• Басты
  • Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсуі қалай реттеледі
9 Тамыз, 2019 11:50

Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсуі қалай реттеледі

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің мансаптық көтерілуіне, сонымен бірге объективті және ашық іріктеу жүргізудің институционалдық тұрғыда барлық жағдайы жасалған. 2016 жылдан бастап ішкі конкурс институты енгізіліп, конкурстан тыс тағайындаулар минимизацияланып, техникалық жазба құралдары және бақылаушылар институты қолданылып, әңгімелесудің ашықтығы қамтамасыз етілуде.

Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық өсуі қалай реттеледі | Strategy2050.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы   Нұргүл  Жанназарова  мансаптық өсу кезінде меритократия ұстанымдары сақталатынын айтты.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тапсырмасына сәйкес, біздер өңірдегі мансаптық өсу кезінде меритократия принциптерінің сақталуы жағдайын зерделедік.2019 жылдың есептік кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына 127 адам тағайындалған, оның ішінде басшы лауазымдарға тағайындалғаны 65 адам немесе 51,2%» - деп атап өтті Нұргүл Алмасқызы. 

Спикер атап өткендей, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының басшы лауазымдарына  меритократия принципі бойынша 49 адам немесе 75,4% тағайындалған. 

« «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 сәуірде Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде өңірде басшы лауазымдарға  кадрларды тағайындау кезінде  жергілікті мамандарға айрықша көңіл бөлуге қатысты берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жалпы конкурс қорытындысы бойынша басшы лауазымарға тағайындалған үміткерлердің 16-сы (84,2%) Маңғыстау облысының тұрғындары екендігін хабарлаймыз» - деп атап өтті. 

Сондай-ақ, ол  айтып өткендей, басқа өңірлерден жалпы конкурстың қорытындысы бойынша 2 адам тағайындалды, оның 1-і ҚР Президенті тапсырмасынан кейін.          Бұл жерде көрсетілген лауазымдарға конкурс өткізу кезінде бір үміткерден болған. 

«Басшы лауазымға тағайындалғандардың ішінде конкурстың барлық кезеңдерін есепке алғанда жергілікті емес мамандардың үлесі  4,6% немесе 3 бірлікті құрайды. Барлық конкурстардың әңгімелесу кезеңі толықтай (100%) байқаушылардың қатысуымен өтті. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, жергілікті мамандарды басшы лауазымдарға тағайындау мәселесі Департаментпен ерекше бақылауға алынған», - деді Н.Жанназарова.

Аумақтық департамент басшысы сонымен қатар мемлекеттік органдар арасындағы жүргізілген меритократия принципінің сақталу деңгейін анықтау  бойынша сауалнама нәтижелерін жария етті.

«Агенттіктің аумақтық департаментімен өңірдегі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің өз жұмысына көңілі толуы деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, меритократия принциптерінің сақталуы, ішкі конкурстарға қатысу белсенділігін анықтау мақсатындағы сұрақтар енгізілді», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, сауалнама 1748 мемлекеттік қызметшіні қамтыды, олардың ішінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері – 931 адам және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері 817 адам.

«Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша 83,8% (780 адам) мемлекеттік қызметтегі атқаратын лауазымы олардың қойған мақсаттары мен үміттеріне сай келеді,    16,2% (151 адам.) білімі мен тәжірибесіне сәйкес мансаптық жоғарылауды қалайды», - деді ол. 

Атап өтсек, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурста 25,8% (240 адам) қатысқан, 20% (186 адам) жеңімпаздар алдын ала белгіленіп тұрады деп есептеп, ішкі конкурсқа қатыспаған, қатысқысы келмегендер 54,2% (505 адам).

«Жүргізілген талдау нәтижесі меритократия принциптерінің сақталу бөлігіне қатысты жетілдіруді қажет ететін сәттердің бар екендігін көрсетіп отыр. Айталық, мемлекеттік қызметшілер осы мемлекеттік органның өткізіп жатырған ішкі конкурстары туралы әркез хабардар емес.Әлеуметтік сұрау салу нәтижесі өткізіліп жатырған конкурстардың тазалығы мен әділдігіне күмән келтіретін тұстардың бар екендігін көруге болады. Мұның дәлелі, сауалнамаға қатысқандардың 49,9% конкурсқа қатыспағандығын көрсетеді», - деді ол..

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын  және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында түскен ұсыныстарды және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» алғашқы институционалдық реформасын іске асыру бағытында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен  атқарылып  жатқан жұмыстар туралы департамент басшысы хабардар етті.

Нұргүл Жанназарова облыстағы кадрлық жағдайдың мониторингі нәтижелері бойынша толықтай ақпарат берді.

«Атап айтқанда,  өңірде 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 171 жергілікті атқарушы орган бар, ондағы қызметшілердің:штаттық саны 1347 нақты саны – 1280. Облыс бойынша барлығы - 265 мемлекеттік органдар бар, ондағы қызметшілердің штаттық саны – 3058, нақты саны – 2811»,- деді ол.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер 58,6%-ды құрайды (1658), оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар – 55,8% (714), орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері – 61,7% (944).  

«Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы -36,2 (республикада -38,7)Жергілікті атқарушы органдардағы бос орындар саны -  67, яғни штаттық бірліктің 5% құрайды (республикада -7,5). Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 95% қамтылған.  Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріндегі бос орындар саны -  180, яғни штаттық бірліктің 10,5%(8,2%) құрайды, жалпы штаттық бірліктің 89,5% (91,2%) қамтылған. Облыс бойынша барлығы – 247 бос орын бар, пайыздық үлесі - 8,1% (республикада –7,9)», - деді Н.Жанназарова.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылғандар – 36 (2,7%) (республикада -2,7) құрайды.

«Ұлт  жоспарының 5 және 6  қадамдарын жүзеге асыруда 2018 жылы бірнеше  органдармен  қатар  Маңғыстау  облысы әкімдігінде де әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін факторлық-баллдық шкала негізінде  пилоттық  режимде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгендігі белгілі. Маңғыстау облысы бойынша пилоттық  режимнің  енгізілуі  кадрлық құрам  бойынша  өзінің  оң  нәтижелерін  беріп отыр. Атап айтқанда, Маңғыстаудың еңбек нарығында мемлекеттік қызметтің бәсекелестік қабілеті артты, Маңғыстау әкімдігінде бос орындар саны 5%-ға дейін азайды,  Маңғыстауда мемлекеттік  қызметтен кеткендер саны 4,2% -дан 2,7%-ға дейін азайған, Маңғыстауда ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылған, Мемлекеттік қызметке маңғыстаулықтардың қызығушылығы артқан, Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандар қатары көбейді, Маңғыстауда қызметке жаңадан келген жас мамандардың жұмыстан өз еркімен кетуі 2 есеге азайған», - деді ол.

Мемлекеттік қызметтің кадрлық жағдайы мен еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесінің басты оң әсерлерін жеткізе отырып, аумақтық департамент басшысы мемлекеттік қызметтің кадрлық сапасын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатындығын  баса айтты.

Аумақтық департамент басшысы Президенттік кадрлық резервтің мақсаты мен міндетіне тоқталып өтті. Яғни, кадрлық резервті болашақта мемлекеттің тізгінін ұстайтын жас шамасы 35-тен аспаған және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес мамандарға жоғары лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік беретін жаңашыл институт деп айтуға болады. 

«Бұл ретте, айта кету қажет, Президент тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер іріктеуге қатыспайды.Азаматтар Президенттік кадр резервіне  үш жылдық мерзімге алынады. Осы кезеңнің ішінде тиісті бос орын болған жағдайда адам саяси немесе жоғары басқарушы әкімшілік лауазымына, ұлттық басқарушы холдингтердің немесе компаниялардың жоғары басқарушы лауазымына тағайындалуы мүмкін», - деді ол.

Спикердің айтуынша, резервтегі адамдарды лауазымға тағайындаудан бұрын ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытудан өткізу көзделеді.

Сонымен бірге, оқыту шеңберінде аталған адамдар халықпен жұмыс істеуге, халықтың алдында сөйлеуге, белгісіздік жағдайда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді ұлғайту мақсатында мемлекеттік органдарда және ұйымдарда тағылымдамадан өтетін болады.

 Департамент басшысының айтуынша, Агенттіктің аумақтық  департаментінің негізгі қызметі Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды