- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді
Қазақстанда бірқатар ұйымдардың басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жоғары оқу орындарының және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорларын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының басшысын тағайындау тәртібін қайта қарау туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететін уәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.
Жаңа тағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты:
1.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
2.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
3.Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
4.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
5.Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
6.Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
7.Қазақ ұлттық өнер университеті;
8.Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
9.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
10.Қазақ ұлттық хореография академиясы;
11.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”