• Басты
  • Аграрлық салада бизнесті қалай құруға болады
16 Тамыз, 2019 19:20

Аграрлық салада бизнесті қалай құруға болады

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан халқының 47 пайызы ауылда тұрады. Мамандардың айтуынша, Қазақстан экономикасы жақын болашақта ауыл шаруашылығына сүйене алады. Өйткені оны дамытуға мұнда барлық мүмкіндіктер бар. Күні кеше ғана Қазақстан Қытай халық республикасына ет өнімдерін экспорттауды бастады. Төмендегі материалда ауыл шаруашылығы саласында бизнес ашу мүмкіндіктері туралы баяндалады.
Аграрлық салада бизнесті қалай құруға болады

Ауыл шаруашылығы саласында бизнес ашуға қандай бағдарлама көмектесе алады?

Жалпы, кез-келген істі бастамас бұрын, ең алдымен қандай бағытты қолға алуды анықтап алған жөн. Ауыл шаруашылығы саласында мамандану керек – агроном, фермер, мал өсіру, жылыжай шаруашылығы немесе бау-бақша баптау, бал шаруашылығы сынды салаларды өзіңізге жақын немесе өз аумағыңызда өтімді деп шешкен салаңызды қолға аласыз. Бұл тұста «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысып, аграрлық бизнестің қыр-сырына қаныға аласыз.  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы үйлестіретін бағдарлама  2016 жылы іске қосылған. Бұл жобаның мақсаты – ауылды жерде кез келген жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқып, жеке кәсіп ашуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі ала алады.  Бағдарламаға қатысып, оқып-үйрену үшін тұрғылықты жері бойынша Еңбекпен қамту орталығына немесе Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына, ауылдық округтер әкімшіліктеріне барып, өтінім беруіңіз керек.

2018 жылы кәсіпкерлік негіздерін оқу жобасына елдің барлық аудандары мен моноқалаларынан 28 мың адам қатысты. Олардың 19,5 мыңы бизнес-жобасын қорғап, 8 мыңы жобаларды жүзеге асыруға арналған микронесиелерді алған екен. Нәтижесінде «Бастау» жобасы түлектерінің 95%-ы салық төлеп, бизнестерін сәтті жүргізіп отырған көрінеді. Қазіргі уақытта аталған жоба әрі қарай жүзеге асырылу үстінде. 2019 жлғы жоспарға сай 15 мың ауыл тұрғынын оқытуға, Елбасы тапсырма берген. Сондай-ақ, бұл жобаға жоспарланған 15 мың ауыл тұрғынын оқытумен қатар, жұмыс іздеп, қалаға көшкен 40 мың жұмыссыз ауыл жастары «Бастау бизнес» жобасына қатыстырылатыны көзделуде.

Бизнес жоспарды қалай дайындаймын?

Кәсіптегі туындайтын тәуекелдер жазылып, оның түрлі кезеңдеріне қатысты болашақтағы қаржылық шығындар, пайдасы, мүмкіндігі,  өнімді өткізу нарығы, бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға тиіссіз. Бір айта кетерлігі, жоғарыда атап кеткен «Бастау Бизнес» бағдарламасының қатысушылары оқу процесі кезінде бизнес-жоспар дайындауды үйренеді. Сөйтіп олар олар өз өңіріндегі қаржылық ұйымдарға ұсынып, жоба тиімділігін дәлелдесе, тиімді шарттамен қаржы бөлінеді.

Шаруашылықты  тіркеу

Агарлық салада бизнес ашқысы келген азаматтар тұрғылықты мекенжайы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына құжаттар тізімін және өтінім береді. Одан кейін кәсібін жүргізу үшін жер телімі жекеменшік ретінде де, мерзімді және мерзімсіз – жалға алу ретінде де рәсімдей алады. Ал, бос жер телімдері туралы ақпарат үшін тұрғылықты жері бойынша Жер ресурстары басқармасына баруы тиіс.

Қаржы көздері

Ауыл шаруашылығын несиелеуде бірқатар жеңілдетілген шаралар бар. Мәселен, «Агробизнес», «2020 жұмыспен қамту бағдарламасы», «Бастау Бизнес» және тағы басқа. Мұндай жеңілдетілген мемлекеттік несиелерді алу үшін  ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы болып табылатын «КазАгро» акционерлік қоғамына өтінім беру керек. Ал, егер ғимарат және техника қажет болса, оны «КазАгроФинанс» компаниясы арқылы лизингтік несиені рәсімдеп алуға болады, бұл компанияның негізгі мақсаты аграрлық қызметкерлерге ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын лизингке беру арқылы отандық машина тракторлық паркін жаңарту.

Қызметкерлерді анықтау

Басында шаруашылықты отбасы, туыстарымен немесе жеке өзі жүргізуі мүмкін. Алайда бизнес кеңейіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артқан кезде қосымша еңбек күштерін міндетті түрде қажет етеді. Мұндай жағдайда ҚР Еңбек Кодексі ережелерін, талаптарын сақтап, заң аясында басшылыққа алған жөн.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды