• Басты
  • Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында бірқатар тапсырмаларды жүктеді
16 Тамыз, 2019 12:16

Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында бірқатар тапсырмаларды жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылы қарсаңында Тамыз конференциясы өтті. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам ұстаз келді. Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Тамыз конференциясы шеңберінде 7-15 тамыз аралығында тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Тамыз конференциясында айтылған ұсыныстар мен Президенттің тапсырмаларын келесі материалдан оқи аласыздар.
Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында бірқатар тапсырмаларды жүктеді

Өңірлерден келген ұлағатты ұстаздар өз тәжірибелері мен ұсыныстарын жеткізді. Алғаш болып сөз алған Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучье қаласының 2 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дамир Сұрағанов еліміз білімсіз ешқандай даму болмайтынын жақсы білетінін жеткізді. 

"Елбасының білім саласына ерекше көңіл бөлуі осының айқын көрінісі.Оқу жылының басындағы басты жиынға Президенттің қатысуы білім саласына қамқорлықтың арттыратынына сенім арттырады. Бұл үлкен жауапкершілік, бізді қанаттандырады. Қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу біздің басты індетіміз болып табылады. Біз әрине, оны сезінеміз. Сол себепті де, тың идеялар мен озық технологияларды меңгеру біздің  басты мақсатымыз болып табылады.Бірақ, қзіргі таңда жас мамандардың біліктілігі мен білімі кейде көңілден шықпай жатады. Бұның бірден -бір себебі, конкурстың жеңілдігі болып табылады. Сол себепті, оларды қайта оқыту мен бліктілігін қайта арттыру мәселесін қарастыру керек. Білім саласында оқушының белгілі бір жетістікке жетуі және болашақ мамандықты таңдау мұғалімнің тікелей біліктілігіне байланысты болады", - деді Д.Сұрағанов. 

Сондай-ақ, ол тез дамыған заманда мұғалмдердің тез бейімделіп, жаңа технологияларды жылдам меңгеруге, оны оқушыларға жеткізуге дайын болу қажеттігін айтты. 

"Өкінішке қарай, қазір оған барлық ұстаздарымыз дайын болмай отыр. Қазіргі кездегі тағы бір маңызды мәселе - ұстаздар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас.Барлығымыз ата-аналар жиналысқа неге келмейді, баласының үлгерімін неге білмейді? деген сұрақтар көп.Бұл үрдіс бұрыннан келе жатқан ата-аналар жиналысының өзекті болмай қалуы. Осы мәселені қолға алу керек.Легитимділікті де дамыту қажет", - деді ол. 

Өз кезегінде ата-аналардың пікірін Батыс Қазақстан облысы Орал қласының  44 мектебі оқушысының анасы Клара Есқалиқызы 7 баланы оқытып, тәрбиелеп отырған ана екенін жеткізді. 

"Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, мектептегі білім беру мен тәрбие арасындағы сабақтастықтың жоқтығы дертке айналып бара жатқанын айтқым келеді. Әл-Фараби бабамыз "Тәрбиесіз берілген білім-адамның хас жауы" деп айтып кеткен. Қазір оқушылардың зиянды әрекеттерге қызығуы, қызығушылықтың көбеюі олқылықтарға әкеліп отыр. Оны біз әлеуметтік желілерден көріп отырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар, ол тәрбиені арттыру мақсатында "Жас отбасы" мектбін ашуды ұсынды. 

"Сондай-ақ, ата-аналар мен ұстаздардың бірігіп ата-аналар қауымдастығын құруды ұсынамын. Ол тәрбиені арттыруға үлкен септігн тигізетін еді", - деді ол 

Өз кезегінде Балалар құқығы бойынша өкілетті Аружан Саин денсаулық сақтау және блім беру салаларында болып жатқан жақсы жаңшылдықтар қуантатынын айтты. 

"Біз барлығымыз бірігіп, бір нақты мақсатқа бағдар алатын болсақ,барлық мәселелерді шешеміз. Бз  жастар мен балаларға мемлекеттің қарым-қатынасын өзгертуіміз қажт. Білім беру өте маңызды. Алайда, баланың мәдениет пен өнер арқылы адам ретінде дамитыны сөзсіз. Сондықтанды оқушыларды жан-жақты дамыту қажет", - деді ол. 

Ал, Тамыз конференциясына арнайы қатысып отырған Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев жиынның өте маңзды екенін атап өтті. 

«Дәстүрге айналған «Тамыз конференциясы» ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстазын ерекше қадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебелі мамандық иегерлеріне деген ықыласы ерекше екенін өте жақсы білесіздер. Мен де бүгін сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын», - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев ең алдымен білім және ғылым саласының барлық қызметкерлеріне ықыласын білдірді. 

«Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп ұлы Абай айтқандай ұстаз әрқашан білім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу аса жауапты әрі күрделі іс. Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір ұлттың құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз ұстазсыз адам болмайды, бәріміз де кезінде мұғалімнің тәрбиесін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау өте маңызды міндет», - деп айтт ҚР Президенті.

Ол тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы берілетінін атап өтті. 

«Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде әрбір тәрбиеші баланы ұлттық дәстүрмен тәрбиелеуге міндетті дейді. Ұлттық құндылыққа тамыры терең, діңі берек болады. Ата-баба аманат еткен ұланғайыр даланы аман сақтау ең алдымен жас буынға артылатын үміт. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс. Қазір жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгеріс әкеледі. Адам капиталына білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек», - деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен қатар, Президент ол  үшін бір орында тұрып қалмай іргелі жылжу басты мақсат болуы тиіс екенін жеткізді. 

«Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім –  жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі міндеті», - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, Президент үш тілде білім алуды енгізу маңызды  тақырып екенін атап өтті. 

«Үш тілде білім беру жүйесін енгізу күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты ешшуге келу қажет. Бұл өте маңызды. әрбір халықтың ана тілі білімнің кілті дейді академик  Ахмет Жұбанов. Сол сөз бізүшін негізгі ұстанымға айналуы тиіс. Үш тілде жүйеге көшу оқушылар мен білім беру бағдаралмаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте ғылыми жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының қаржылық мүмкіндіктеріне қарай оушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс»,- деді ол. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Елбасы қазақ тілінің  маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. 

«Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.үш тілдің біріншісі негізгісі бастысы маңыздысы бола береді деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5 сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал жоғары сыныптарда жаратылыстану техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарай жүргізу қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев тәрбиеге аса көңіл бөлуді тапсырд. 

«Мемлекеттік емес мектепке дейінші шағын ұйымдарда көп жағдайда тәрбиелік-білім беру процесі жоқ деуге болады. Тәрбиешілер мемлекеттік жалпыға ортақ стандарттарды сақтай бермейді. БАҚ арқылы біз балаларды сабау, олардың жайсыз жағдайда ұстау жайлы жағдайларды естіп жатамыз. Осы ретте мектепке дейінгі білім беру және тәрбие беру сапасын арттыру бағытында Үкіметке бірқатар шараларды, әсіресе заңнамалық шараларды қабылдауды тапсырамын. Бұл – басымдыққа ие тапсырма деп біліңіздер», - деді Президент.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев 12 жылдың білім беруге  кезеңдеп және жоспарлы түрде көшуді тапсырды. 

“Үкіметке  12 жылдың білім беруге  көшу бойынша жоспарлы жұмысты тапсырамын. Қайталап айтмын,ойластырылған және  кезеңдеп өту қажет. Ол 2025 жылға дейінгі білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы тиіс. Сондай-ақ, ТжКБ бағыты қалай дамитынын шешу қажет”, - деді Президент. 

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев “Жас маман” бағдарламасының тетіктері толық ойластырылмағанын атап өтті. 

“Үкімет осыған қатысты нақты әрі тыңғылықты шешім қабылдауы тиіс. Аталған жобаны іске қосу үшін нақты  мерзімді бекітіп, шараларды қабылдау керек”, - деді Президент.

Сонымен қоса, Қ.Тоқаев ұстаздардың жалақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырды. 

«Мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр. Экономикадағы орташа еңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім жүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын», - деді Президент.

Қ.Тоқаев педагогтардың мәртебесін шынайы көтеруді қамтамсыз ету маңызды екенін атап өтті.

«Қазір айтып жатқанымыздың барлығы мұғалімдерге байланысты. Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтардың жоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек. Педагог мәртебесі туралы заң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл ұстаз жүктемесін қысқарту, ар-абыройының сақталуына кепіл беру, материалдық ынталандыру. Соның ішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төлеу, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту, магистрлік деңгей үшін қосымша төлем және өзге де ынталандыру шаралары бар», - деді Мемлекет басшысы. Еске салсақ,

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев  үшауысымды және аз қамтылған мектептерге қатысты пікірін білдірді. 

“Бүгінгі таңда 7400 жалпы білім беретін  мектептердің ішінде 128-і үшауысымды болып отыр. 2019-2020 жылдары республикалық бюджет есебінен үшауысымды мектептерді жою үшін  35 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Тәуелсіздік жылдары 1198 мектеп салынды. Біз одан әрі мектептердің құрылысы мен қайта жөнделуін жалғастыратын боламыз”, - деді ол. 

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев БҒМ  мектеп құрылысы кезінде шығындардың тізімін жасауы керек. 

“Өңір әкімдері  өз аймақтарының демографиялық және көші-қон жағдайына есеп жүргізуі керек. Ол жаңа мектептердің құрылысы мен қайта жөнделу есебіне қажет. Аз қамтылған мектептерді қамту бойынша мәселе бар. Кей шалғай жатқан елдер тек мектептің бірлігі үшін өмір сүріп отыр. Мұндай мектептерді ойсыз жаба беруге болмайды. Ақылмен, ойластырылған қадам болуы тиіс. Әрбір шағын комплектілі мектептің ахуалы ауыл тағыдырымен тікелей байланысты. Ал, “Ауыл - біздің алтын бесігіміз”. Ата-бабамыздың мекені, терең тарихымыздың куәсі. Сондықтан да, оны сақтап қалуымыз қажет”, - деді ол. 

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев елдің білім саласына айрықша үлес қосқан мектеп мұғалімдерін марапаттады. 

“Өз ісін адал атқарып жүрген ұстаздарыды Мемлекеттік наградамен мараптттауға рұқсат етіңіздер”, - деді Президент. 

Өңірлерден келген ұстаздар “Құрмет” ордені мен “Ерен еңбегі үшін” және “Шапағат” медалімен, ҚР Президентінің атынан алғыс хат және “Ы.Алтынсарин”, “Білім беру ісінің құрметті азаматы” төсбелгісімен марапатталды. 

Аягөз Құрмаш 

Фото: Артем Чурсинов

Материал толықтырылуда 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды