• Басты
  • Маңғыстау облысының инвестициялық, экономикалық әлеуеті қандай
12 Тамыз, 2019 19:13

Маңғыстау облысының инвестициялық, экономикалық әлеуеті қандай

Маңғыстау облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері құны 1,1 миллиард теңге болатын 39 жоба мақұлданып үлгерді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында 2 миллиард теңгеден астам қаржының шағын несиесі бөлінген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Осы жылдың алты айы ішінде облыста ауыл кәсіпкерлері – 1 529 милион теңге, ал, қала кәсіпкерлері – 699 миллион теңге несие алған. Маңғыста облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының нәтижесі де жаман емес. Жыл басынан бері 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке дейін түскен.
Маңғыстау облысының инвестициялық, экономикалық әлеуеті қандай

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың айтуынша шағын және орта бизнес өкілдерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға өскен. Қазір Маңғыстау облысында 53 мыңдай шағын және орта бизнес субъектлері бар. Қазіргі таңда олар 263 миллиард теңгенің өнімін шығарып отырған көрінеді.

«Біздің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндасам, ішкі өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 661 миллиард теңгені, ал нақты көлем индексі 97%-ды құрап отыр. Орта шағын және бизнес өкілдерінің саны да саны да өткен, яғни 2018 жылмен салыстырғанда, 8,6%-ға өсіп, 53,6 мың болды. Бизнес өкілдері бүгінгі таңда  33% өсіммен 263 миллиард теңгенің өнімін шығарып отырған жайы бар. Айта кету керек. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы өңірімізге инвестиция тартып, кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді құралдарының біріне айналып отыр. Аталмыш бағдарлама нәтижесінде 2019 жылдың басынан бері облысымызда құны 1,1 миллиард теңге болатын 39 жоба мақұлданып үлгерді. Ал, өткен, яғни 2018 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша 860 миллион теңгеге 40 жоба іскк асырылған еді. Сондай-ақ, біздер кәсіпкерлерлікті қолдау көрсету үшін оларға 2 миллиард теңгеден астам қаржыға шағын несие бөлдік. Аталған көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырып қарасақ. 12%-ға өскенін көреміз. Сөйтіп, Маңғыстау облысындағы ауылдарда тұратын  кәсіпкерлер – 1 529 миллион теңгенің, ал қалалық кәсіпкерлер – 699 миллион теңгенің несиесін алды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 17 140  жаңа жұмыс орны құрылды

2019 жылдың алғашқы үш айында кәсіп ашқысы келген маңғыстаулықтар  1,7 миллиард теңгенің 57 несиесін алып, тиісінше олар 239 жаңа жұмыс орнын ашқан. Осы, 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі өткен жылдың 3 айымен салыстырып қарағанда көрсеткіштер 15%-дан 22,5%-ға дейін өсіпті.

Облыс әкімі еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасы тұрақты болып қалып отырғанын, осы 2019 жылдың басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын қоса есептегенде 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға түскенін мәлімдеді.

«Ауыл ішіндегі жолдарды тұрақты бақылап отырмыз. Приморский ауыл ішіндегі, сонымен қатар Ақтау және Жаңаөзен қаласының ішіндегі жолдардың құрылысы осы жылдың, яғни 2019 жылдың соңында аяқталатынын жоспарлап отырмыз. «Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мәстек учаскесі), Шебір, Қызылтөбе-2, Баянды, Маңғыстау-4, Ақшұқыр ауылдарының ішіндегі жолдардың жалғасып жатыр. Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын қосқанда ауыл арасындағы жолдарды орта жөндеуден өткізуге әкімдіктен қаражат бөліп отырмыз», - деп облыс әкімі.

Маңғыстау агросаласында жаңа 3 ірі жоба іске қосылады

Маңғыстау облысы экономикасының болашағы зор салаларының бірі  – аграрлық сектор болып отыр.  Есепті кезеңде көрсеткіштерге сүйенсек,  6,8 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген екен. Ал, өткен жылдың дәл осындай есепті кезеңімен салыстырсақ, мал саны 10%-ға немесе 719 мыңнан 791 мыңға дейін өскен. Облыстағы агарарлық сала бойынша жылыжай шаруашылықтарының саны 41-ден 57-ге дейін артып отыр.

«Мал және егін өнімдерін қайта өңдеу – Маңғыстау өңірінің ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді жолының бірі болып отыр. Осы саланы дамытудың басты бағыты ретінде қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 21 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде: сүт өнімдерін өндіретін 7 кәсіпорын, ет өнімдерін өндіретін  8 кәсіпорын және ұн өндіретін  4 кәсіпорын жұмыс істесе, жүн және көкөніс өндіру бойынша  бір-бір кәсіпорыннан. Қазірі уақытта инвестициялық құны 4 миллиард теңгеге 3 ірі жоба салынады. Атап айтар болсақ, Түпқараған ауданында жылына 5000 тонна құс етін өндіретін фабрика – «Ақтау-Агро» ЖШС. Оның құны – 2 миллиард теңге, аяқталу мерзімі – 2020 жылдың бірінші тоқсаны. Одан кейінгісі –  Ақтау қаласында жылыжай кешенінің қуатын 200 тоннадан 2400 тоннаға дейін кеңейту мақсатында «Астық» шаруа қожалығын құру. Оның құны – 1,6 миллиард теңге, аяқталу мерзімі – 2019-2020 жыл. Үшінші ірі жоба – 15 мың тонна құрама жем өндіретін, құны – 440 миллион теңге болатын «Жамалбек» зауыты. Аяқталу мерзімі – 2019 жылдың қарашасы деп белгіленіп отыр. Осы жобалар іске асқанда Маңғыстау өңірі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болады. Ішкі  өңірлік нарықты біртіндеп жергілікті өнімдермен толтыруға мүмкіндік беріп, ет өнімдерімен қамту үлесі 11%-дан 32%-ға, сүт өнімдерімен 4,7%-дан 12%-ға дейін өседі» - деді әкім.

Жыл соңында дейін Маңғыстауда 3 352 жаңа пәтер пайдалануға беріледі

Маңғыстау облысы бойынша 5366 адам «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін кезегін күтуде. Өңірде шілденің 17-сі күні басталған жаңа бағдарламаға: көп балалы отбасы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа толмаған бала асыраушы отбасылар қатысуға мүмкіндіі бар. Аталмыш бағдарлама бойынша Ақтау қаласында 94 пәтер, Жаңаөзен қаласында 40 пәтер; Мұнайлы ауданында 30 пәтер, Түпқараған ауданы 8 пәтер, Маңғыстау ауданы 4 пәтер, Қарақия ауданы 14 пәтер, Бейнеу ауданы – 10 пәтер бөлетін болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтау қаласында 32 жер учаскесінде 82 тұрғын үй құрылысы салынып жатыр. 2019 жылдың соңына дейін Маңғыстау облысында 3352 пәтерді құрайтын 18 тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту бойынша 2019 жылдың тамызында 7 406 маңғыстаулық отбасыға, оның ішінде  43 029 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан бері 2,7 миллиард теңге жәрдемақы берілген. Ал, шілде айында  40 340 адам 790,1 миллион теңге жәрдемақы алған.

Маңғыстаулық ауылдар сумен қамтылады

Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың айтуынша, биылғы жылдың бюджетінде Қаражатқа Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы аудандарында ауыл ішіндегі  су құбырларының құрылысын бітіру үшін 8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылыпты.

«Маңғыстау облысында ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 69% құрап отыр. Енді осы көрсеткішті жыл соңында 75% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы жылы Бейнеу ауданында - Бейнеу, Боранқұл, Сарға, Есет, Төлеп, Қарақия ауданында - Жетібай, Сенек, Құланды, Мұнайлы ауданында - Маңғыстау-3, Баскұдық, Маңғыстау ауданында - Жыңғылды, Түпқараған ауданында - Таушық, Ақшұқыр, Сайын ауылдарында ауылішілік су құбырларының құрылысын бітіретін боламыз. Қазіргі таңда Маңғыстау ауданында – Шетпе, Мұнайлы ауданында - Қызылтөбе, Маңғыстау-5 ауылдарында, Ақтау қаласында Приморский тұрғын алқабында сумен қамту нысандарының құрылысы жалғасып жатыр», - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Су өндіру көлемін 130 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін «Кендірлі» аймағында (50 мың текше метр), Құрық ауылында (45 мың текше метр) және «Қаражанбас» кен орнында (17 мың текше метр) су тұщыту зауыттарын салу көзделген. Бұл  жобалар инвесторлармен және өңірдің мұнай өндіруші компанияларымен бірлесе отырып, іске асатын болады.

Маңғыстау облысы әкімдігі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент берген тапсырмаларды орындау және өңір экономикасын тұрақтандыру мақсатында 3 жылдық іс-қимыл Жоспары жасақталып, бекітілгенін де жеткізді. Іс-қимыл  жоспарына индустриялы жобалар, транспорттық инфрақұрылым, туризм, инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және экология мәселелері кіреді.

 

Айдана Абдрахманова

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды