- Басты
- Ұстаздар Президенттің бастамаларын толық қолдайды-пікірлер
Ұстаздар Президенттің бастамаларын толық қолдайды-пікірлер

Түркістан облысы Келес ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Гүлнәз Қасымбекова Тамыз конференциясына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы педагогтар қауымы үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.
«Бұл біздің елде білім саласында болып жатқан өзгертулер Мемлекет басшысының назарында екенін көрсетеді. Педагог мәртебесі туралы заңы қабылданып, жүзеге асатын заң болады деп есептейміз. Мұғалімдердің жалақысына қатысты мәселелер осыған дейін де қаралған болатын. Бүгін де айтылды. Қазір ұстаздардың орташа айлық жалақысы 90 мың көлемінде болып отыр. Мұғалімдердің жалақысы санаты мен категориясына байланысты болатын. 4 жылдың көлемінде қосымша ақы көбейетіні айтылды», - деді Г.Қасымбекова.
Сонымен қатар, ол мұғалімдердің жаңа категория алудағы қиындықтары мен кедергілері де айтылғанын атап өтті.
«Оған енгізілетін тың жаңашылдықтар қаралып, еленіп барып жүзеге асырылса екен деген тілегіміз бар. Осы оқу жылынан басталады деп күтеміз», - деді ол.
Сондай-ақ, ұстаз ағылшын тілін оқыту 5-сыныптан бастап енгізілетіні барлығының көкейінде жүрген маңызды мәселе екенін атап өтті.
«Мен бұл жаңалыққа өте қуандым. Себебі, бала алдымен өзінің ана тілін оқып, шегелеп алуы керек. Оқушы 5 –сыныптан бастап та ағылшынды оқыса, тілге деген машығы сөнбейді деп ойлаймын. Барша қауым да осыны құптайды деп ойлаймын»,- деді ол.
Өз кезегінде Қызылорда қаласынан келген ұстаз Ізбас Алтынболатова конференцияда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен ұсыныстары толғандырғанын атап өтті.
«Бізді толғандырып жүрген барлық мәселелер бүгін айтылды. Ол педагог статусын көтеру, еңбекақыны арттыру мәселелері. Оқу үрдісі бүгінгі заман талабына сай болу қажет. 4 жылда ұстаздар еңбекақысын екі есеге арттыру жаңалығы қуантты. Ағылшын тілін 1-сыныптан емес, 5-сыныптан бастап оқыту бастамасы да көңілден шықты. Президент ел ұстаздарының алдына көп тапсырма қойды», - деді І.Алтынболатова.
Сондай-ақ, ол қазір ұстаздарға дәптер тексеру мен сыныпқа жетекшілікке төлемақы қосылатынын айтты.
«Енді осының барлығы екі есеге өседі. Президент Үкіметке тапсырма берді», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
-
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек
-
Қазақстан халқы толықтай сапалы ауыз сумен қашан қамтамасыз етілмек
-
Ұстаздар күні: Мұғалім мәртебесін арттыру үшін қандай шаралар қабылданды
-
Астық өнімінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете ала ма
-
Президенттің тапсырмасын орындау үшін меморгандардың жауапкершілігін арттыру қажет - Л.Рамазанова
-
Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген мемлекеттік органдарды атады
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі әлі күнге толық шешімін тапқан жоқ - С.Шілдебай
-
Ұлттық кеңесте Президенттің сөйлеген сөзі (Толық мәтін)
-
Заңда ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары толыққанды қарастырылған – Ж.Каримова
-
Қ.Тоқаевтың мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)
-
Н.Нығматулин: Президенттің парламенттік оппозиция институтын құру туралы бастамасы заңнамамен бекітілді
-
Т.Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
-
Түркістан: Су тасқынынан келген шығын толық өтеледі
-
Қ. Тоқаевтың Мемлекеттік комиссия отырысындағы сөйлеген сөзі (Толық мәтін)

