• Басты
  • Қазақстан 10 маңызды азықтық-түліктің бағасын шектемек
20 Тамыз, 2019 14:36

Қазақстан 10 маңызды азықтық-түліктің бағасын шектемек

2019 жылдың басынан бері инфляция 4,6 пайыз дәліз шегінде болып тұр. Ал, жылдық инфляция 5,4 деңгейін сақтады. 2018 жылдың шілдесіндегі дерек бойынша ол 5,8 пайызды құраған болатын. Негізінен, азық-түлік тауарлары инфляцияның өсуіне ең көп әсер етеді. Төмендегі материалда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қадағалау және бақылау шаралары туралы мәліметтер.
Қазақстан 10 маңызды азықтық-түліктің бағасын шектемек

ҚР Ұлттық экономика министрінің сөзінше, олардың инфляция өсім көрсеткішіне қосқан үлесі 3,4 пайыз тармақты құраған. Ал, бағалар өсімінің 63 пайызын азық-түлік тауарлары алған. Аталмыш өсімнің жартысы әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларының үлесінде. Олар жыл басынан бері 9 пайызға өскен. Олардың азық-түлік тауарлары бағасының өсіміне қосқан үлес 1,1 пайыз тармағы деңгейінде болып тұр. Бұл дегеніміз – инфляция өсімінің 40 пайызы. Барлық өңірлерде азық-түлік тауарларының бағасы инфляция деңгейінен біршама жоғары. Ең үлкен өсім – Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі, 15,1 пайыз. Одан кейін – Жезқазған (11,8 пайыз) қаласында. Алғашқы үштікті Талдықорған қаласы аяқтап тұр. Бұл қалада – 10,4 пайыз.

Әлеуметтік маңызы бар 10 тауарға баға шектеледі

Республика бойынша пияз, сәбіз, картоп, күріш, бірінші сұрыпты ұн өнімдерінің бағасы ең көп өскен. Сонымен пияз бағасы – 79 пайызға, сәбіз – 59 пайызға, картоп бағасы – 33 пайызға, күріш – 24, бірінші сұрыпты ұн – 15,3 пайызға өсіпті. Министрлік тауарлар бағасының қалыптасуына талдау жүргізген. Түпкілікті баға өндрушілер мен импорттық тауар иелерінің бағасынан едәуір жоғары. Мәселен, сәбізді өндірушінің бағасы 67 теңге болса, нарықтағы сату бағасы 151 теңгені құраған. Бұл тұста үстеме баға – 84 теңге болып тұр.

«Осы жылы инфляцияны алдын-ала жоспарланған дәлізде ұстап қалу үшін 10 тауарды анықтаған едік. Ол: пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы, сиыр және қой еттері, нан. Аталмыш тауаралардың бағасына бақылау жүргізіліп, төмендету бойынша шаралар ұсынылады. Дегемен, барлық өңірлерде бұл тауарлардың бағасы жоғары. Пияздың ең жоғары өсмімі – Алматы қаласында байқалды, сәбіз – Нұр-Сұлтан қаласында, ал Батыс Қаақстан облысында картоп қымбат. Бағаларды ұстап тұру үшін министрлік бірнеше шараларды қабылдады», - деді ҚР Ұлттық экономика  министрі Руслан Дәленов.

Әлеуметтік маңызы бар 10 тауардың бағасын ұстап тұру үшін қолданылған шаралар бойынша  – ішкі тауарлар ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, күшіне енеді. Ең алдымен азық-түлік маңызы бар тауарлардың бағасына қоятын сауда үстемелері 15 пайыздан аспау керек. Сонымен қатар қазақстандық азық-түлік тауарларына аз дегенде 30 пайыз сату алаңын беру керек. Жеткізушілерден сауда желілері алатын ретро-бонустар алуға тиым салынады.

2019 жылдың 17 тамызында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және бақылау бойынша типтік ереже бекітілген. Әкімдіктер әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін, айналым қаражатын ұсына аллады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация рәсімдері жеңілдетілді. Осы негізде ҚР Ұлттық экономика министрлі Руслан Дәленов – тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін барлық құралдар қабылданғанын жеткізді.

«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін құралдар ретіне: ішкі сауда ережесін, тұрақтандыру қорлары және сада желілерін несиелеу, көтерме-тарату орталықтары, деталдық операцияларды қадағалау, мониторинг жасау және тексеру әдістерін кірістірдік. Бұл құралдар бағаларды барынша тежеу үшін бізге және жергілікті атқарушы органдарға барынша зор мүмкіндік бола алады», - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

ӘМБ тауарлардың шектен тыс жоғары екенін байқасаңыз, ҚР Статистика комитетінің поштасына мәлімет жібересіз

Ұлттық экономика министрінің сөзін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та қолдады. Оның айтуынша, бағалардың айтарлықтай жоғары өсімі барлық өңірлерде пияз, сәбіз, картоп, күріш, ұн тауарларында байқалады. Сұлтанов сөзінше оның ең бірінші себебі – реттелмеген өндірісте.

Министрлер Руслан Дәленов пен Бақыт Сұлтанов аталмыш  10 азық-түліктің бағасын өсірмеуді қадағалайтындықтарын жеткізді. Өз қалаңызда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы осы шектен асып кеткенін байқасаңыз, суретке түсіріп, қай мекенжай, қай базарда сатылып тұрғаны туралы мәліметті жазып ҚР Статистика комитетінің kazstat.rk@gmail.com поштасына жібересіз. Қазақстан бойынша жоғарыдағы тауарлардың орташа бағасы мынадай: пияз -151 теңге, сәбіз - 152 теңге, картоп - 112теңге, қызылша - 151 теңге, күріш - 361 теңге, ұн - 149 теңге, қой еті - 1619 теңге, жылқы еті – 1909 теңге, сыйыр еті – 1649 теңге. 

«Реттелмеген өндіріс, делдалдардың санының көп болуы әрі олардың санының тиімсіздігі, тауарды сақтау шарттарының орындалмауы, тұтынушыға дейін кепілденген жеткізу арналарының жоқтығы – баға өсіміне бірден-бір себепші. Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай нарығы аясында баға қалыптастыруға да бұған кіретін елдердің елдердің өзара әсері бар. Мәселен, Ресей мен Қазақстан бағалары арасындағы өзара үйлесім бар. Талдап қарасақ, әлеуметтік маңызды тауарлар тобына бағалар үйлесімі (корреляция) 90%-дан асып тұр. Соңында, Ресейде баға өссе, ол өзгеріс бізге де әсер етуде», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі.

Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу және олардың өсу себептерін кезең-кезеңмен жою мақсатында және жергілікті атқарушы органдармен кешенді жұмыс жүргізіп жатқан көрінеді.

«2019 жылдың сәуірінде қабылданған Бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу заңын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді. Оған бағаларды тұрақтандыру және тежеу бойынша жаңа ережелер енгізілген. Енді  16 тамыздан бастап Ішкі сауда ережесіне өзгерістер күшіне еніп үлгерді. Бұдан былай қазақстандық азық-түлік тауарларын өндірушілер барлық сауда объектілерінде өздерінің тауарларын орналастыруға, ішкі сауда субъектілерінің отандық азық-түлік тауарлары үшін кемінде 30% сөрелік кеңістікті немесе сауда алаңын алуға мүмкіндік беріледі», - деді Бақыт Сұлтанов.

Әр өңірдегі жергілікті атқарушы органдарға қазақстандық тауар өндірушілердің сауда орындарындағы сөрелерге еркін қол жеткізе алуы үшін, тауарларды көрнекі немесе алдыңғы сөрелерге орналастыру мүмкіндігі тапсырылады.

Алдағы уақытта, желтоқсан мен сәуір аралығында бағаны маусымдық көтерілуіне ең сезімтал 4 негізгі пияз, картоп, сәбіз, қырыққабат тауарларының бағасы оператор арқылы өспейтіндей шара қолданылады.

«Министрлік бағалар мониторингін апта сайын жүргізіп, «айналым» схемасы бойынша пилоттық жоба Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Қызылорда, Алматы облыстарында іске қосады. Қазіргі «айналым» схемасына Нұр-сұлтан қаласында – 1,1 миллиард теңге, Қостанайоблысында – 300 миллион теңге, Қызылорда облысында – 380 миллион теңге, Алматы облысында – 170 миллион теңге, Алматы қаласы бойынша 1,5 млрд. тг. көлемінде қаражат қарастырылды. Ал, 2020 жылы «айналым» схемасын іске асыру еліміз бойынша барлық өңірде 19 тауарлық позицияға қолданылады", - деді ол.


Алып-сатарлар қысқарады

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, алып-сатарларды қысқарту мен тамақ өнімдерін сақтау, буып-түю, өткізу және тасымалдау бойынша өндірушілерге қызметтер көрсету үшін көтерме-тарату орталықтарын салу жоспарда бар.

«Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау облыстарында көтерме-тарату орталықтарын салу бойынша жұмыстар басталып кетті. Ал, Маңғыстау облысы қаржаттың болмауына байланысты Ақтау қаласында салынуы тиіс көтерме-тарату орталығының құрылысын 2020 жылға қалдырды. Сондай-ақ жоспарда Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында тарату орталықтарын салу тұр. Қазіргі іс-әрекетіміз: Ақтөбе қаласында құрылысқа жер учаскесі анықталса, Алматы қаласында жер учаскесін растауды күтіп отырмыз, ал Семей қаласында жобаны талқылау үстінде», - деді министр Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар министр Б.Сұлтанов өндірістің тиімділігін арттыру және түпкілікті тұтынушыға тауар жеткізу құнын төмендету үшін бізге тарату орталықтары қажеттігін айтты.

«Өткен, яғни 2018 жыл бойынша 579,6 миллиард АҚШ долларын құраған Ресей, Орталық Азия және Қазақстанның ішкі тауар айналымының көлемін ескере отырып, бізде сату жүйесін құру үшін үлкен әлеует барын ескердік. Аталмыш жүйе қазақстандық тауарлардың экспортын, Орталық Азиядан Ресейге тауарлардың транзитін ұйымдастырады. Қорыта келгенде, көтерме-тарату және тарату орталықтарының құрылуы барлық бөлшек сауда форматтарында, оның ішінде бөлшек сауда желілері, базарлар мен үй жанындағы дүкендерге азық-түлік өнімдерін тұрақты жеткізуге мүмкіндік тудырады. Қазіргі уақытта көтерме-тарату және тарату орталықтарын салумен қатар бөлшек сауда инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізіліп, әр өңірде 30-дан астам ірі сауда объектілері салынуда және 50-ден астам сауда базарлары жаңғыртылатын болады», - деді ол.

Сауда және интеграция министрінің сөзінше, аталмыш шаралар өркениетті сауда үшін қосымша жағдайлар жасауға жол ашады, халықтың жеткілікті инфрақұрылымымен және тауарлардың кең түрімен қамтамасыз етілуін арттырады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны төмендету үшін нарықтағы бәсекелестікті тудырады. Бұларды жүзеге асыру үшін – өңірлер белгіленген мерзімде көтерме-тарату мен тарату орталықтарының құрылысын қамтамасыз ету, сауда объектілерінің құрылысын және базарлардың жаңғыртуын аяқтауы керек екен.

Қазірі уақытта Статистика комитеті апта сайын, әр сейсенбіде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды жинақтайды. Ал, ресми статистикалық дерек аптаның әр бейсенбісінде жария етіледі. Мұндай деректер жинау шарасы 2011 жылдан бастап қолға алынған. Министр мұндай баға мониторингілейтін іске дамыған елдерде халықты тартатынын айтты. Тәжірибе бойынша кез-келген адам тауар бағасын суретке түсіріп және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар статистикасы жинақталатын мамандырылған сайтқа жібереді. Бұл жүйе аймақтар мен нақты дүкендердегі әлеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік беретінін айтып, халықты атсалысуға шақырды.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды