• Басты
  • Жастар арасындағы инновациялық байқау қандай мүмкіндік береді
6 Тамыз, 2019 17:58

Жастар арасындағы инновациялық байқау қандай мүмкіндік береді

Елбасы бекіткен «Жастар жылы» аясында қазақстандық жастардың әлеуметтік әлеуетін арттырып, қоғамдағы азаматтық белсенділігін жоғарылатуға байланысты бірнеше бағыттағы іс-шаралар атқарылып келеді. «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастыратын Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы және «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауына кімдер қатысып, қалай үлес қоса алатыны туралы толық ақпаратты төмендегі материалдан оқи аласыз.

Жастар арасындағы инновациялық байқау қандай мүмкіндік береді | Strategy2050.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің Төрағасы Мадияр Қожахмет Жастар жылы аясында 5 негізгі бағыт бойынша атқарылатын шаралар туралы мәлімет берді.

«2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіленгеннен кейін, аталмыш жыл аясында атқарылатын бірнеше іс-шаралардың жол картасы бекітілген болатын. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атынан айта кетсем,  Жастар жылы аясында 5 негізгі бағыт бойынша шаралар легі атқарылып келе жатыр. Бірінші – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Ол бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 3 000 жасқа жыл сайын жалдамалы пәтер берілетін болады. Одан кейін жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке баулып, жұмыспен қамтамасыз ету үшін «Жас кәсіпкер», «Бастау» жобалары бар. Оған қатысатын жастарға өз ісін бастағысы келетіндерге бастапқы капитал ретінде 500 мың теңге көлемінде грант ұсынады. Егер, ол жетпесе, 3 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал, білім беру бағыты бойынша іске асып жатқан «Жас маман» жобасы аясында еліміз бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орны іріктеліп алынып, олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Кәсіптік-техникалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясы 30 пайызға көтерілді. Сонымен қатар қосымша гранттар бөлініп, бұл бағыт бойынша да бірқатар шаралар атқарылып келе жатыр», - дейді Мадияр Қожахмет.

Сондай-ақ, Мадияр Қожахмет – жастардың азаматтық белсенділігін дамыту мақсатында ҚР АҚДМ қарасты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттары арқылы aзаматтық бастамалар қолға алынғаны туралы айтты.

««Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп үкіметтік емес ұйымдар үшін 50-ден аса жастарға арналған жобаларға гранттар жарияладық. Сол грант бойынша Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу және «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы жобалары секілді көптеген ауыз толтырып айтарлық шаралар атқарылды. Бұл шаралардың ішіндегі ең ауықымдысы осы оқу жылынан бастап еріктілікпен айналысатын жастарға сағатына мың теңгеден төленетін болады. Бұл қаражатқа жастар оқу ақысын төлеуге немесе өзінің басқа да шығындарын өтеуге жұмсай алады. Сондай-ақ жетекші республикалық ұйымдармен бірлесіп ұлттық дебат турнирі, «Жастар керуені», «Jastar Otanga» жобалары сынды бастамалар іске асатын болады.  Бұл азаматтық бастамалар оқуына, сапалы білім алуына, азаматтық белсенділігін дамытуға көмек беріп, қоғамға пайдалы тұлға өсіп шығуына мүмкіндік тудырады», - деді Мадияр Қожахмет.

«Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі басшысы Лаура Демесінова Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасы жастар ұйымдарының мәртебесін көтеріп, аталмыш ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтатынын айтты.

«Нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасу жобасы туралы айта кетсем, бұл жоба Қазақстанның барлық өңірлерінде  жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарының жастар ресурстық орталықтарымен, мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жасауды жақсарту мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырыстармен тиімді жұмыс істеу туралы тиімді ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін аймақтардағы жастарға бағытталған үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және дамыту болып табылады. Жоба мың адамды қамтиды деп отырмыз.  Оның мақсаты: жастар ұйымдары, жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар, жастар ресурстық орталықтары, мүдделі мемлекеттік органдар және арасында өзара әрекеттесу, желілер мен білім алмасуды дамыту каналдарын кеңейту, тәжірибе алмасу және жастар ұйымдарының озық тәжірибелерін зерделеу, жастар ұйымдарының өкілдері үшін тренингтер, мастер-кластар, семинарлар, диалог алаңдарын өткізу болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары жастары арасында қарым-қатынас орнату бойынша іс-шаралар өткізу қолға алынатын болады», - дейді Лаура Демесінова.

Сондай-ақ, «Болашақ» қауымдастығы басшысы қазақстандық жастарды  «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауына қатысуға шақырды.

«Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы жобасына келер болсақ, бұл жоба елімізде алғаш рет өткізілгелі тұрған жоқ. Осы уақытқа дейін аталмыш шара 2017 жылы жүзеге асырылған. Бұл байқау – жастардың іскерлік, белсенділігін арттыруға және жұмысқа орналасуына, жастардың іскерлік ойлауына, сондай-ақ өзін-өзі дамытып, өз идеяларын жүзеге асыруына жағдай жасайтын болады. Және де бұл жоба жастарды қоғамдық өмірге тарту тетіктерін ұйымдастырып,  жас буын арасындағы кәсіпкерлікті дамыту және стартаптардың экожүйесін құрады. Сондай-ақ, олардың өзін-өзі дамытуы үшін басқа да өзі сияқты талапты жастармен қарым-қатынас (нетворкинг) құра алатын болады. «Jastar Otanga» инновациялық идеялар байқауы еліміздің ке-келген өңірінде тұратын 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысу үшін өтінімдер 1 шілде-20 қыркүйек аралығында қабылданатын болады. Ақтық сынға өткен қатысушылар тізімі bolashak.kz сайтында қыркүйектің 27 жұлдызында жарияланатынын еске саламыз», - дейді жоба үйлестірушісі халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі басшысы Лаура Демесінова.

Қосымша ақпарат алып, ережемен толық танысу үшін арнайы +7 7172 707 669 телефон нөміріне хабарласып немесе қауымдастықтың bolashak.kz сайтындағы Жобалар бөлімінен біле аласыз. IT, медицина, калдықтарды жою, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, ақылды технологиялар саласында инновациялық идеялары бар жастар 20 қыркүйекке дейін онлайн өтінімді толтырып, байқауға қатысып, идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Алайда қауымдастық идеясы жоқ, бірақ қатысқыcы келетін жастарға да мүмкіндік беріп отыр. Байқау финалы 2019 жылдың 23-24 қазан аралығында Алматы қаласында өтпек.

Айдана Абдрахманова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды