• Басты
  • Өңірлер: Мәжіліс депутаттары аймақтардағы кәсіпорындарды аралады
20 Тамыз, 2019 16:38

Өңірлер: Мәжіліс депутаттары аймақтардағы кәсіпорындарды аралады

Мәжілістің депутаттары өңірлерді аралап, аймақтардың өнеркәсіптік орындары мен инфрақұрылымымен танысты. Мәселен, Мәжіліс депутаты Марат Бопазов Жамбыл облысына сапары барысында Тараз қаласындағы кондитерлік фабрика жұмысымен танысты.

Өңірлер: Мәжіліс депутаттары аймақтардағы кәсіпорындарды аралады | Strategy2050.kz

Осыдан екі жыл бұрын жабдық және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта жаңартып, вафли өндіретін желі сатып алуға несие алған фабрика бүгінгі таңда жылына 2160 тоннаға жуық өнім өндіруде.

Халық қалаусымен кездесуде кәсіпкерлер зауыттың жұмысы мен тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты айтып, фабриканың жоба құны 850 миллион теңге болатын екінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын екендігіне тоқталды.

Жоба биыл іске қосылып, кәсіпорынның толық жылдық қуаты 4500 тонна болады деп жоспарлануда. Осыған орай, тағы жетпіс адамдық жұмыс орны ашылған. Жобаның екінші кезеңі осы жылдың аяғында пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар, биыл жаңа корпус құрылысы мен жаңа өндірістік желілерді сатып алу көзделген. Заманауи жабдықтарды іске қосу кәсіпорын қуаттылығын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, өнімдерді экспортқа шығаруға жол ашып, қосымша 170 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қомақты қаржыға несие алып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесін тигізіп отырғанын көрсетеді. Осыған сәйкес, Мәжіліс депутаты мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдаудың маңыздылығына мән берді.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов пен Жамбыл Ахметбеков Қарағандыдағы көші-қон қызметтері орталығына барды. Мәжіліс депутаттары орталықтың жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметтерді алу үшін мекемеге келген шетелдік азаматтармен әңгімелесті.

««Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Елбасымыз алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін біз орталық қызметімен таныстық. Барлық көші-қон қызметтері «бір терезе» қағидаты негізінде ұсынылуда. Бұрын құжат алу үшін бірнеше мекемеге хабарласып, оған 7 күн қажет болса, қазір құжаттарды орталықтан бір сағатта алуға болады. Ең бастысы, бұл халық үшін өте ыңғайлы, - деді Мәжіліс депутаты М. Махамбетов.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және еңбекші-мигранттарды заңдастыру мақсатында Көші-қон қызметтері орталығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірлескен жобасы.

Бүгінгі таңда қала орталығында орналасқан орталық бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді. Мұнда келушілер үшін барынша жағдай жасалған. Сондай-ақ, еңбек мигранттарына ыңғайлы болу үшін орталықта денсаулық сақтау, екінші деңгейлі банктер және сақтандыру компанияларының өкілдері жұмыс істейді.

Сонымен қоса, депутаттар  Зағипа Бәлиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Мәжілістің негізгі заң шығарушылық қызметі, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы жайы баяндалып, міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты мәселелер көтерілді. Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары, партияның қалалық филиалының өкілдері және т.б. қатысты. Ұйым қызметкерлері өз тарапынан денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер, қоғамдық көлік мәселесі, баспанамен қамтамасыз ету және жалақы мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.

 «Жұмыс сапары аясында біз Балаларды ерте оңалту орталығына келдік. Бұл оңалту орталығы балаларымызға өте қажет. Алматының өзінде осындай төрт орталық бар. Сұрақтарды «Nur Otan» партиясымен бірлесе қарастырып, орталық аппаратқа жолдаймыз және Мәжілісте, үкімет аясында көтереміз. Орталықта 65 бала бар, жағдайлары жақсы. Міндетті түрде тек қана қалада емес, аймақтарға да барып жүрміз. Сайлаушыларға барған кезде түрлі сұрақтар туындайды. Әсіресе, әлеуметтік төлемдер, жер, баспана мәселесі көтеріледі. Былтыр денсаулық саласында жалақы 30 %-ға көтерілді. Енді мұғалімдерге жағдай жасалып жатыр. Олардың жалақысы 4 жылдың ішінде екі есеге көтерілетін болады», - деп атап өтті З. Бәлиева.

Сондай-ақ, кездесуде балалардың кешенді көмек алуға мүмкіндігі болуы үшін осындай орталықтардың көпсалалық бағытқа ауысуы қажет екендігі аталып өтілді.

Кездесу соңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Бисенбаева және орталық директоры Н. Төлекова ұжым атынан З.Бәлиеваға орталыққа келіп, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларындағы реформаларды түсіндіргені үшін алғысын білдірді.

Айта кету керек, орталық 75 балаға арналған. Балалар 15 күннен ем алып, оған 3-тен 7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Орталықта медициналық қызметкерлерден басқа балалармен ұстаздар, логопедтер мен психологтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталықта арнайы сенсорлы бөлмеде сөйлеу қабілеті төмен балаларға жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды