- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық, экономикалық тиімділігі
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық, экономикалық тиімділігі
Эко белсенділердің сөзінше пластмассалар мен полиэтиллен (целлофан) пакеттердің табиғатта ыдырап, жойылып кетуі үшін 200 жылдай уақыт керек. Ал, пластик өнім сынып қалса да оны 7 рет қайта өңдеуге болады. Мұнай таусылмайтын шексіз шикізат болмағандықтан тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, айналымға енгізу – Қазақстан алдындағы басты міндет.
Тұрмыстық қалдықтарды қайда өткіземін?
Елдегі бірқатар қалаларда қайта өңделетін шикізатқа арналған жасыл контейнерлер мен пластикке арналған торлар қойылып жатыр
Ал, егер белгілі бір қалдықтар үшін ақы алғыңыз келсе, еліміз бойынша әр қалада тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды, яғни макулатураларды қабылдап, қалдықтардың әр келісі үшін белгілі бір ақы төлейтін кәсіпорындармен байланысуға болады. Мысалы, «Kagazy Recycling» компаниясы газеттер, кітаптар, журналдар, буклеттер, тетра-пакеттер, тегіс және гофр картон қораптарын, сондай-ақ пластикалық бөтелкелерді қабылдайды. Өз қалаңыздағы компания филиалына хабарлассаңыз, компания өкілі үйіңізге келіп аталмыш тұрмыстық қалдықтардың әр келісі үші ақы төлеп алып кетеді. Толық мәліметпен танысып, қалаңыздағы тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын компаниямен байланысу үшін, мына сілтемені басыңыз.
Мұндай экошаралар үшін мобильді қосымшалар да іске қосылып, тұрғындармен жұмыс істеуде. Мәселен, Алматы қаласы бойынша әр-түрлі тұрмыстық қалдықтарды қабылдаумен айналысатын «Tazalyk», «Ecocity» сияқты мобильді қосымшалар ең көп макулатура өткізген тұрғындарға сыйлықтар тапсырып, әр келісі үшін ақы төлейді.
Ал, қазіргі уақытта Қазақстанның кейбір қалалары үшін «Ескісін тапсырып – жаңасын ал» акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 64-25-33 телефон нөміріне, Алматы қаласының тұрғындары 11-54-52 немес 8 777 669 55 55 телефон нөміріне, қарағандылықтар 8 701 439 84 64 және сонымен біре Ақтөбе қаласының тұрғындары 8 707 634 34 28, павлодарлықтар 8 776 812 80 90 телефон нөміріне хабарласып, үйіндегі тоңазытқыш, мұздатқыш, ыдыс жуатын машина, электроплита сияқты істен шыққан тұрмыстық техникаларын өткізіп, орнына 16 500 теңге көлеміндегі сомаға жаңа техникаға сертификат алады. Сол сертификатпен қаладағы техникалық дүкендерден қажетті техникасын сатып алатын кезде 16 500 теңгеге жеңілдік жасалынады. Сондай-ақ акцияға қатысушылар сараптамадан өткен, электр энергиясын аз жұмсайтын техникалар алады. Бұл мәліметті Қазақстандағы БҰҰ ұйымдастырған «орнықты даму мақсаттары» семинарында акция жетекшісі Сергей Васильев айтып берді.
Қоқысты қалай сұрыптау керек?

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Мұса Танабаев әр үйде қоқыс жинауды қалай ұйымдастыруға болатынын айтып берді.
«Туған жеріміздің және қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды бастауымызы керек. Ал, ең алдымен үйде қоқыстарды сұрыптауға кіріспес бұрын, қалдықтардың қайсысы сұрыпталатынын және қайсысы сұрыптауға жатпайтын алдын-ала анықтап аламыз. (ред. Суреттен қараңыз). Қайта өңделетін қалдықтарға қағаз (картон), пластик (ПЭТ бөтелкелер мен сөмкелер), шыны, металл, тұрмыстық техника жатады. Ал, қайта өңделмейтін қалдықтар қатарына чектер, майлықтар, бір рет қолданылатын (қағаз) стакандар, пергамент, тамақ қалдықтары, жеке жеке гигиена құралдары және басқалары кіреді. Қалдықтардың түрлерін анықтағаннан кейін оларды екі түрлі контейнерге бөлек сұрыптап, қоқыс алаңында орналасқан тиісті контейнерге тастау керек. Сары контейнерге өңделетін қалдықтарды саламыз. Ал, сұр және жасыл түсті контейнерлерге қайта өңделмейтін қалдықтар салынады», - деді ол.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуы экологиялық маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мұндай үйінділер анықталған жағдайда Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдері аппараттары оларды жоюмен айналысады. Атап айтқанда, 2019 жылдың басынан бастап 185, 2018 жылы 100-ге жуық рұқсат етілмеген полигон жойылған. Елорда әкімдігі бұл бағыттағы жұмыс жалғасыпа жатқанын, қаржылық шығындар туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу порталынан алуға болатын жеткізді.
Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Австрия мемлекеті әлемде қоқысты қайта өңдеу бойынша ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл елдегі қоқыстың 63%-ы полигондардан жиналып, әрі қарай өңдеуге жіберіледі. Дегенмен Германия да Австриямен деңгейлес. Бұл елде қоқыстың 62%-ы қоқыс полигондарынан шығарылып, қайта өңделеді. Ал, Қазақстанда әзірге тұрмыстық қалдықтардың 10%-ы ғана қайта өңделеді.
Айдана Абдрахманова
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары