• Басты
  • Қазақстанда тауарлар мен дәрілердің сапасы қалай тексеріледі, нәтижесі қандай
9 Тамыз, 2019 17:16

Қазақстанда тауарлар мен дәрілердің сапасы қалай тексеріледі, нәтижесі қандай

Қазақстанда 2019 жылдың алты айындағы қорытынды бойынша тағам өнімдеріне жасалған монитроинг кезінде талапқа сай емес тауарларға 38 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынып, 16 миллионнан астам теңгенің 29 тонна қауіпті тағам өнімі айналымнан алынған. Сондай-ақ 1556 ойыншық үлгісі зерттеліп, оның 916 түрі, яғни 60 пайызы балалар денсаулығына қауіпті болып шықты. Бұл ойыншықтардың басым бөлігі Қытайдан (73,2 пайыз) және Түркиядан (26,4 пайыз) әкелінген. Айналымнан 332 келі ойыншық алынып тасталды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мұндай мониторингті ай сайын жүргізеді. Н.Назарбаевтың өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы заң талаптарын бұзуға жол бермеу, қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылған болатын. Осы орайда, аталмыш комитеттің 2019 жылдың жарты жылдағы есебі төмендегі материалда.

Қазақстанда тауарлар мен дәрілердің сапасы қалай тексеріледі, нәтижесі қандай | Strategy2050.kz

Ай сайын 7 мыңға жуық маман тауарлардың сапасына 7,2 млн зерттеу жүргізеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың айтуынша, комитет қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында халықтың денсаулығына қауіп төндіретін, талапқа сай келмейтін өнімдер дер мезгілінде анықталған.

«Біздің комитет Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына орай құрылған болатын. Біздің мақсатымыз денсаулық сақтау саласындағы техникалық, сапалық регламенттерді, заң талаптарын бұзуға жол бермеу. Сонымен қатар еліміздің азаматтарының денсаулығын қорғау үшін алдын алу іс-шараларына жүргізу. Комитет құрылымының жалпы штаттық саны 4688 адамды құрайды. Жалпы мекеме 22 орталық аппарат басқармасынан, 18 аумақтық департаменттен және 232 аудандық басқармадан, сонымен бірге 7328 адамдық штаты бар 2 ведомстволық бағынышты ұйымнан тұрады» - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Сондай-ақ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Ұлттық сараптау орталығы 16 филиалы, 183 қалалық және аудандық бөлімшесі жұмыс істейді және республиканың бүкіл аумағын қамтып отыр. Сонымен бірге Комитеттің Ұлттық сараптау орталығының 7 мыңға жуық маманы бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ай сайын шамамен 7,2 миллион зерттеу жүргізіп, аспаптық өлшеулер өткізеді.

Импорттық тауарлардың басым бөлігі – талапқа сай емес

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің басқарма басшысы Дана ҚАСКАТАЕВА еліміз бойынша жарты жылда тұтынатын 32 мыңнан астам тағам өніміне сараптама жасалған.

Комиеттің Ұлттық сараптау орталығы ай сайын өткізетін мониторинг аясында өнім сапасын бақылау мақсатында халық тұтынатын 32 мыңнан астам тағам өнімі мен тауар сатып алынған. Оның 19,6% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болмай шыққан. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 28,3% құраған екен. Талапқа сай келмейтін өнімдердің басым бөлігі – сырттан келетін тауарлар болып отыр.

«Комитетіміз өткізген мониторинг аясында зерттеуге тағам өнімінің барлық топтары, оның ішінде сүт және ет өнімдері, құс еті, балық өнімі, кондитерлік, аспаздық және нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен көкөністер, алкоголь ішімдіктері және алкогольсіз сусындар және тағы басқа тағам өнімдері толық қамтылған. Зерттеу-сараптама нәтижесінде сауда объектілерінде фальсификацияланған сары май, шұжық өнімдері, ет қалбырлары мен басқа тағам өнімдерін өткізу деректері анықталып, 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы бұзушылықтар деректері бойынша 1000-нан астам есептік жазылымдар жүргізілген. Соңында  38 миллион теңгеден астам сомада айыппұл салынып, тауар сату айналымнан 16 миллионнан астам теңгедегі 29 тонна қауіпті тағам өнімі алып тасталған», - деп атап өтті Комитет төрайымы.

Ай сайынғы мониторинг нәтижесінде 25 000 тағам өнімінің 17,7 пайызы талапқа сай болмады

Ұлттық сараптама орталығы өткізген ай сайынғы мониторинг кезінде сынамадан өткен 25 000 тағам өнімінің 17,7 пайызы талапқа сәйкес емес. Техникалық талаптарды бұзған өнімдердің 72 пайызы таңбалау талаптарын бұзғандығы, 12 пайызы қауіпсіздік көрсеткіштеріне, сонымен қатар 9 пайызы физикалық-химиялық қасиеттеріне сай еместігі анықталып отыр.

143 ет өнімдері түрлерінен сыртқы жазбасында шошқа ДНК-сы бар екендігі көрсетілмеген. Оның ішінде талап бұзғандардың 67 пайызы шұжық өнімдеріне, 20 пайызы жартылай фабрикаттар және 7,5 пайызы ет консервілеріне тиесілі.

«Жылдан жылға жалған сүт өнімдері көбейіп келеді. Республика бойынша жүрізілген сүт өнімдерінің жалғандығын анықтау бойынша  мониторингтік-зерттеу нәтижесінде 106 сүт өнімдерінің құрамындағы өсімдік малары сыртқы таңбалануында көрсетілмеген. Кеден одағының талаптарына сәйкес, сүт және сүт қнімдері құрамында тек сүт майлары ғана болуы керек. Ал егер өндіруші сүт алмастырғыш өсімдік майларын қосатын болса, онда оны «сүт тәрізді өнім» деп атауы керек еді. Талапқа сәйкес, тауар өндіруші өнімінің сыртқы жазбасында үлкен әріптермен өсімдік майлары бар деп көрсетуі тиіс. Атаған өнімдер шетелден келген, яғни импорттық өнімдер болып шықты. Олардың барлығы айналымнан алынып тасталды», - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің басқарма басшысы Дана ҚАСКАТАЕВА.

Сонымен қатар тексеріс нәтижесінде 11 ипормттық тауарда ГМО бар екендігі анықталған. Аталмыш өнімдердің сыртқы таңбалануында тауарда ГМО бар екені жазылмаған екен. Талапқа орай, егер өнім құрамында 0,9 пайыз ГМО боатын болса, сыртқы таңбалануында ол көрсетілу тиіс.

Бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар Қытайдан Түркиядан келген

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің мамандары еліміз бойынша  1556 ойыншық үлгісін зерттеп, оның 916-сы, яғни 60 пайызы балалар денсаулығына қауіпті екені белгілі болған. Бала денсаулығына қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі Қытайдан (73,2 пайыз) және Түркиядан (26,4 пайыз) әкелініпті. Сөйтіп, тауар айналымы сатылымнан 332 келідей ойыншық алынып тасталды.

Людмила Бюрабекованың сөзінше 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында аса қауіпті эпидемиологиялық инфекциялардың тіркелмеген.

«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайына келер болсақ, тткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 32 инфекция бойынша ауру жағдайы азайды. Мәселен, А гепатитті вирус деңгейі 2,5 есе, эпидемиялық паратит 2,6 есе, менингогок инфекциясы 49,4 пайыз, сальмонолоз 26,5 пайыз азайды. Айта кететін бір жайт, қызылша ауруы бойынша вакцинациядан өтпеген балаларда бұл ауру жиі тіркелген. Осы уақытқа дейін елімізде қызылшаға шалдығу бойынша 9 мың жағдай болды. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық салада ерекше тәртіппен 20 мыңға тарта тексеру жұмысы жүргізіліп, 16 600 бойынша талап бұзғандарға 753 млн теңгенің айыппұлы салынды. Ал,  жоспардан тыс тексеру кезінде 2 485 нысанда 8 мыңға тарта бұзушылық анықталып, оларға 150 млн теңгенің айыппұлы салынды. Санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс кезінде негізінен өнімдердің сақталу мерзімін қадағаламау, медициналық тексерістерден өтпеу, мерзімі өткен өнімдерді сату, ас дайындау блогында тазалық сақтамау сияқты талап бұзушылықтар болады», - деді комитет басшысы Людмила Бюрабекова.

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қайдан аламын?

«СҚ-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік ШӘРІП дәрі-дәрмектер туралы айтып берді.

«Рецептілер жазып беру рәсімдерін және дәріханалардан препараттар алуды жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап Министрліктің ақпараттық жүйелерінде толық электрондық жұмыс үлгісіне ауысады. «Қағазсыз ауруханаларға» көшуді бірқатар өңірлер де бастап кетті. Соның ішінде: Қарағанды, Атырау, ШҚО электрондық үлгіде рецепт жазады. «СҚ-Фармация» стационарларға дәрі-дәрмектердің 920 атауын жеткізіп отыр. Сонымен қатар стационарларды қамтамасыз етуге арналған жылдық орташа өтінім 90 млрд. Теңге көлемінде. Бүгінгі күні стационарларға 60,2 миллиард теңгенің дәрілері жеткізілді. Сондай-ақ, бүгінде еліміздің медициналық ұйымдарына диспансерлік есепте тұрған пациенттерге дәрілік препараттардың 428 атауы жөнелтіліп отыр. Тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге арналған жалпы жылдық өтінім 91,3 млрд. Теңге мөлшерінде. Бүгінгі күннің өзінде өзінде еліміздегі медициналық мекемелерге Бірыңғай дистрибьютор 70,8 млрд. теңге сомасына жалпы жылдық мөлшердің 78 пайызын жеткізіп үлгерді. Қазіргі таңда медициналық ұйымдардың қоймаларында 20,7 млрд. теңге сомасындағы препарат қоры тұр. Ал, жалпы алғанда 1 миллион 341 мың қазақстандық тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етіледі», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік ШӘРІП.

Осымен қатар, препараттарды рецепт арқылы босату туралы және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат алу үшін Сall-орталық іске қосылды. Сall-орталыққа еліміздің кез келген түкпірінен қысқа 1439 нөмірі бойынша ақысыз қоңырау шалуға болады. Дәрі-дәрмектер туралы қосымша ақпаратты Dari.kz мобильді қосымшасынан таба аласыз.

Айта кетерлігі, 1144 жолдан тұратын тегін дәрі-дәрмек үшін сатып алынатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың тізіміне дәрілердің 829 атауы мен 315 медициналық бұйым кіріп отырған көрінеді. Осы жылы 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарды емханада емдеу үшін дәрі-дәрмектердің 550-ден астам атауы бекітілген. Ал, өткен 2018 жылы дәл осындай мақсатта 482 атаумен дәрі-дәрмектер сатып алынған еді.

Тегін дәр-дәрмектер және оны кімдер ала алатынын туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 666 бұйрығымен бекітілген толық ақпаратты мына сілтемеден өтіп біле аласыз.

Айдана Абдрахманова

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды