• Басты
  • Электронды үкімет: EgovKzBot Telegram-ботын қалай пайдаланамын
8 Тамыз, 2019 17:00

Электронды үкімет: EgovKzBot Telegram-ботын қалай пайдаланамын

Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күтпей-ақ Telegram қосымшасындағы EgovKzBot Telegram-боты арқылы түрлі қызметтер алу мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта EgovKzBot телеграмботын қолданушылар саны жарты миллионға жеткен.

Электронды үкімет: EgovKzBot Telegram-ботын қалай пайдаланамын | Strategy2050.kz

Электронды үкімет порталының мәліметінше күні кеше ғана Telegram қосымшасы арқылы қызмет алушылар қатарына 500 000-ші пайдаланушы қосылған.

«Күн сайын ұлттық ақпараттық технологиялар қызметкерлері біздің EgovKzBot жақсы бола түсуі үшін жұмыс істейді.  Біз 500 000 қазақстандық EgovKzBot-ты таңдағанына қуаныштымыз», - деп мәлімдеді электронды үкімет порталы.

Egov порталы әрбір пайдаланушыны бағалап, қызмет көрсету жылдам әрі сапалы болуы үшін барлығын жасауға тырысатынын да хабарлады.

2015 жылы Telegram-да боттарды жасауға арналған платформа пайда болғаннан бері мессенджер түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды. Көптеген әзірлеушілер чат-боттар түрінде әр-түрлі қосымшалар және сервистердің аналогтарын жасай бастады, олармен өзара іс-қимыл чат режимінде алдын ала белгілі бір командалар көмегімен жүзеге асырылады.

Біз де шетте қалмай 2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы ботының бірінші нұсқасын іске қостық. Бүгінгі күні бот арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:

  1. Мекенжай анықтамасы;
  2. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;
  3. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  4. Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамалар;
  5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама;
  6. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу;
  7. Әлеуметтік мәртебені тексеру;
  8. Емханаға тіркеу (өзіңізді және балаларыңызды);
  9. Дәрігер қабылдауына жазылу;
  10. Дәрігерді үйге шақыру.
  11. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті брондау;
  12. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама алу;
  13. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама алу;
  14. Баланың тууын проактивті түрде тіркеу;
  15. Ең жақын ХҚКО іздеу;
  16. Жұмыс/маман іздеу;
  17. Наркологиялық диспансерден анықтама;
  18. Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
  19. Туберкулез диспансерінен ұйымнан анықтама;
  20. БЖЗҚ салымшысы қаражатының келіп түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат;
  21. БЖЗҚ салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат;
  22. Шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру;
  23. Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет алу;
  24. Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру;
  25. Балабақшаға кезек нөмірін қарау.

Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.

Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.

Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @EgovKzBot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.

Telegram-бот арқылы қазметтерді алудың жалпы үдерісі осындай, өте оңай, жылдам және ыңғайлы. Бот арқылы қолжетімді қызметтер саны бірте-бірте кеңейеді.

SMS-кодты алуға қатысты қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны арқылы Бірыңғай байланыс-орталығымен хабарласып консультантқа телефон нөмірін, ұялы байланыс операторының атауын және телефон нөмірі бір оператордан басқа операторға ауыстырылғаны туралы мәліметтерді хабарлау қажет. 

Telegram-ботта жаңа қызметтердің пайда болуын анонстаудан кейін оларды қолдану үшін боттың өзін қайта іске қосуды қажет ететін жағдайлар болады. Бұл мәзірдің «Тарихты тазарту» тармағын таңдау және  содан кейін «Старт» батырмасын басу арқылы жасалады.

Маңызды сәтті айта кетейік, ботты бастапқы іске қосу тек қана сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонда ғана жүзеге асырылады. Осыдан кейін, бот барлық платформаларда жұмыс істей бастайды. Қызметтерге көрсетілген команда-батырмаларының көмегімен бастағаннан кейін бірден сұратым жіберуге болады.

Толық мәлімет Egov.kz порталында.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды