• Басты
  • Өңірлер: Жамбыл облысының бюджеті қалай орындалуда
7 Тамыз, 2019 11:27

Өңірлер: Жамбыл облысының бюджеті қалай орындалуда

2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің жоспары 113,9 пайызды құрады, немесе болжам 40 884,2 млн. теңге болса, нақты түскені 46 498,3 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 111,0 пайызды құрады немесе 4 607,7 млн. теңгеге артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Өңірлер: Жамбыл облысының бюджеті қалай орындалуда | Strategy2050.kz

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  басшының  орынбасары Мұса Қалдарбеков айтып өткендей,  жергілікті бюджеттің болжамының орындалуы 119,5 пайызды құрады  немесе 5 266,9 млн.теңгеге жоспардан артық түсті.

«Оның ішінде: Облыстық бюджет – 119,8 пайызды құрады  немесе 2 123,9 млн.теңгеге жоспардан артық түсті  (жоспар – 10 736,0 млн.теңге, нақты түскені – 12 859,9 млн.теңге).Аудандық бюджет – 119,3 пайызды құрады  немесе 3 142,9 млн.теңгеге жоспардан артық түсті», - деді М. Қалдарбеков.

Сонымен бірге, М.Қалдарбеков салық базасын ұлғайту мақсатында уәкілетті органдармен бірлесе отырып 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту барысында  бюджетке қосымша 518,6 млн. теңге өндірілгені туралы атап өтті.

«Бұдан бөлек, ағымды жылдың басынан тіркелген жеке кәсіпкерлердің  саны 3583 салық төлешілерге көбейді. Пәтерді жалға берген 169 жеке тұлға анықталып  жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бюджетке – 1,8 млн. теңге өндірілді.  Мемлекеттік кірістер органдарының бір басты бағыты болып, тексеру жұмыстары саналады.Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып Тараз қаласының көлік жолдарына жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қосымша 316 жеке тұлға, (жолаушылар тасымалдау қызметін ұсынатын)дара кәсіпкер ретінде тіркеуге  қойылды», - деді М.Қалдарбеков.

Ол айтып өткендей,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылар Кодексінің 463 бабының 1 бөлімі бойынша 39 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Коғамдық тамақтану саласындағы салығы 3,1 млн. теңге болатын, кірісінің ұлғайуы 65,4 млн. теңгені құрайтын 258 салық төлеушілерге талдау жұмыстары жүргізілді.  Толық кіріс көзін көрсету сұрағы бойынша кірістің 361,1 млн. теңгеге ұлғайуына 47 хранометражды зерттеулер жүргізілді. Мемлекеттік кірістер органдары бойынша 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Көрсетілген 45 қызметтің  түрінен 28-і толық автоматандырылған.  Департамент бойынша мемлекеттік қызметті қолданушылардың үлесі 91,3 пайызды құрады немесе 337 387 дана құрады. 

«Сонымен қатар, М.Қалдарбеков  2019 жылы жүргізілетін салықтық рахымшылық бойынша нормалар шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді екенін туралы ескертті. Мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайтынын айта кетейін», - деді  ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша,  рахымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі салық қарызын төлеген жағдайда, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады.

«Жамбыл облысында салықтық рақымшылық жасау мерзімі   3636 салық төлеуші бойынша 1727,8 млн.теңгені құрады (айыппұл - 1431,0 млн.теңге, айыппұл - 296,8 млн.теңге) 3484, 9 миллион теңге. 2019 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша  салық төлеушілердің төленген 86,9 млн. теңге берешек сомасының 9,2 млн. теңге айыппұлдары есептен шығарылды.Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2019 жылдың  09 шілдесінде Жол картасы бекітілген. Жол картасының шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарымен әрбір азамат ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұл сомаларын өтеу бойынша жүргізілетін кампаниясын пайдалану үшін салықтық рақымшылық жүргізудің ережелері бойынша жалпы-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді ол.

Сонымен қатар,ол атағандай,  өсімпұлды өтеудің негізгі шарты салық қырызын төлеу болып табылады. 

«Ол үшін салық төлеушілерге ешқайда барып, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары әрбір салық төлеушінің дерегін күн сайын тексеріп, негізгі бересі сома төленгеннен кейін 3 күн ішінде өсімпұлды өтеу туралы шешім шығарылады. Ал, ағымдағы жылдың ішінде салық берешегімен қоса өсімпұлды да төлеп қойған салық төлеушілерге өсімпұл  сомасы қайтарылып беріледі. Ол үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына барып, өтініш жазуы керек. Соның негізінде артық төленген сома өтініш берушінің атындағы есепшотқа аударылады», - деді ол.

Өз кезегінде  Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы – кеден бақылау басқармасының басшысы Ардақ Ізбасаров  Жамбыл облысы бойынша МКД қазмет аумағында 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 2689 (2291) тауарларға арналған декларация ресімделгенін айтты.

 «Әрі қарай, Елбасының ұлт жоспарының 5 институциялық реформа шеңберінде 100 нақты қадам ішінде кеден блогына жүктелген 38-қадам бойынша тоқтала кеткім келді. Экспортерлар мен импортерлардың кедендік процедуралардан өтуі кезінде «Біріңғай терезе» пирнципі ергізілген. Электрондық декларациялау жүйесін жетілдіру (тауарларды кедендік тазартудың автоматтандырылған жүйесін енгізу). Экспорт пен импортқа арналған құжаттар қысқартылып, оларды өңдеу уақыты қысқартылды. Өздеріңіз білетіндей 2017 жылдың 1 қазанынан бастап АСТАНА-1 ақпараттық жүйесінде транзит процедурасы іске қосылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап экспорт-10 процедурасы, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап қалған барлық процедуралар іске қосылды. Қазақстанның Бизнес қоғамы осы жаңалық кедендік ресімдеу мәселесі бойынша 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап оң тиімділік пен үлкен жеңілдікке ие болды», - деді ол.

Ардақ Ізбасаров айтып өткендей,  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 шілдесіне дейін барлығы 2 604 тауарларға арналған декларация ресімделді.           

«Жасыл дәліз – тауар тәуекелді емес болып саналады және кеденнің қызметкерлерінің қатысуынсыз автоматты түрде шығарылады.Сары дәліз – тауар аздап тәуекелді және құжаттық бақылауға жатады. Көк дәліз – тауар мұнда да аздап тәуекелді және ол шартты түрде шығарылады және шығарылғаннан кейін бақылауға алынады. Қызыл дәліз – тауар тәуекелді болып табылады жете бақылауға алынады», - деді ол.

Сондай-ақ, айта кететін жайт, барлық дәліздерге тауарларға арналған декларацияларды тәуекелдердің сатысын ескере отырып, Жүйе автоматты түрде жолдайды. 

«2019 жылдың 6 айында 43 кедендік тексеріп қарау жүргізілді. Нәтижесінде 16 бұзушылық фактісі анықталды. Кедендік тексеріп қараудың тиімділігі – 37,2% құрады. 2018 жылдың салыстырмалы кезеңінде ТБЖ ұсынысы бойынша 40 кедендік тексеріп қарау жүргізілген. Нәтижесінде 5 бұзушылық анықталған. Кедендік тексеріп қарау тиімділігі – 12,5% құраған», - деді ол.          

 Сондай-ақ, ол   кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар бойынша ақпараттқа тоқтала кетті.

  «Кеден блогына жүктелген тапсырмалардың бірі болып, тарифтік емес реттеу, экспорттық бақылау және тиымсалулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.  Кеден басқармасымен тауарларды тасымалдауға (әкелуге/әкетуге) қойылған шектеулерге (лицензия бойынша) бақылау жүргізеді», - деді ол.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 6-айында тауардың коды бойынша 8 алдын-ала шешім қабылданды. Бюджетке 256 000 теңге сомасындағы кедендік алым өндірілді. 

«2018 жылдың ұқсас кезеңінде тауардың коды бойынша 15 алдын-ала шешім қабылданып, бюджетке 450 000 теңге сомасындағы КТмС өндірілген. Жеке құрам ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірмелік жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Әр қызметкерге жеке-дара сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын-алудың мақсаты, мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттар, оның ішінде ҚР Президентінің жарлықтары мен жыл сайынғы жолдаулары түсінідіріледі. Ай сайын, СЭҚ қатысушыларымен және салық төлеушілермен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі», - деді ол.   

 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды