• Басты
  • Қазақстандағы ақылы жолдар жүйесі қалай іске асады?
19 Тамыз, 2019 18:26

Қазақстандағы ақылы жолдар жүйесі қалай іске асады?

Әлемнің отыздан астам елінде ақылы автожолдар бар. Оған жиналатын қаржы жолды күтіп ұстауға, жол бойындағы инфрақұрлымды жетілдіруге, жұмыс істеуіне жұмсалады. Жол құрлысы мен оны күтіп ұстауға көп шығын кететіндіктен және еліміздің бюджетінен кететін мол шығынды азайту мақсатында ақылы автомобиль жолдары енізілген болатын.

Қазақстандағы ақылы жолдар жүйесі қалай іске асады? | Strategy2050.kz

Қазақстанда Алматы-Қорғас, Нұр-Сұлтан–Чущинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай автожолдары ақылы.  19 маусымнан бастап Қазақстанның ақылы жолдарында сараланған тариф енгізілген болатын. Ол бойынша жеңіл көлік иелері қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда алдын-ала төлемнен екі есе жоғары болады. Ал жүк көліктерінің ақысы өзгермей, сол күйінде қалды. Жаңа тариф бойынша Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Теміртау автожолдарында бір бағыттағы төлем құны қолма-қол ақшамен  - 400 теңге, ал онлайн төлемақы - 200 теңге. Алматы - Қапшағай учаскесіндегі қолма-қол ақы - 200 теңге, ал 100 теңге онлайн режимінде төлеген жағдайда болады. Алматы - Қорғас учаскесінде төлемақы құны қолма-қол –  600, онлайн – 300 теңгеден.

Мамандардың сөзінше, автомагистраль, көпір, туннель құрылыстарын салуға оны күтіп ұстаудағы жұмыс сапасын арттыруда ақылы ақылы жолдарды енгізудің пайдасы зор. Және жақын болашақта олардың қатары көбеймек.

Автожолдар ақысын төлеудің бірнеше тәсілі бар. Тек өзіңізге ыңғайлысын таңдасаңыз болғаны. Сонымен сараланған тариф бойынша QIWI, Kassa 24, CyberPlat, Tenge және  Kassa 24, QIWI, Wooppay, Salempay электронды әмияндары, KazDriver қосымшасы немесе Beeline, Activ, Kcell ұялы телефондарының балансынан төлем жасай аласыз. Ұялы байланыс нөмірінен төлеу үшін  5505 нөміріне төлейтін ақша мөлшерін, мемлекеттік автомобиль нөмірін SMS-хабарлама арқылы жіберіп төлеуге болдаы. Ал егер мобильді қосымшалар немесе интернет арқылы онлайн төлеу ыңғайлы болса, Payway.kz, Интернет-банкинг Kaspi bank, Халық банк, Сбербанк, Евразия банкі, Капитал Банк және АТФ банктерінің мобильді қосымшасы арқылы төлем жібересіз.

Осы орайда «ҚазАвтоЖол» компаниясы автожол ақысы бойынша қарыздарды төлеуді ұмытпауға шақырады.

«Елімізде ақылы жолдар бірнеше аймақтарға бөлінгенін ескерсек, әр аймақта орналасқан автокөлік туралы ақпаратты өңдеп, төлемақыны есептейтін жабдықтар арқылы төлемді оп-оңай жүргізуге болады. Алайда автокөлік ақылы жолдармен жүріп, төлем қабылдау пунктінен өтпесе немесе шотында қаражат жетпеген жағдайда төлеуге тиіс сомасы мемлекеттік нөмірге қарыз ретінде тіркелетін болады», - деген мәлімет берді   «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы, қате жолаққа шығу сияқты адами факторлар туындаған кезде төлем қабылдау пунктінде кептелістің ұзындығы 300 метрге жеткен жағдайда барлық шлагбаумдар ашылып, автокөліктер төлемақысыз өткізілгенде көлік иелері төлемнен босатылдым деп ойламауы керек.  Аталмыш төлемдер мемлекеттік  тіркеу нөміріне қарыз ретінде қосылады және келесі жолы ақылы аймаққа кірген кезде негізгі төлемақы мөлшеріне бірге төлеу керек болады.

Ал қарызды уақтылы төлемеген болсаңыз, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ заңды тұлғалар үшін бұл көрсеткіш – 10 АЕК. 2019 жылғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 2525 теңге. Бұл шара жүргізушілердің мекен-жайына қарыз туралы ескерту жолданғаннан кейін ескертуде белгіленген уақыт аралығында бір аптадан артық төлем жасалмаған кезде  жүргізуші туралы ақпарат Көліктік бақылау инспекциясына жолданып, қолданылады. Қарыз туралы ақпаратты kazautozhol.kz сайтында немесе байланыс орталығына қоңырау шалып тексеруге болады.   Телефон: 1403 (қалалық телефондар үшін), +7 (7172) 64-87-92, +7 (7172) 64-87-85, пошта: dpad@kazautozhol.kz, Instagram: platnye_dorogi_kz, Telegram: @kazautozholbot.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды