- Басты
- Тамыз кеңесі - педагог қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болады – сарапшы
Тамыз кеңесі - педагог қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болады – сарапшы

"Жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басшысы Роза Садыкова осы жылығы тамыз кеңесі ерекше өтетінін атап өтті.
«Жыл сайын педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесін жыл сайын күтеміз. Осы жылы ерекше болайын деп отыр. Өйткені еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Президенттің қатысатындықтан көп мәселел шешіледі деп ойлаймын. Ертең өтетін тамыз конференциясы мұғалімдердің мәртебесін, соған сай еңбекақысын көтеруге маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. ҚР Білім және ғылым министрлігінің тізгініне жас, заманауи шенеунік келгелі, көптеген игі жаңалықтарды күтеміз. Ертең министрдің қабылдауына кіремін, онда оқулық саны және сапасы туралы мәселелерді көтерейін деп отырмын», - деді Р.Садықова.
Сондай-ақ, ол білім саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілі ретінде жекеменшік мектептер мен білім беру ұйымдарындағы мәселелерді де көтеріп жүргенін жеткізді.
«Оқулықтардың сапасын арттыру үшін, оқулықтардың сапасын қадағалайтын тәуелсіз комиссиясының мүшелігіне біз сияқты үкіметтік емес ұйым өкілдері де кіру керек деп ойлаймын. Дегенмен, біздің үкімет жекеменшік білім беру ұйымдарына да көп мүмкіндік беріп отыр. Жалпы, өз басым кәсіпкерлерді жаңа мектеп ашуға, жекеменшік білім саласына атсалысып білім берудегі бәсекелестікті қалыптастыруға шақырамын. Алайда түйіткілді мәселелер жоқ емес. Жекеменшік мектептерге оқулық жетіспейді. Білім министрлігін басқарып отырған жас буын өкілі сеңді қозғалтып, ертеңгі кездесуден кейін мәселемізді шешуге атсалысатынына сенімім зор», - деді Роза Шәріпқызы.
Ал "Қазақстандағы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева қауымдастықтың 720 мыңнан астам мүшесі бар екенін айтты.
«Біз Қазақстандағы ең ауқымды ұйым болып есептелеміз, 720 мыңнан астам кәсіподақ мүше бар. Олардың арасында мұғалімдерден бөлек студенттер, зейнеткерлер де бар. Біздің мақсатымыз педагогтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтықтары мен еңбек қызығушылықтарын шешуге атсалысу. Мәселен, 2018 жылы заңсыз жұмыстан шығарылған 44 ұстаз біздің Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына жүгініп, біздің араласуымызбен олар жұмыстарына қайта қабылданды. Оның ішінде 6 ұстаз сот арқылы жұмысқай қайта кірді. Сонымен бірге заңсыз жұмыстан шығару қауіпі төнген 113 ұстаздың мәселесін шешуге атсалыстық. Олар жұмысын әрі қарай жалғастырды. Мұғалімдердің еңбекақысын заңсыз ұстау немесе іссапар шығындарын дұрыс есептемеу сияқты қаржыға байланысты қиындықтар да жиі болып тұрады. Былтыр, яғни 2018 мұғалімдердің заңсыз ұсталған 350 миллион теңгеге жуық ақшасын қайтаруға атсалыстық», - деді ол.
Айдана Абдрахманова
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі
-
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев
-
«Antikor Live»: Жыл басынан бері 28 лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталды – тергеуші
-
Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақаладан еш қайыр болмайды – Тоқаев
-
Тоқаев: Болашақ – технология мен инновацияның еншісінде
-
ИНФОГРАФИКА: Дені сау ұлт қалыптастырудағы міндеттер – 2021
-
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы

