• Басты
  • Қазақстандағы құрылыс: 2019 жылы 118 мың тұрғын үй салынады
12 Тамыз, 2019 12:02

Қазақстандағы құрылыс: 2019 жылы 118 мың тұрғын үй салынады

Қазақстанда құрылысшылар жыл басынан бері 5,7 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берген. 2019 жылы барлығы 118 мың тұрғын үй немесе 13 млн.шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Қазақстанда Құрылысшылар күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстандағы құрылыс: 2019 жылы 118 мың тұрғын үй салынады | Strategy2050.kz

«Сіздер бүгінде еліміздегі халықтың барлық топтарын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды тұрғын үй бағдарламаларын іске асырып келесіздер.  Қазақстанда құрылысшылар жыл басынан бері 5,7 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. 2019 жылы барлығы 118 мың тұрғын үй немесе 13 млн.шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда", - деді Роман Скляр өз құттықтауында.

Министр сондай-ақ, ИИДМ атынан жыл сайын Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан еліміздегі 600-ге жуық мамандардың құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және төс белгілермен марапатталғанын атап өтті.

Әскери полигонда оқ-дәрі жарылысынан зардап шеккен Арыс қаласы мен Түркістанды қалпына келтіруші құрылысшылардың қажырлы еңбегі еленбей қалмады.

Роман Скляр құрылыс саласының барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас қуат және жұмыстарында үлкен табыстар тіледі.

Сонымен қатар, құрылыс және автомобиль жолдары саласының ардагерлері мен жоғарыда аталған саланың дамуына зор үлес қосқан мамандарға құрмет көрсетілді.

Елімізде құрылыс саласында 629 мыңға тарта адам еңбек ететінін атап өтті. Олардың 116 мыңы тұрғын үй құрылысы саласында жұмыс істесе, 114 мыңы жол құрылысы саласында қызмет етеді. 

«Өткен жылы жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 113 мыңнан астам адам жаңа баспанаға ие болды. 2018 жылы Түркістанда құрылыс жұмыстары кеңінен жүзеге асырыла бастады. Бір жыл ішінде мұнда тұрғын үйдің  387,8 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Арыс қаласы даөте  қысқа мерзім ішінде қайта салынып жатыр. Мұнда аптап ыстыққа қарамастан 7 мыңнан астам құрылысшы жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда сіздердің еңбектеріңіздің арқасында 7 мыңға жуық отбасы өз үйлеріне қайта оралды», – деді ол.

Еліміздің жолдар инфрақұрылымы да жоғары қарқынмен дамуда. Осылайша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Батыс Еуропа – батыс Қытай, Алматы – Қапшағай, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Орал- Каменка, Қордай асуы айналма жолы, Бейнеу – Ақтау, Көкшетау – Петропавловск, Семей – Қалбатау жобалары аяқталған болатын.

«Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың 6 мың шақырымға жуығы құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етілді. Жергілікті жолдарға да ерекше көңіл бөлінеді. Елбасының тапсырмаларына сәйкес жолдарды жөндеу жұмыстары 2 еседен астам мөлшерге ұлғайтылып, 4,5 мыңға тарта шақырымды құрайды», – деп қосты Р. Скляр.

Шара барысында министрлік тарапынан еңбегі жоғары бағаланатын құрылыс және автомобиль жолдары саласының 34 жұмыскері төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Өңірлер де де бұл дәстүр жалғасын тапты. «Қарағанды қаласының шығыс айналма жолы» және «Қарағанды - Балқаш» автомобиль жолдары құрылысын бақылау барысында вице-министр «Құрметті жолшы» төс белгісі мен құрмет грамоталарын табыс етті.

Министрліктің мәліметінше, «Аградор» ЖШС директоры Наталья Мальчушкина, «ДСП Тастемир» ЖШС басшысы Маратхан Жумал, «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Қарағанды облысы филиалының бас маманы Римма Насырова «Құрметті жолшы» атағына ие болса, «ҚазАвтожол»ҰК» АҚ Қарағанды облысы филиалы бөлімінің басшысы Ақмарал  Хасеговаға министрдің Құрмет грамотасы тапсырылды.

Сонымен қатар, салтанатты шараға ҚР ИИДМ АЖК төрағасының орынбасары Амангелді Беков, «ҚазАвтожол»ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов пен «Жол активтері сапасы  орталығы» РМК Қарағанды облысы филиалының директоры Марат Ахметқалиев қатысты.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарағанды облысында  «Қарағанды- Теміртау» және «Алматы-Нұр-Сұлтан» учаскелерінде кең-ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 580 шақырымды  құрайды. Учаскелерде 9 бас мердігер ұйым, 30-ға тарта субмердігерлік ұйым, 5 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Техниканың 3 мыңға жуық бірлігі жұмылдырылған.

Келісілген міндеттемелердің талаптарына сәйкес жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Ал, «Талдықорған-Өскемен» автомобиль жолы құрылысын бақылау мақсатында жол бөлігіне жасаған іс-сапар барысында бірқатар маман төс белгілермен, құрмет грамоталарымен марапатталды.

Құрамында ҚР ИИДМ АЖК төрағасы Сайранбек Бармақов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Ұлан Әліпов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы филиалының директоры Жанабай Қобландин, Жол активтері сапасы орталығы РМК Алматы облысы филиалының басшысы Алдан Нагманов бар жұмыс тобы жол құрылысының барысымен танысып қана қоймай, жұмыскерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті жолшы» төс белгісімен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы филиалының бас мамандары  Рысбек Жұмаділов пен Әшімхан Думбергенов марапатталды.

Еске салайық, жол учаскесінің Алматы облысы бойынша ұзындығы 449 шақырымды құрайды. Жоба 2017  және 2022 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Жалпылай алғанда 449 шақырымдық жолдағы қозғалыс 2022 жылы ашылады деп жоспарлануда.Бүгінгі таңда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды