• Басты
  • Қазақстанда мемлекеттік бюджет қалай игеріліп жатыр
13 Тамыз, 2019 12:42

Қазақстанда мемлекеттік бюджет қалай игеріліп жатыр

2019 жылғы 7 айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндалды. Мәселен, мемлекеттік бюджет бойынша кірістердің өсу қарқыны 114,5%-ті, республикалық бюджет бойынша - 118%-ті және жергілікті бюджет бойынша - 106%-ті құрады.
Қазақстанда  мемлекеттік бюджет қалай игеріліп жатыр

ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Берік  Шолпанқұлов айтып өткендей, бюджеттердің барлық деңгейлерінде қаражатты игеру былтырғы жылға қарағанда жақсарды.

«Мемлекеттік бюджет бойынша – 98,4%-ті, республикалық бюджет бойынша - 98,9%-ті және жергілікті бюджеттер бойынша - 98,2%-ті құрады.Мемлекеттік бюджетке 4 трлн. 984 млрд.теңге кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) түсті, немесе жоспарға 103,6%.Республикалық бюджеттің кірістері 102,2%-ке атқарылды немесе бюджетке 3 трлн. 607 млрд.теңге түсті», - деді Б.Шолпанқұлов.

Сонымен қатар, биылғы кезеңдік   жоспар   79 млрд.теңгеге артық орындалды.

«Бюджетке салықтар былтырғы жылға қарағанда 555 млрд.теңгеге артық түсті. Мұндай өсім негізінен қосылған құн салығы – 293 млрд.теңге, корпоративтік табыс салығы – 144 млрд.теңге, экспорттық кеден бажы – 92 млрд.теңге есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, экономиканың барлық салаларында макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтеміз (2018ж. қаңтар – маусымға қарағанда 2019ж. қаңтар-маусымда өсу қарқыны: құрылыс - 111,1%, сауда - 107,5%, көлік–105,3%, ауыл шаруашылығы - 103,8%, өнеркәсіп - 102,6% және байланыс -101,7% құрады)», - деді ол.

Сонымен қатар,   жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 107,5%-ке немесе 1 трлн. 378 млрд.теңге атқарылды. 

«Жоспардан тыс 97 млрд.теңге түсті.Кірістер бойынша жоспар Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, барлық өңірлер бойынша артығымен атқарылды. Республикалық бюджет шығыстары 98,9%-ке немесе 6 695 млрд.теңгеге игерілді.72 млрд.теңге атқарылмаған, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу – 15 млрд.теңге. Игерілмегені – 57 млрд.теңге.Игерілмеудің негізгі сомасы келесі мемлекеттік органдарда қалыптасты: Ішкі істер министрлігі – 8,8 млрд.теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 7,4 млрд.теңге, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - 6,2 млрд.теңге, Мәдениет және спорт министрлігі - 4 млрд.теңге», - деді Б.Шолпанқұлов.

Сонымен қатар,  игерілмеуге бірқатар   факторлар әсер екен.

«Бірінші, өткізілмеген (болмаған) конкурстар – 4,4 млрд.теңге, оның ішінде 3,1 млрд. теңге – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің байланыстың әмбебап қызметтерін ұсыну бойынша ауылдық байланыс операторларының шығындарын субсидиялау бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстары өткізілмеді;Екінші, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілердің шарт міндеттемелерін орындамауы (жеткізушілердің тауарларды уақтылы жеткізбеуі; жеткізушілердің тауарларды жеткізбеуі; орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау) – 14 млрд.теңге;Үшінші, жұмыс кестесінен қалып қою (шартқа сәйкес жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде көрсету бойынша ақы төлеу, шарттарды ұзақ мерзім келісу, конкурстық рәсімдерді үзақ өткізу) және ерекше шығындар – 39 млрд.теңге», - деді Б.Шолпанқұлов.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттердің шығыстары 3 трлн. 73 млрд.теңге сомасында немесе 98,2% атқарылды.

«Атқарылмау сомасы 55 млрд.теңгені құрады.Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте   1 трлн. 757 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделді.Өңірлерге  751 млрд.теңге бөлінді.Олар 727 млрд.теңгені игерді, оның ішінде   3 млрд.теңге үнемдеу. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға 555 млрд.теңге көзделген. Ағымдағы жылдың 1 тамызына шығыстар 272,5 млрд.теңгеге немесе 99,6%-ке игерілді.Өткен жылға қарағанда, 76 млрд.теңгеге артық», - деді Б.Шолпанқұлов.

Сондай-ақ,  есепті кезеңде 719 млрд.теңге бюджет қаражатына  аудит жүргізілді.

«Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 121 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.Аудит жүргізу барысында 114 млрд.теңге сомаға бұзушылықтар түзетілді, оның ішінде 7 млрд.теңге қалпына келтірілді, 2 млрд.теңге өтелді және 105 млрд.теңге есеп бойынша көрсетілді.Камералдық   бақылаумен жалпы сомасы 6 трлн. теңгеге  1 млн. мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды.Нәтижесінде 379 млрд.теңге сомаға бұзушылықтарға жол берілмеді.Олар конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу және сатып алу қорытындыларын қайта қарау арқылы түзетілді», - деді ол.

Вице-министр атап өткендей,  2019 жылға 116 объектіні сату жоспарланған. 64 объекті сатуға шығарылды.Оның ішінде 31 объекті  33 млрд.теңгеге сатылды.

«33 объекті әліде болса сауда-саттықта.15 объекті бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды.37 объекті ағымдағы жылдың соңына дейін шығарылуы тиіс.Жалпы алғанда, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді қоса алғанда, есепті күнге Кешенді жекешелендіру жоспарының орындалуы 90,7%-ті құрайды», - деді ол.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев  биылғы жылғы шілдеде айлық инфляция 0,2%-ды құрады. Жылдық инфляция 5,4% деңгейде сақталғанын айтты.

 Ол жеміс-көкөніс бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан, жазғы кезеңге тән дефляциялық процесс байқалмайды деп атап өтті.

«Инфляцияға көп үлесті шілдеде 8,7%-ға жеткен азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы қалыпты өсу қарқынын көрсетіп отыр. Ал ақылы қызметтер бағасының серпіні тарихи минимумда сақталып отыр», - деп хабарлады ол.

Е. Досаев халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі аясында тұтынушылық сұраныстың кеңеюі инфляцияның жылдам өсуінің негізгі тәуекелдері болып қалатынын атап өтті.

«Осыған орай Үкіметтен инфляцияның өсуіне көп үлес қосқан жекелеген тауарларға бағаның өсуін бақылау шараларын күшейтуді сұраймыз», - деді Ұлттық Банктің басшысы.

Ол 2019 жылғы 15 шілдеде Ұлттық Банк базалық ставканы +/-1п.т. дәлізбен 9,00% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдағанын еске салды.

«Инфляциялық тәуекелдерді төмендету мақсатында Ұлттық Банк ақша нарығындағы артық өтімділікті алуда. Маусымда ақша нарығының ставкасын көтеру және қысқа мерзімді ноттардың мерзімін ұзарту шаралары қабылданды. Нәтижесінде 6-12 ай айналыс мерзімі бар ноттардың үлесі мамырдың соңындағы 43%-дан шілденің соңындағы 75%-ға дейін көтерілді. Айналыстағы ноттардың жалпы көлемі шілденің соңында 3,0 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылғы 20 ақпандағы 4,7 трлн теңге болған максимумнан 36,8%-ға төмен», - деп хабарлады Е. Досаев.

Ол базалық ставканың ағымдағы деңгейі және ақша-кредит талаптары инфляцияны биыл нысаналы 4-6% дәліз ішінде сақтауды қамтамасыз ететінін қоса айтты.

Алайда әлемдік нарықтағы тәуекел деңгейінің өсуін және тұтынушылық сұраныс тарапынан проинфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, Ұлттық Банк жылдың соңына дейін ақша-кредит талаптарын қатаңдату шараларын қабылдауды жоққа шығармайды.

 Сонымен бірге Ұлттық Банк Төрағасы ішкі валюта нарығындағы ахуал көп жағдайда сыртқы факторлардың ықпалымен дамуда екендігін айтып берді. 12 тамыздағы жағдай бойынша теңге бағамы жыл басынан бері 0,9%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 387,48 теңгені құрады.

«Сыртқы сектордағы жағдай тұрақсыз болып қалуда. Мұнай бағасы көп құбылуда. 31 шілде – 7 тамыз аралығында мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 65,2 АҚШ долларынан 56,2 АҚШ долларына дейін күрт төмендеді. Бұл АҚШ Президенті Қытай тауарларына бажды енгізу туралы мәлімдеген соң болды. 2019 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін 58,5 АҚШ долларына дейін өсті», - деп түсініктеме берді Е. Досаев.

 Ұлттық Банк басшысы атап өткендей, Ресей рублі айдың басынан бастап 9 тамызға дейін бір АҚШ доллары үшін 63,4 рубльден 65,1 рубльге дейін 2,8%-ға әлсіреді.

Е. Досаев хабарлағандай, Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері 2019 жылғы 1 тамызда 27,7 млрд АҚШ долларын құрады. Олар екінші деңгейдегі банктермен валюталық своптың жабылуы және Үкіметтің сыртқы борышын өтеу нәтижесінде шілдеде 1,8%-ға төмендеді.

Валюталық активтердің төмендеуі алтын портфелінің өсуімен ішінара теңестірілді. Ұлттық қордың активтері алдын ала деректер бойынша іс жүзінде өзгерген жоқ және шілдеде 59,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 87,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық Банктің басшысы сондай-ақ төлем балансының жай-күйі туралы айтып берді. Алдын ала бағалау бойынша, 2019 жылғы 1-жартыжылдық бойынша ағымдағы операциялар шоты 2,0 млрд АҚШ доллары дефицитпен қалыптасты.

«Сауда балансының сальдосы 10,3%-ға 11,3 млрд АҚШ долларына дейін (2018 жылғы 1-тоқсанда – 12,6 млрд АҚШ доллары) азайды. Тауарлар экспорты 1,1%-ға 28,5 млрд АҚШ долларына дейін экспорт көлемі өзгермеген кезде баға факторы есебінен ұлғайды. Тауарлар импорты 10,2%-ға 17,3 млрд АҚШ долларына дейін инвестициялық және азық-түлікке жатпайтын тауарларды әкелудің ұлғаюы есебінен өсті», - деп хабарлады ол.

Е. Досаев өзінің сөзінде кредит және депозит нарықтарының тақырыбын да қозғады.

«Банктер кредиттік белсенділігін ұлғайтуда. Сәуір-маусымда 1-тоқсанда жүргізілген банктерді қалыпқа келтіруден кейін кредиттік портфель 3,5%-ға немесе 433,6 млрд теңгеге 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттер – 11,0 трлн теңге, қысқа мерзімді кредиттер – 1,9 трлн теңге болды. Бизнес үшін кредиттерге қолжетімділік артуда: маусымда теңгемен кредиттер бойынша ставка өткен жылғы маусымдағы 12,5%- бен салыстырғанда 11,7%-ға дейін төмендеді», - деп айтты ол.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, кредиттеудің өсуіне қорландыру базасының сапалы жақсаруы ықпал етуде. Ұлттық валютадағы салымдар валюта нарығындағы шиеленісудің өсуі нәтижесінде маусымда төмендеуіне қарамастан, жыл басынан бері 5,5%-ға өсті.

 Бұл ретте еурооблигацияларды (ҚазАгро) өтеу, сондай-ақ жекелеген ірі салымшылардың валюталық депозиттерді шетелдік қаржы ұйымдарына аударуы нәтижесінде шетел валютасындағы депозиттер 19,8%-ға қысқарды. Соның салдарынан, депозиттерді долларландыру маусымның соңында 41,6%-ға дейін төмендеді.

«Ұлттық Банк 7-20-25 бағдарламасын іске асыруда. 2019 жылғы 8 тамыздағы жағдай бойынша 188,3 млрд теңге сомаға 16 677 өтініш берілді, оның ішінде банктер 112,7 млрд теңге сомаға 9 813 өтінімді мақұлдады», - деп хабарлады Е. Досаев.

 Ұлттық Банк Төрағасы нәтижесінде ипотекалық кредиттеу жалпы дамыды деп қоса айтты. Өткен жылғы шілдеден бастап, яғни Бағдарлама іске қосылғаннан бері банктердің ипотекалық портфелі 30,5%-ға 1,5 трлн теңгеге дейін өсті.

Одан басқа, экономиканың басым секторларын қаржыландыру үшін банктерге ұзақ мерзімді ресурстар беріледі. Банктер 51,4 млрд теңге сомаға 106 жобаны мақұлдады. 31,2 млрд теңге сомаға 69 қарыз берілді (2019 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша).

 Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев борыш жүктемесін азайту шаралары туралы айтып берді «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Президент Жарлығын іске асыру шеңберінде Үкімет пен Ұлттық Банк банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде.

Ол бұл шараның халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейін мөлшерде берешекті өтеуді болжайтынын атап өтті.

«Бүгінгі күні азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпаратты жинау жұмысы жүргізілді. Ақы төлеуге тізім жасалды. Берешекті өтеу тамыздың соңына дейін аяқталады. Бұл алдын ала деректер бойынша еліміздің 508 мың азаматына 105,5 млрд теңге сомаға мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады Е. Досаев.

Ол азаматтар банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш жасамайтынын, берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізетінін, содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жіберетінін атап өтті.

Ұлттық Банктің басшысы сондай-ақ бүкіл қазақстандықтарға кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 2019 жылғы 1 шілдеде есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару туралы хабарлады.

«30 шілдеде банктер және микроқаржы ұйымдары кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 33,6 млрд теңге сомаға 1,2 миллион азаматқа айыппұлдар мен өсімпұлды кешірді. 20 тамызға дейін Ұлттық Банк осы ұйымдар жұмсаған шығыстар сомасынан 30%-ды өтейді», - деп қорытындылады ол.

Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 102,7% құрады, оның ішінде тау-кен өндіру 102,4%, өңдеу 103,2% артқанын айтты.

«Тау-кен өндіру секторында 2018 жылы пайдалануға берілген кәсіпорындар есебінен түсті кен өндіру көлемі 17,2%-ға өсті: Бақыршық тау-кен кәсіпорны, Сарыарқа Ресурсерс Капитал және тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар: Қазмырыш (+6%), Қазхром (+6,8%), Қазминералс (+20,8%).  Жыл басынан бері темір кенін өндіруде оң серпін байқалады. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап Ресейге (+15%) және Қытайға (+15%) концентрат пен шекемтастардың экспорт көлемі 92,8%-дан 101,5%-ға дейін ұлғайды. Көмір мен лигнит өндіру көлемі 97,3% құрады. Сонымен қатар, көмір экспорты бойынша оң серпін байқалады, өсім 101,9% немесе 15,8 млн.тоннаны құрады», - деді Р.Скляр.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2018 жылдың осы кезеңін алғанда 96,3%  құрайды. 

«Тұрғын үйді іске қосу пайызы жылдық жоспардың 50% құрады (жоспар 13,0 млн.шаршы метр).Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды (оның ішінде – 24 013 жеке үй). Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады.Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 111,5% құрады. Жағымды динамика 8 өңірде байқалады. Көшбасшы Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстары болып табылады», - деді ол.

Сонымен қатар,  көрсеткіштің төмендеуі Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалаларында байқалады.

«Көлік кешені бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 105,4% құрады.Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 38,4%-ға өсті (2018 жылдың қаңтар – шілдесі-254 мың ЖФЭ) және 351,6 мың ЖФЭ құрады.Мәселен, ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өсті (2018 жылғы қаңтар – шілде-139,7 мың ЖФЭ) және 178 мың ЖФЭ құрады», - деді ол.

Ал ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бекітілген нақты шаралар жоспары біздің экономикамыздың одан әрі дамуына оң ықпал тигізетінін айтты.

 «7 айдың қорытындысы бойынша негізгі базалық көрсеткіштер бойынша Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында экономикалық өсімге қол жеткізілді. Әкімдер мен мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары соңғы нәтижеге қол жеткізуге және бюджет қаражатын жоспарлы игеруге дербес жауап беретінін», — деді  А. Мамин.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды