарай болжанған жалпы жинау көлемі 3715,0 мың тонна шамасында, ол халықтың картопқа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті екен. Алайда  жеміс-көкөніс өнімдері бойынша       2021 жылға дейін егістік аудандарының кеңеюі және өндіріс көлемінің орташа есеппен 1,5 есеге артуы жоспарланған.

«Күріштің осы жылы 101,9 мың гектарға егілді. Енді біздің болжам бойынша жалпы жинау көлемі 482,0 мың тоннаны құрайтын болады. Бұл көрсеткішпен біз халықтың күрішке деген қажеттілігін толық жабамыз. Дегенмен базардағы сиыр еті бағасының өсуіне маусымдық фактор әсер етіп отыр. Елімізде соғымды жаппай сою тамыздың соңынан бастап жаңа жылға дейінгі кезеңде жүргізілетіндігі әсер етпей қомайды. Ал мұнда қосымша әсер ететіндер қатарына сиыр еті экспортының 4,9 мың тоннадан 20,4 мың тоннаға дейін өсуі де кіреді. Сол себепті агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға дейін сиыр етінің өндірісін 500 мың тоннаға дейін арттыруды көздейміз», - деді ол.

Министрлікпен тұқым, тыңайтқыш және гербицид бағасын жартылай арзандату жолымен 2021 жылға қарай көкөніс өнімдерінің көлемін арттыру бойынша индикативті болжамдарға жету үшін негізгі субсидиялар қарастырған екен. Сондай-ақ олар сыйақы мөлшерін субсидиялау, жаңбырлатқыш машиналар мен суару жүйелерін инвестициялық субсидиялау жолымен жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін арттыру үшін экономикалық жағдайлар жасады. Сонымен қатар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру субсидияланады. 2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша агроөнеркәсіптік кешенін қолдау мақсатында ҚазАГРО Холдингпен 261,5 млрд. теңге бөлінген. Азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, импорт көлемін төмендету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту бойынша ауыл шаруашылығы министрлігімен жұмыс жалғаса беретін болады.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды