- Басты
- Жаңалықтар
- Латын графикасына көшуде педагогтардың дайындығы кезең-кезеңімен өтеді
Латын графикасына көшуде педагогтардың дайындығы кезең-кезеңімен өтеді
Ерден Задаұлы,педагог қызметкерлердің тамыз конференциясынан не күтесіз? Бұл шараның педагог мәртебесіне әсері қандай болмақ?
Латын әліпбиінің енгізілуіне білім саласы, педагогтар дайын ба?Білім және ғылым министрлігі ұстаздарға арналған Тамыз конференциясын жыл сайын өткізіп отыратындығын білесіздер. Биылғы конференцияның мазмұны да, форматы да бұрынғылардан өзгеше болмақ. Өйткені білім беру мен ғылым саласындағы бұрыннан қордаланып қалған – оқулықтардың сапасы, мемлекеттік тілдің дамуы, ғылым салаларының кенжелеп қалуы және т.б. шешімін таппай жүрген мәселелер күн тәртібіне енгізілген. Осы сияқты және өзге де маңызы зор мәселелер, әсіресе, ұстаз мәртебесін көтеру жұмыстары Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық мақсаттарына жатады және сөз жүзінде емес, «Жол картасы» сияқты нақты стратегиялық жоспарлары мен іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Сондықтан Тамыз конференциясында қабылданған шешімдер жалпы білім беру мен ғылым саласын дамытуға да, педагогтардың мәртебесін көтеруге де ерекше үлес қосады деген сенімдеміз.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27-р Өкіміне бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл Өкімде жалпы еліміздің, соның ішінде білім беру саласының латын графикасына көшуіне байланысты іс-қимылдар нақты қамтылған.Білім және ғылым министрлігіне бағынысты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының негізгі қызметі латын графикасына көшудің ғылыми негіздерін жасау болса, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Өкімге сәйкес басқа да құзыретті мемлекеттік органдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелерімен айналысуда. Сондықтан латын графикасына көшу бойынша жұмыстар білім саласында, педагогтарды дайындауда кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Бұл өзгеріс педагог қызметіне қалай әсер етеді?
Латын графикасы – қазақ халқы қолданған және қазіргі кезде әлемнің 80 пайыз елі пайдаланатын әліпби. Сонымен қатар Өкімде белгіленген жалпы орта білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, оқулықтарды қайта шығару және т.б. қажетті іс-шаралар уақытылы және сапалы түрде жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты латын графикасын енгізу бойынша іс-қимылдар педагогтардың қызметін жетілдіруге оң әсер етеді деп ойдамыз. Өйткені латын графикасына көшу ұстаздардың әлемдік ақпаратпен өздігінен етене танысуына, сол арқылы мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеруге де септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Сұхбаттасқан Айдана Абдрахманова
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар