• Басты
  • Индустриялық саясат: Басымдыққа ие тауарлардың қазақстандық үлгісі қажет пе
9 Тамыз, 2019 10:50

Индустриялық саясат: Басымдыққа ие тауарлардың қазақстандық үлгісі қажет пе

Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жобасының шеңберінде басымдыққа ие 4241 тауар өнеркәсібінің 16 саласы анықталды. Жобаға орай Қазақстан импортты алмастыру және экспорт бағыттары бойынша дамуды көздеп отыр. ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында еліміздің индустриялық саясатындағы жаңа басымдықтар мәселесі талқыланды.
Индустриялық саясат: Басымдыққа ие тауарлардың қазақстандық үлгісі қажет пе

«QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов басымдыққа ие тауарларды анықтауға талдау жүргізу әдістемесіне қатысты анықтама берді.

«Біздің мемлекетте басымдыққа ие тауарларды анықтап, талдау жүргізу әдістемесі әзірге болмағандықтан,  «Российский экспортный центр» акционерлік қоғамының моделі экспортты тауарлар талдауы қолданылып отыр. Соған орай тауарлар шикізатты және шикізатты емес бағыттарға бөлініп, әр бағыт сәйкес шектерде  энергетикалық және энергетикалық емес тауарларда көрсетілген», – деді Тұрар Жолмағамбетов.

Басымдыққа ие тауарлардың әдістемесі не үшін қажет?

 ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева басымдық берілген тауарларды іріктеудің аудиторияға түсінікті қалыптамасын әзірлеу қажеттігін алға тартты.

«Ең алдымен, қазіргі таңда Қазақстан экономикасына экспорттан айтарлықтай көбірек табыс әкелетін тауарларды белгілеп алғанымыз маңызды. Дегенмен бізде экспорттан табыс әкелетін тауарлардың өткізу нарықтары жолға қойылған. Олардың қатарында жақын шетелдер: Қытай немесе Ресей ғана емес, Еуропа да, АҚШ сияқты біршама алыс елдер де бар. Аталмыш нишаларда бүгінде біз бәсекеге қабілеттімі болып отымыз. Сонымен бірге бұл тауарлар отандық жалпы ішкі өнім үшін маңызды рөл атқарады. Одан кейін назарға алатын жәйт, яғни екіншіден,  экономикада болашақта өсіп жатқан нарықтарды біліп, талдап отыру керек. Үшіншісі, болашағы бар, алайда осал позициялар болып есептелетін, біз жаңдандырғымыз келетін жаңа немесе ескі салаларды дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз керек. Соңғысы, яғни төртіншіден, әрі қарай экспортқа шыға алатын импортты алмастыруға мүмкіндігі бар бағыттарды қолға алу. Қалыптаманы осылай құру арқылы экономиканы мақсатты жоспарлап, оны қолдау шараларын, қандай қажетті қаржылық қаражатты бөлу басымдығы бар екендігі анықталады. Одан кейін тұтынушылардың ауқымды бөлігіне түсіндіру үшін бізге тауарлардың түсінікті қалыптамасы керек», – деп түсіндірді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева. 

Ресей әдістемесі Қазақстанның экономикалық нарығына сай емес

Дегемен Ресей әдістемесіне сүйену дұрыс еместігін, отандық экономиканың ерекшеліктерін ескермейтінін айтқан сарапшылар да болды.

«Еліміздің экономикасының болашақтағы бағдарын жасау мақсатында өз әдістерімізді анықтау үшін жиналып отырмыз. Алайда талдау жасағанда Ресей әдістемесіне сілтеме жасап отырғандықтарыңыз дұрыс емес. Экономикасы, тіпті өмір сүру салты басқа елдің бөтен әдістемесін Қазақстанға  қолдану өате шешім. Осы орайда өзіміздің еліміз үшін басымыдыққа ие салаларға назар аударып, өзіміздің әдістемемізді дайындау маңызды», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эдуард Квятковский.

Дегенмен елімізде басымдыққа ие 4241 тауар  өңдеу, өндіру өнеркәсібінің 16 саласынан анықталып отр екен. Ол «QazIndustry» акционерлік қоғамының деректері. Сонымен еліміздегі басымдыққа ие тауар өнеркәсібінің 16 саласына мыналар жатады: азық-түлік өнімдерінің өндірісі, сусындар өндірісі, темекі өнімдері өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі, қағаз өнеркәсібі, баспа формаларын дайындау, химия өнеркәсібі, фармацевтикалық өнеркәсіп, резіңке және пластмасса өнімдерін өндіру, құрылыс материалдары, металлургия өнеркәсібі, металл бұйымдары (металл өңдеу), машина жасау, жиһаз өнеркәсібі, басқа да дайын өнімдерді өндіру.

Осы орайда елімізде мемлекеттік қолдау, ынталандыру шаралары шикізаттық бағыттағы тауарларға емес, жоғары технологиялық тауарларға көрсетіліп отыр.

Мемлекеттік қолдау шаралары жоғары технологиялық тауарларға бағытталған

«Мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шаралары шикізаттық бағыттағы тауарларға емес, жоғары технологиялық тауарларға көрсетіліп отырғанын айта кету керек. Сыртқа шағаратын, яғни экспортқа арналған басымдыққа ие тауарлардың тізбесі мемлекеттік қолдау шаралармен нүктелі ынталандырудың заманауи трендінің талаптарына сәйкес келіп отыр», – деп мәлімдеді «QazIndustry» АҚ Басқарма Төрағасы Әлишер Әбдіқадыров.

Алайда басымдыққа ие тауарлар тізбесі және оны іріктеу әдістемесіне қатысты алаңдаушылықты білдірген бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де болды.

 «Бүгінгі таңда біз еллімізге қаетті басымдыққа ие тауарларды таңдап алып, барлығын 3 халықаралық әдістеме негізінде осы топқа келтіруге тырысатын боламыз. Дегемен бізге түбейгейлі басқа тәсіл керек екендігі белгілі. Еліміз экспортқа, сыртқа шығаратын тауарлардан қандай нәтиже алғымыз келетінін түсініп, соған сай критерийлер шығарып, солардың негізінде әдістемені әзірлеу міндеті тұр. Әрі қарай өзімізге басымдыққа ие тауарларды таңдау оңайға түседі», – деді «ҚазАвтоПром» Басқарма Төрағасы Серік Рахимов.

Мамандардың пікірінше, өнеркәсіптік өндірісті дамытуда сапалы серпіліс жасау үшін  экспорттық әлеует және импортты алмастырумен қамтылатын 5-20 тауардан тұратын тізбекке назар аудару керек. Өйткен бағдарлама шеңберінде қаржылай қаражат шектеулі. 

Сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Талғат Доскенов белгілі бір «сүзгілердің» болуы керектігін алға тартты.

«Негізінен әдістеме шет елдердегі кешенді кедергілерді, олардың нарықтарындағы негізгі трендтерді  ескере бермейді. Алайда әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін анықтау мүмкіндігі болғанымен,  отандық тауарлардың халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмеуі салдарынан сыртқы нарықтарға шыға алмайтынымыз белгілі болып қалады. Бүгінгі күнде қазақстандық тауралдардың халықаралық талаптарға сәйкес келуіне талдау жоқтығы ескерейік. Ол әрине керек», – деді Талғат Доскенов.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша үшінші мемлекеттік бағдарлама –  ҚР 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында кәсіпорындардың 4 тобына назар аударылған.  «Жаңа индустриялық ойыншылар»; «Мықты шеп»; «Өсу драйверлері»; «Салмақты орталықтар» сынды 4 топты қолдау шаралары да белгіленген. ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы талқылауда аталмыш бағдарламадағы тапсырмалар ескерілетіндігі айтылды.

Айдана Абдрахманова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды