• Басты
  • Түркістан облысының инфрақұрылымы қалай дамып жатыр
19 Тамыз, 2019 11:25

Түркістан облысының инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінің жастары жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі бүгін спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді. Түркістан облысының инфрақұрылымдық дамуын келесі материалдан оқи аласыздар.
Түркістан облысының инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Түлкібас ауданының әкімдігі мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үш жақты келісімінің аясында соғылған спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.

Салтанатты жиынның ашылуында алғаш сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков барша жиналған қауымды спорт күні мерекесімен және кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ауданда спорт саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, салтанатты жиынға арнайы ат басын бұрып келген дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы, Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болат Наурызбайұлы, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Махамбет Баймырзаұлы кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиын барысында Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болат Қырықбаев аталмыш спорт кешенін соққан «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің директоры Есбол Әуесбекұлының иығына шапан жауып, облыс әкімдігінің тарапынан алғысхат табыстады.

Салтанатты жиын соңында дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы мен КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Махамбет Баймырзаұлы арнайы спорт кешенінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған бокстан облыс біріншілігінің жеңімпаздарын марапаттады.

Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 % пайызға жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,7 % пайызға жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар санын 30 %-дан асыру жоспарда бар.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында салынған автовокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС.Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Халықаралық автобекет Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан. Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған.

Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады. ЕліміздіңАлматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзгеде аудан қалаларына жүргізілетін болады.

Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда. 2019 жылы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына орай, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн. тенгені құрайтын барлығы 33 жоба іріктеліп алынды.

Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруақожалық басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша етене жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды