- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы ішкі аудит қатерлері мен перспективасы қандай
Қазақстандағы ішкі аудит қатерлері мен перспективасы қандай
Елімізде 2019 жылдың алғашқы жеті айында 719 миллиард теңге бюджет қаражатына аудит жүргізілген. Аталмыш аудиторлық тексерістің нәтижесі бойынша жалпы сомасы 121 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталыпты. Оның ішінде 114 миллиард теңгеге заң талаптарын бұзу түзетіліп, 7 миллиард теңге қалпына келтірілді. Сондай-ақ, 2 миллиард теңге өтеліп, 105 миллиард теңге есеп бойынша көрсетілген. Ал, камералдық бақылаудың арқасында жалпы сомасы 6 триллион теңгеге 1 миллион мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылып, оның нәтижесінде 379 миллиард теңгенің құқық бұзушылығына тосқауыл қойылды.
Ішкі аудит – заң бұзушылықтың алдын-алуы тиіс
Қазақстан Республикасының Ішкі аудиторларының ұлттық конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі аудиторлардың негізгі қызметтері қандай болу керектігіне тоқталды.
«Қазақстан Республикасында ішкі аудит қызметтері 2018 жылы үлкен жұмыс атқарған болатын. Олар көптеген мекемелер мен кәсіпоырндардан және ұйымдардан ауқымды заңбұзушылықтар тапты. Дегенмен, заң бұзушылықты табу – ішкі аудиттың негізгі мақсаты емес. Ішкі аудит – ең алдымен, ол заң бұзушылықтардың жолын кесумен анайлыспай, оның алдын алу керек. Осы тұста "ІАҚ рөлі белсенді болуы тиіс" және ішкі аудиторларды маңызды қағидатты пайдалануға және алдын алу тетіктерінің рөлін күшейте отырып, жүйелі проблемаларды көруге шақырамын. Олар кәсіпорынның яки белгілі бір мекеменің жұмыс тәсілі мен мәдениетін оңтайландыруы тиіс. Елімізде кәсіби аудиторлық қауымдастықты құру өте маңызды. Қазақстан Заңында ішкі және сыртқы аудит бөліп көрсетілген. Дегемен олардың еш айырмашылығы жоқ сияқты. Алайда олардың біршама айырмашылығы бар. Мәселен, ішкі мемлекеттік аудит немесе аудитор - ұйымның басқару командасының бір бөлігі. Ал, сыртқы аудит қаржылық-шаруашылық қызметтегі барлық ақпаратты әділ түрде ашуды көздейді. Аудит қызметіне – аудиторлардың кәсіби сапасы, аудитордың ұйым ішіндегі іс-әрекеттері және оның мәдениеті үш негізгі тірек. Алайда қазіргі кезде аудиторлар тек бақылау мен ревизорлық қызметтен арыла алмауда. Дегенмен қалыптасқан жүйені өзгерте алмай келеміз. Осы тұста, ішкі аудит қызметтері ұйымның қателікті тауып, жазалайтын «бөгде нәрсе» болмағаны жөн мұнда басты нәрсе – ішкі мемлекеттік аудиторлардың мәдениетін өзгерту болып табылады. Енді осы ішкі өзгерістер бойынша алдымызда үлкен міндет тұрғандықтан құқықтық-нормативтік, заңнамалық актілерді өзгертуге дайынбыз және кез-келген оңтайлы ұсынысты қабылдаймыз», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев.
Мемлекеттік сатып алуда қандай қатерлер бар?
Datanomix ЖШС Басқарушы серіктесі Виталий Тренкеш Мемлекеттік сатып алудағы нормативтік-құқықтық акт талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне қатысты бірқатар мәселелерді ашып көрсетті.
Мәселен, мемлекеттік сатып алу порталында тек қана өзі қалаған жеткізушіні ғана қатыстырғысы келсе, қызмет атауларын әдейі латын әріптерін араластырып жазатын көрінеді.
«Әдетте мемлекеттік сатып алуда бастапқы бағаның тым жоғары қойылуы, жыл соңында жедел сатып алу процессі, латын әріптерін араластырып жазу және орфографиялық қателер, жеткізу мерзімін қысқарту, келісім-шарт сомасын төмендету, бір дереккөзден негізсіз сатып алу сынды қатерлердің алдын-аламыз. Қазір жүйеде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 13 миллиардтан астам теңгенің 5,5 миллион келісім-шарты жасалынды. Осындай статистикаға қол жтекізу арқасында қатерлердің алдын аламыз. Кейбір қызметтің енді ғана жариялану стадиясында қатерлерді алдын-ала ескертіп, сатып алу алынып тастауға мүмкіндік туады. Ал келісім-шарт жасалынып, қызмет құралдары сатып алынып қойғанда постфактум шаралары іске асады. Кейбір тапсырыс берушілер конкурсқа қатысушылардың санын шектеп, өзінің жеткізушілерінің ғана қатысуын қалап, әдейілеп латын әріптерімен қызмет атауларын жазады. Нәтижесінде конкурсқа қатысқысы келген жеткізуші порталдың іздеу функциясы арқылы белгілі бір қызметті тапқысы келіп, сөздерді тергенде тиісті қызметті тапппай қалу мүмкін. Мәселен бір жеткізуші «труба» сөзіндегі бақандай үш әріпті латын әріппен жазған», - деді Datanomix ЖШС Басқарушы серіктесі Виталий Тренкеш.
Қаржы министрлігі АХҚО Бюросында барлық аудиторларды оқытуды көздеп отыр
Астана халықаралық қаржы орталығы Бюросының басты миссиясы адам капиталын дамыту және жоғары білікті мамандар пулын қалыптастыру. Бюро халықаралық институттармен ынтымақтасып, сертификатталған аудиторларды оқыту және қайта даярлау бойынша курстар өткізетінін атап өткен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы» АҚ басқарма мүшесі Ернұр Рысмағамбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығы Бюросында қазақстандық аудиторлар үшін жаңа халықаралық бағдарлама іске қосылып, соның арқасында қазақстандық аудиторлар біліктілігін арттыра алатынын жеткізді.
«Астана халықаралық қаржы орталығы» Бюросында қазақстандық аудиторлар үшін жаңа халықаралық бағдарламасы іске қосылатын болады. Жаңа жоба ҚР Қаржы министрлігі, АҚХО Бюросы және CIA (Certified Internal Auditor) халықаралық сертификаттау тобы бірлесіп ұйымдастыратын болады. Қазіргі таңда АХҚО Бюросында қаржы, инвестиция, бухгалтерлік есеп және аудит саласында онға жуық бағдарламаның негізгі міндеті - ішкі және сыртқы аудиторларды қайта дайындаудан және оқытудан өткізеді. Нәтижесінде аудиторлардың халықаралық деңгейге шығару мүмкіндігі туады. Оқыту бағдарламасы күзде басталады. Әрі оған дейін оқытушылар мен тренерлер іріктеліп, дайындықтан өтеді. Қыркүйектен бастап Астана халықаралық қаржы орталығында сабақ берушілер дайындықтан өтуді бастап кетеді. Содан кейін пилоттық режимде Қаржы министрлігімен бірлесіп, кішігірім топ құрып, аудиторларды оқыту басталады», - деді АХҚО Рысмағамбетов
Ал, Қаржы министрлігі қазіргі кезеңде барлық аудиторларды қайта оқытуды жоспарлап отырған көрінеді. Алайда оқыту формасы әлі талқылану үстінде. Оқыту ақылы және тегін формада болуы мүмкін.
«Біздің барлық бағдарламамыз бойынша оқу – ақылы. Алайда сынақты сәтті тапсырған жағдайда оқушының барлық шығыны қайтарылады. Сондықтан жоспардағы бағдарлама осындай жүйемен іске асуы мүмкін. Ағылшын тілінде өтетін халықаралық оқыту бағдарламасы мемлекеттік, барлық ішкі квазимемлекеттік, жеке бизнес аудиторларына қолжетімді. Сөйтіп кез-келген аудитор АХҚО Бюросы базасында білім алып, халықаралық білікті ішкі аудитор мәртебесін ала алады», - деді АХҚО Бюро өкілі Ернұр Рысмағамбетов.
Жалпы Нұр-Сұлтан қаласында өткен алғашқы ішкі аудит мәселелеріне арналған ұлттық конференциясының қатысушыларына ұйымда ішкі аудит функциясын қабылдау/имиджді жақсарту бойынша ішкі аудитті жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды шешу, ішкі аудиттегі үрдістер, ішкі аудитте жаңа технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды.
Айдана Абдрахманова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды