• Басты
  • Кәсіп ашу үшін несиені қалай алуға болады
19 Тамыз, 2019 16:28

Кәсіп ашу үшін несиені қалай алуға болады

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі - 5 жылға, ауыл шаруашылығына 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді.
Кәсіп ашу үшін несиені қалай алуға болады

Өңірлерде мемлекеттің қолдауы арқылы өз істерін ашқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Мәселен,  атыраулық кәсіпкер Әлия Исимова.Ол мүгедек арбасында отырып-ақ, халыққа қызмет көрсетіп, балалар үйіне қайырымдылық жасап жүрген ерекше адам.

Алғашында Әлия Исимова  үйінде отырып-ақ қолдан 3-4 тігін машинасын сатып алып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді бастап кеткен.

Тапсырыс көбейе бастаған соң Әлия үлкен шеберхана ашуды жоспарлайды. Алдымен «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктерге барады. Алайда, олардың несие рәсімдеу талабы  ұнамай, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына барып көреді.  

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры туралы жаңалықтардан естідік. Барғанымызда ол жердегі мамандар жаңа кәсіп ашқысы келетіндерге берілетін барлық жеңілдіктерді түсіндірді. Тіпті кәсібіңді тұрақты табыс көзіне айналдырып алғанша 18 айға дейін жеңілдік мерзімі барын, келесі жылы қосып өтеуге болатын жеңілдіктер бар екенін түсіндірді. Бизнесті қалай бастаймын деп сенімсіздікпен келген азаматтарға бұл үлкен қолдау. Тағы бір ерекшелігі кепілдікке алатын мүлік ауылдық жерде болса да шектеу қойылмайтындығы қызықтырды. Біз үшін несиенің 6 пайыздық мөлшерлемемен берілетінінің өзі үлкен жеңілдік болды»,-дейді кәсіпкер.

 Осылайша, Әлия мамандармен кеңесіп, 2016 жылы Геолог ауылында тігін шеберханасын салу үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға 6 млн теңге несие алып, құрылысты бастап кетеді.

Құрылыс біткен соң 2017 жылы тағы 3 млн теңге несие рәсімдеген. Ол қаржыға шеберхана ішіне құрал жабдықтар мен тігін машиналарын сатып алып, жұмысын толық іске қосқан. Сөйтіп, кәсіпкер жаңа шеберханада сұранысқа сай барлық тапсырыстарды қабылдай бастайды.                  

 «2018 жылы кәсібімді кеңейтіп, заманауи үлгіге сай тіге алатын машиналар сатып алу үшін тағы 5 млн теңге рәсімдедім. Бұл несие маған «Кәсіпкер» бағдарамасы арқылы 4 жылға берілді. Бүгінде көбіне балалардың киімдерін тігіп, жергілікті нарыққа өткізіп отырмыз. Сұраныстың арқасында несиені жабуға табысымыз жеткілікті. Бұған қоса жұмыссыз 10 әйелді тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Бұл үкіметтің ауыл кәсіпкерлеріне жасаған қолдауының нәтижесі», - дейді Әлия Исимова.

Қазір мектеп, балабақшадан тапсырыстар түсіп жатқан қарбалас кезең. Ә. Исимова алдағы уақытта 300 шаршы метр тігін шеберханасын тағы 140 шаршы метрге кеңейтуді жоспарлап отыр.

 «Қазір заман талабына сай жұмыс істейтін кез. Балаларға арналған киімдерімізге «Атасының баласы», «Әжесінің еркесі» деген жазулар жазып әкеліп нарыққа шығарып көріп едік, бірден өтіп кетті. Яғни, сұраныс үлкен екенін білдік. Енді киімге түрлі жазу жазатын машина сатып алуды жоспарлап отырмын»,-дейді жоспарымен бөліскен кәсіпкер.

Жалпы Атырау облысында биыл 1 тамызға дейінгі есеп бойынша 187 кәсіпкер 1 млрд 148 млн теңгенің несиесін алған. Оның 80 пайызы кәсібін жаңадан ашқандар.

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының мақсаты - шағын несие беру арқылы адамдардың өзін-өзі жұмыспен қамтуға және жаңадан кәсіп ашамын,  кәсібін кеңейтемін дегендерді ынталандыру. Сайып келгенде, бұл еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамуына даңғыл жол ашады»,-дейді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Атырау облыстық филиалының директоры Гүлзада Шалағұлова.

Сонымен қатар,   Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тек мал шаруашылығына ғана емес, ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне 6 процентпен жеңілдетілген несие береді.

Бұл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асады. Мысалы, Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғыны Арай Исмағұлова «Бастау бизнес» арқылы оқып, кәсібін кеңейту жөнінде дайындаған жобасын сәтті қорғап шықты. Жас кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 6 млн теңге несие алып, жеке фотосалон ғимаратын салып алды. Сүйікті ісін табыс көзіне айналдырған кәсіпкердің алға қойған жоспарлары да ауқымды. 

Сондай-ақ,  ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында «Кәкебай» деген шаруа қожалық бар. Оның басшысы Саян Балшықбаев биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 44 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, Ресейден асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырынан 70 бас сатып әкелді.

Несиені 15 жылға рәсімдеген шаруашылық енді мал азығын дайындайтын техника сатып алуды жоспарлап отыр. Асыл тұқымды мал басын көбейтуді көптен бері жоспарлап жүрген шаруа Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына ризашылығын білдіріп отыр.

 Айта кету керек, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Сыбаға» бағдарламасы бойынша етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара өсірушілерге 70 миллион теңгеге дейінгі несиені 15 жылға 4 процентпен береді. 2,5 жылға дейінгі жеңілдік мерзімі бар. Яғни, осы аралықта шаруа негізгі борыш пен үстемені төлемейді. Несиеге мал, техника және мал азығы сатып алынады. 

Ең бастысы шаруаның несие тарихы жақсы болуы керек және бюджеттің, қаржы институттары мен салық органдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс. Мал ұстайтын қора-жайы, талапқа сай жайылымдық жері болуы керек. Сонымен қатар, еркек тайыншаларды өткізетін бордақылау алаңдарымен келісімшарты болуы қажет.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды