• Басты
  • Қарапайым заттар экономикасының әлеуетін толық пайдалану қажет – елорда әкімі
12 Тамыз, 2019 17:22

Қарапайым заттар экономикасының әлеуетін толық пайдалану қажет – елорда әкімі

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Көктал-1» және «Көктал-2» тұрғын үй массивтеріне барды. Сонымен қатар, индустриялық парктің жұмысымен танысып, құрылысшыларды құттықтаған болатын. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Қарапайым заттар экономикасының  әлеуетін толық пайдалану қажет – елорда әкімі | Strategy2050.kz

«Көктал-1» және «Көктал-2»  тұрғын үй массивтерінде  30 мың адам тұрады. «Нұрбесік»  шағын ауданы тұрғындарының үйлері пайдалануға берілмеген. Тұрғындар ішетін ауыз су жоқтығын айтты. Адамдар суды колонкадан алып, пайдаланады.

«Біз осы үйде 2007 жылдан бастап тұрып келеміз. Орталық сумен қамтылмағанбыз. Электр қуаты іркіліспен жұмыс істейді, кәріз де жоқ. Біздің шағын ауданның қасында, жекенменшік мектеп, балабақшалар бар. Көшелерде жарықтандыру жүргізілмеген. Үй құжаттары да жоқ, сондықтан тіркеле алмаймыз", - деді «Нұрбесік»  тұрғындары.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін қазір жер телімдерін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Көкталдан 5 шақырым жерде орналасқан ЕПМ орман отырғызу учаскесінің тұрғындары да ауыз судың жоқтығына шағымданды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өтпелері мен жасанды тегіс емес жерлер белгіленбеген. "Көктал-1" тұрғындарының ыңғайлылығы үшін жақын арада №5 жанұялық денсаулық орталығы ашылады.

Медициналық мекеме күніне 150 адамды қабылдай алады. Жыл соңына дейін қалада жеті жаңа орталық ашылады. Қоғамдық кеңесте тұрғын үй массивтерінің мәселелері қаралып, үш жылдық бюджет жобасына түзетулер енгізіледі. Әрбір мәселе егжей-тегжейлі зерттелетін болады. Жалпы алғанда. А. Көлгінов 11 тұрғын үй массивіне барды. Қалада 16 массив бар, 280 мыңнан астам адам тұрады.

Сонымен қатар, А. Көлгінов индустриялық паркте болды. Парк аумағында 49 түрлі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде: жарықдиодты өнімдер, темір-бетон бұйымдары, алкогольсіз сусындар, тамақ өнімдерін шығаратын заводтар және т. б.

Кәсіпорын басшылары атап өткендей, инфрақұрылымның, инженерлік желілер, жолдар, аялдамалардың жоқтығы сияқты бірқатар проблемалар бар. 49 жобаның 12-і ғана жылу жүйесіне қосылған.

 Бұдан басқа, қызметкерлерге жұмыс орнына жету қиынға соғады – желіге тек бір-екі маршрут шығады. Қала әкімі жұмыс әр мәселе бойынша жүргізілетінін атап өтті. Индустриялық парк бойынша жол картасы әзірленетін болады.

«Мемлекет басшысы қазақстандық кәсіпкерлік экономиканың қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Бизнес үшін қолайлы жағдай жасау-басым міндет. "Қарапайым заттар экономикасының" әлеуетін толыққанды пайдалану қажет. Бүгінде индустриялық парк аумағы 95% - ға толған. Біз АЭА шекарасын кеңейтуді және екінші Индустриялық парк ашуды қарастырудамыз», - деді А. Көлгінов.

Қалалық әкімдіктің  мәліметінше, шығарылған өнімнің жалпы көлемі 1,5 триллион теңгеден асты.Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Елбасының жаңа астананы құру туралы шешімі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы серпінді қадам, прагматизм мен көрегендіктің үлгісі болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулетті құрылыстар, әсем ғимараттар мен көпқабатты тұрғын-үйлердің барлығы – құрышқолды құрылысшылардың ерен еңбегі. Қаланың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе»,- деді А.Көлгінов.

 Елордада 65 мың құрылысшы еңбек етеді. Жыл сайын олар 2 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй салады. Тұрғын үй қоры 5,5 есеге жуық ұлғайғанына қарамастан, елордада әлі де өз баспанасы жоқ отбасылар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қаламызда қолжетімді баспана құрылысы артатын болады.

«Біз әлеуметтік саладағы құрылыс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және сіздің кәсібилігіңізге басты әлеуметтік басымдықтардың табысты шешілуі байланысты. Абыройлы да жауапты жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, Сіздердің дендеріңіздің сау, отбасыларыңыздың аман болуына тілектеспін», - деді А.Көлгінов.
 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды