- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту қалай жүзеге асырылуда
Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту қалай жүзеге асырылуда
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша спорттық нысандарға қажеттілік жоғары аумақтарда 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталғанын айтты.
«Жергілікті әкімдіктермен бірге 2019 жылы салынатын жобалар тізімін нақтыланды. Биыл 22 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2020 жылы - 34, 2021 жылы – 44 нысан салынады. Аймақтарда дене шынықтыру- сауықтыру кешендерінің 100, 160 және 320 орындық типтік жобалары қарастырылған.Жоғарыда аталған кешендердің құрылысы жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Сонымен қатар, министр волонтерлар жылына арналып «Жас аула» жобасы жарияланады.
«Жас аула» - бұл жастардың физикалық қана емес, моральдық тұрғыдан ақыл-ойын жетілдіру, мәдениет, спорт, білім саласындағы біліктіліктерін арттыру. Аз қамтылған отбасылардың балалары демеушілердің арқасында «Жас аулада» тегін оқи алады», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Ол атағандай, қазіргі уақытта бағдарламаға волонтерларды тарту көзделіп отыр.
«Жастардың патриоттық сезімін ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында еліміздің үш қаласы Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында 30 тамыздан «Qazaqstan Zhastar FEST» атты бірегей жоба басталады.Болашақта бұл жоба еліміздің басқа да өңірлерінде жалғасын табады. Қазақстан бойынша 15 мыңнан астам жасты осы жобаға тартамыз деген жоспар бар», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министрліктің жүргізген талдауына сәйкес, өңірлерде спорттық залдарға деген қажеттілік – 1 млн 457 мың шаршы метрді құрайды.
«Мектеп оқушылары арасында спортты дамыту кәсіпкерлер де демеушілік көрсетуде. «Қазақмыс» АҚ бастамашылық танытып Жезқазған қаласындағы спорт инфрақұрылымдарын салу және күрделі жөндеу, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу арқылы сәтбаевтық кеншілердің балаларын спортқа баулуға бағытталған «Намыс» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министрдің айтуынша, әсіресе шалғай елді мекендерге қол ұшын созу басты назарға алынып отыр.
«Әуесқойлықтан кәсіби спорт әлеміне жол салатын студенттік спортқа, оған қажетті инфрақұрылымды жақсартуға және бапкерлерді қолдауға аса мән беріліп жатыр.Халықаралық тәжірибелерге сүйенетін болсақ, спорттық стадиондарға олимпиадалардың жаңа жұлдыздары мен жанкүйерлердің кумирлері тап осы университеттік командалардың арасынан шығады», - деді ол.
Ол атап өткендей, республиканың 131 жоғары оқу орынында 113 спорт клубы мен 2 мыңға жуық спорт секциялары ашылған. Оларда 177 мың студент спортпен айналысады, ол жалпы студенттер санының 32,3%-ын құрайды. Сондай-ақ, 772 колледжде 268 мыңнан астам студент спортпен шұғылданады.
Сондай-ақ, А.Райымқұлова елде параолимпиадалық спорт түріне де ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
«Заң бойынша бізде 1,2 санаттағы мүмкіндігі шектеулі адамдар тегін спорт кешендеріне бара алады. Ал, 3 топтағы мүгедектер 50 пайыз жеңілдікке ие. Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік параолимпиада орталығы бар. Қазір көптеген спорттық инфрақұрылымдарды мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімдеу мәселелерін шешіп жатырмыз. Еліміздің ірі қалаларында 13 параолимпиадалық пункттер бар», - деді А.Райымқұлова.
Сонымен қатар, министр Димаш Құдайберген Қазақстанның брендіне айналғанын айтты.
«Бүгінгі таңда МСМ жас таланттарға барынша қолдау көрсетеді. Республикалық, халықаралық байқауларға қатысуда қолдау көрсетеді. Бұл орайда Д.Құдайберген еңбек арқылы өзінің мақсатына жетудің жарқын мысалы. Өте талантты жан. Осыған дейін көптеген қалаларда концерті ұйымдастырылды. Қазір біз Нью-Йорк қаласында концерт ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Қазір әлем Димашты мойындап отыр. Жылдың соңында Америкада концертін өткізбекпіз», - деді А.Райымқұлова.
Сонымен қатар, министр бір жылдан кейін өтетін Токио Олимпиадасына дайындық басталып кеткенін айтты.
«Олимпиадаға дайындық белсенді жүріп жатыр. Осы жылдың көлемінде ұлттық құрамадағы ойыншылар 28 лицензиялық әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына және 12 әлемдік іріктеу турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Онда Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу квоталары сарапқа салынады», - деді ол.
Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Олимпиадада 10 шақты медаль болатынын болжады.
«Біз планканы төмен түсірмейміз. Жұмыс істеп жатырмыз. Олимпиада ойындарына арналған арнайы бағдарлама бар. 3 жыл бұрын өткен Олимпиадада алған медальдер санын төмен түсірмеуді ойлаймыз. Жас спортшыларды дайындап жатырмыз. Құрамаға легионерлерді көп қоспаймыз», - деді С.Сапиев.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр