- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыру қалай жүзеге асырылуда
Оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыру қалай жүзеге асырылуда
Көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмекпен барған азаматтардың барлығы қамтамасыз етілуде. Аталмыш бағдарлама бойынша Түркістан облысынан қоныс аударушылар бағдарламаға қатысушылардың 60 пайызын құрауда.
Бұл туралы «Түркістан - Қызылжар - Қостанай – Көкшетау» ақпараттық турында жүрген түркістандық БАҚ өкілдерінің Қостанай облысы, Сарыкөл ауданына барған сапары барысында мәлім болды.
«Тәгіл ауылдық округы, Соналы ауылына ат басын тіреген делегация ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, Соналы орта мектебінде Түркістан облысы, Жетісай ауданынан былтыр көшіп келген Ақшолпан Зұлпыхарова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.4 баланың анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып көшіп келгеніне өкінбейтінін жеткізді. Жұмысшы болып істейтін жолдасының айлығы да жеткілікті», - делінген облыс әкімдігінің мәліметінде.
Сондай-ақ, аталған мектепте медбике болып жұмыс атқаратын Тұрсынай Сафарова да мамандығы бойынша Жетісай ауданынан көшіп келген.
Айта кетерлігі, Соналы мектебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы оңтүстік өңірден көшіп келген отбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуға шақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде.
Бұл ауқымды әрі маңызды сапар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.
Қостанай облысы дақоңыржай климаты бар, ауыл шаруашылығы мен егін егуге қолайлы өңір.
Бұл өңірге қоныстанған күнгейліктердің өмірімен танысуға келген журналистер қауымы бірнеше аудандарды аралайтын болады.
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдем ретінде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді,
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
«Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (88375 тенге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударды», - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
-22 отбасы,92 адамҚостанай облысына;
- 46 отбасы, 90 адам Шығыс Қазақстаноблысына;
-94 отбасы, 282 адамСолтүстік Қазақстан облысына ;
-44 отбасы, 219 адам Павлодар облысына көшіп барды.
Сонымен қатар, қоныс аударған 683 адамның 287-сі еңбекке қабілетті болса,204 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам жеке кәсібін ашты. Ал қоныс аударған 75 тұрғын бала күтімімен айналысып, үй шаруасын дөңгелетіп отыр.
Халықты ынталандыру мақсатында облысқа солтүстік өңірлерден арнайы өкілдер келіп, кезең- кезеңіментүсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы 2018 жылға 8 топ, 151 жұмыс берушілер келсе, 2019 жылға 6 топ, 96 жұмыс берушілер облысымыздаболып, халыққа бағдарламаның тиімділіктерін түсіндірді.
Аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Жетісай ауданында 2019 жылдың 24 мамырында республикамыздың Солтүстік облысынан келген жұмыс берушілердің қатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңесі өткізілді.Аталған жәрмеңкеге 650 ден астам ниет білдіруші азаматтар қатысып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Сонымен қатар демеушілер есебінен 150-ге жуық ниет білдірушілер Солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс- тіршілігімен танысып, өз көздерімен көріпқайтты.
Қазіргі таңда халықты солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асып, нәтижесінде облысымыздан қызығушылық тудырған тұрғындар саны артып, қоныс аударушылар көбеюде.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі