• Басты
  • Қазақстан жолдарының қауіпсіздігі мен ақысы қалай реттеледі
15 Тамыз, 2019 11:22

Қазақстан жолдарының қауіпсіздігі мен ақысы қалай реттеледі

Еліміздегі жолдардың басым бөлігі қайта жаңғыртудан өтіп,күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменістан Республикасының шекарасы» автожолының 73 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан өңіріндегі республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 415 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.

Қазақстан жолдарының   қауіпсіздігі мен ақысы  қалай реттеледі | Strategy2050.kz

Аталған  жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І «Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады. Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төседі.

Учаскеде 25 темірбетон құбырлар орнатылды. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген.

Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық мамандар мен 565 бірлік техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылады.

Қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.

Сонымен қатар,  Шығыс Қазақстан өңіріндегі республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 415 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары өз мәресіне жеткеннен кейін автожол ІІІ-техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа келтіріледі. Жоспар бойынша жолдың ені 9 метрге кеңейтіліп, толық 2 жолақты болады.

Жоба аясында 242 су өткізгіш құбырдың, 47 көпірдің, 9-жол айрығының құрылысы және жол бойында жылыту пункттерін орнату көзделген. Учаскедегі мердігерлер – «СиньСин» ҚГК» ҚФ және «ҚазГерСтрой» ЖШС құрылыс консорциумы.

Бүгінгі таңда жолшылар ескі жол жабынын алып, жер қазу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, айналма жолдың құрылысы да жүргізілуде. Ағымдағы жылы Қалбатау ауылын айналып өтетін жолдың 9 шақырымын ІІ техникалық санатқа келтіріп, 2-жолақ бойынша жол қозғалысын ашу жоспарланған.

Нысанда 670 білікті маман мен 380 жол-құрылыс техникасы жұмыс жасауда. 5 жылға жоспарланған «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының қайта жаңарту жұмыстары 2022 жылы аяқталады.

Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ ақылы жолдардың сапасын жақсарту мақсатында «QazAvtoJol» ҰК АҚ-ның «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған жұмыстар атқаруда. 

Бүгінгі таңда  ақылы автожолдарда жол-көлік апатының орын алуына бірнеше себептер бар. 

Олар:жол қозғалысы жылдамдығын сақтамау, бір бағытта қозғалатын көліктер арасындағы қашықтықты сақтамау, көліктегі техникалық ақаулықтар, жүргізушілердің шаршауы, малдың жолға шығып кетуі, жаяу жүргіншілердің жолға шығуы.Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақылы учаскелерде келесі жұмыстар атқарылуда», - делінген хабарламада.

«Нұр-Сұлтан - Щучинск» учаскесі бойынша:

- көліктің нөмірлерін (GRNZ) анықтау және автомобиль жолдарындағы қозғалыс жағдайын бақылау үшін 2017 жылы 83, 108, 146, 206 км орналасқан «аркаларда» арнайы камералар («Автоураган») орнатылды;

- жол бойындағы қоршаулары тармақталатын жерлерде жол тұғырлары (буфер) орнатылды;

- жолдың 20 км, 74 км және 230 км орналасқан 4 жарықдиодты тақтаның көмегімен жүргізушілерді жолдағы жағдай, ауа-райы және метеорологиялық жағдайлар туралы және пайда болған қауіптер (болған жағдайда) туралы ақпараттандыру.

Нұр-Сұлтан-Теміртау учаскесінде:

- төлем қабылдау пунктіне кірер жолдың үстіне дыбыс жолақтары орнатылды;

- 1.24 «Максималды жылдамдық шегін азайту» жол белгілері орнатылды.

«Алматы - Қапшағай» учаскесінде:

- төлем қабылдау пунктіндегі жол бөліктерін бөлу жолақтарында жарық сигналдары (стробскоптар) орнатылды.

«Алматы - Қорғас» учаскесінде:

- төлем қабылдау пунктіндегі жол бөліктерін бөлу жолақтарында жарық сигналдары (стробоскоптар) орнатылды.

- төлем қабылдау пунктіне кірер жолдың үстіне дыбыс жолақтары орнатылды;

- екі жол айырығында жарықты шағылыстыратын КД-6 құрылғылары орнатылды. 

«Барлық учаскелерде тәулік бойы тексеру жүргізіледі, жол тазалайтын техникаларға (автогрейдер, КДМ) арнайы    қондырғылар қойылып, жарықдиодты жол белгілері орнатылған. Жүргізушілермен байланыс орнату үшін WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілерінде арнайы топтар ашылған, шаруа қожалықтары мен мал иелерімен үй жануарларын жолға шығармау туралы түсініктеме жұмыстары үнемі  жүргізіліп тұрады», - делінген «ҚазАвтожол» АҚ-ның мәліметінде.  

Сонымен қатар, «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы ағымдағы жылы келесі іс-шараларды жоспарлауда: 

- қосымша дыбыс жолақтарын және 1.24.2 («Максималды жылдамдық шегі») орнату;

- «Максималды жылдамдықты шектеу» қосымша көлденең жол белгілерін орнату, сонымен қатар төлем қабылдау пунктінде 4.2.3 «оң және сол жақтағы кедергілерді айналып өту» белгісін және 3.24 «төлем қабылдау пунктінде максималды жылдамдықты шектеу» жарықдиодты жол белгілерін орнату;

- жарықты шағылыстыратын KД-6 және KД-5 (LED) қосымша құрылғыларын орнату.

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды