- Басты
- Жаңалықтар
- «JASTAR KERÝENI» жолға шықты
«JASTAR KERÝENI» жолға шықты
«Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ Жастар жылының және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «JASTAR KERÝENI» республикалық жобасын іске асырады.
«JASTAR KERÝENI» жобасының басты мақсаты – Қазақстан жастарының бірлестігі мен ішкі туризмді дамыту идеологиясы, өз Отанын сүю.
«JASTAR KERÝENI» жобасына барлық саны 1500-ден астам жастар өтініш қалдырды. Оның ішінен 680 қатысушылар арнайы комиссия мүшелерімен таңдалынып, жобаға жолдау алды.
Бүгін жоба қатысушылары бренд-амбассадорлармен бірге 7 бағыт бойынша Қазақстан аймақтарының рухани-мәдени мұрасымен танысу үшін жолға аттанады.
Сонымен қатар, 12 тамыз күні КАЗГЮУ университетінің басты конференц-залында «Q Talks» уәждемелік кездесу өтті. Кездесудің қатысушылары – қоғамдық және саяси қайраткерлер, бизнесмендер, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директораты, медиа табының өкілдері, туризм табының өкілдері, «JASTAR KERÝENI» туристік жобасының 700 қатысушылары, руспубликалық және жастар ұйымдарының жетекшілері және жастар.
«Q Talks» - бұл танымал адамдардың өз өмірі жайлы монолог, қызықты деректер, ыңғайсыз жағдайлар, басынан өткерген қиындықтар жайлы айтатын және өз өмірлік тәжірибесімен бөлісетін диалогтық алаң.
Жобаның бренд-амбассадоры Ғани Әжікенов жастар үшін осындай жобалар ұйымдастырылып жатқаны көңіл көншітетінін айтты.
«Белсенді жастардың басқосуы үшін жақсы мүмкіндік. Жобаның мүмкіндігі өте зор. Қазақстан жастар конгресі елдегі барлық жастардың қызмет бағыттарын қолдайды. Себебі, «Жастар керуені» мектеп оқушыларынан бастап 29 жасқа дейінгі қызметтегі жастардың барлығын қамтып отыр. Мен өзіме Алматы облысын таңдап алдым. Жастардың дамуына үлес қосып жатқан ұйымдастырушыларға алғыс», - деді Ғ.Әжікенов.
Айта кетейік, 7 бағыт Орал, Шымкент, Алматы, Өскемен, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарын қамтиды. Әрбір аймақтағы іс-шаралар 4 күнге жоспарланып отыр.
-
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Абай жылының айшықты тұстары -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм отандық кинопрокатқа шықты -
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
-
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті -
Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмония ауруын жеңіп шықты -
Вице-министр: Биыл егін бітік шықты -
Қазақстанда 630 адам коронавирустан емделіп шықты -
Қазақстанда тағы 84 адам коронавирус індетінен емделіп шықты -
"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты -
"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты -
2022 жылға дейін әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін - министр -
Қазақстанда қашықтық форматта үздік мемлекеттік қызметшілер анықталады -
Алматы облысында 34 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты