• Басты
  • Burabay Forum: Жас ғалымдар ғылыми тәжірибе алмасады
6 Тамыз, 2019 16:34

Burabay Forum: Жас ғалымдар ғылыми тәжірибе алмасады

Нұр-Сұлтанда Жас ғалымдардың ІІI халықаралык «Byrabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» форумы басталды. Ғылыми шара Ақмола облысында жалғасады, онда ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша секциялык отырыстар және дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылады.
Burabay Forum:  Жас ғалымдар  ғылыми тәжірибе алмасады

Burabay Forum — жыл сайын әртүрлі елдердің 100-ден астам жас ғалымдарының және білім саласындағы өзекті мәселелерін талқылайтын әлемдік Ғылыми қауымдастық мойындаған диалог алаңы.

Биылғы  «Burabay Forum» форумына  Қазақстан, Армения, Белоруссия, Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Франция сынды 12 елдің  жас ғалымы қатысады.

 Аталған форумның осындай беделді құрамы төрт күндік слёт барысында талқыланатын өзекті мәселелерге байланысты болады.

ҚР  Тұңғыш Президенті- Елбасы қорының  атқарушы директоры Әсет Исекешев форумның географиясы жыл сайын кеңейіп жатқанына ризашылық білдірді.

«Әр жыл сайын өзекті тақырып талқыланады. Биылғы форумның тақырыбы жастарға арналып отыр. Болашақты ойлайтын әрбір елге жастарды қолдау маңызды деп ойлаймын. Жастар жарқын болашақ пен өркениеттің кепілі. Өркениет жаңа қорытындыға шығып жатыр,  технология,адами капитал, бизнес, экономика, білім беру, денсаулық сақтау салалары басымдыққа ие. Әлем бойынша   300 млн  18-30  аралығындағы  жас азамат тұрақты жұмыссыз болып отыр. Мамандықтардың  50 пайызы жасанды санаға ауысады.Бұл мәселені түсіну керек. Себебі, ол үлкен сынақ болып отыр. Себебі, әлем бойынша еңбек нарығы өзгеріп жатыр. Жастарға қатысы бар кез келген дүниенің әлеуеті өте жоғары. Биыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Көптеген шаралар мен бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр», - деді Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, Ә. Исекешев биыл «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Бұл желілік бастамалар. Мәселен, «Жас маман» бастамасы жастарға арналған ЖОО-ларды жаңғыртуға бағытталған. Әрбір өңірде жаңа бағдарламасы бар мықты бір университеті және  20 колледж болуы керек. Олар еңбек нарығындағы құбылмалы талаптарға сәйкес мамандарды дайындауы керек. «Болашақ» бағдарламасы арқылы көптеген жастар шетелге шықты. Осы сынды бастамалар жұмыс істеп жатыр», - деді Ә. Исекешев.

Сонымен қатар, Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Елбасы қоры жастарды қолдаудың игі бастамаларының алдында тұратынын атап өтті.

«Бүгінгі форум да соның айқын белгісі деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің басынан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев гүлденген әрі өркениетті елдің жастары білімді болу керек деген ұстаныммен «Болашақ» бағдарламасын ашқан болатын. Олардың көбі қазір шетелде қызмет етіп, мемлекеттік инновациялық жобалардың жүзеге асуына атсалысып жатыр», - деді Қ.Мәми.

Сонымен қатар, Қ.Мәми қазір біз ақпараттық технологиялардың күрделі өзгеріске ұшырап жатқан кезеңінде өмір сүріп жатқанымызды айтты.

«Мамандар көптеген мамандықтардың болашағына қатысты болжамдар жасап жатыр. Жаһандық әлемде кадрлардың бәсекеге қабілеттігін арттыру өте өзекті тақырып болып отыр. Меніңше, бұл күресте ғылым өкілдері жеңіске жетеді. Жаңа даму  мемлекет пен қоғам алдына жаңа талаптарды қойып жатыр. Маңызды рөлді Конституция атқарып отыр. Жоғары заңдық күшке ие құжат ретінде ол саяси-қоғамдық, мәдени-құқықтық бағыттарды қарастырады. Азаматтардың іскерлік бостандығы, еңбек ету құқығын реттейді», - деді Қ.Мәми.

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрайымы Анар Жайылғанова Елбасы өз Жолдауында жастарға кешендік көмек көрсету туралы айтқанын еске салды.

«Сондай-ақ, Елбасы әлеуметтік лифтілердің кең  платформаларын құру инновациялық, сервистік  секторды дамытуға ерекше назар аудара отырып, 5 жыл ішінде білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінген қаржыны елдің ЖІӨ-нің 10 пайызына жеткізу қажеттігін атап өтті. Сондықтан қазіргі атқарып жатқан жұмыстардың барлығы осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталады», - деді А. Жайылғанова.

Ал  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы ғалымдардың 40%-ы жас ғалымдар екенін атап өтті. 

«Үш жыл бұрын еліміздің жас ғалымдары форумда бас қосып, бір-бірімен танысты. Қазір біз форумның нәтижесі ретінде жас ғалымдардың ішінде бірнеше жаңа ұйым пайда болғанын көреміз. Қор негізінде құрылған жас ғалымдар кеңесінің нәтижесін көре отырып, БҒМ жанынан жас ғалымдар кеңесін құрдық. Осы кеңес құрамына 40 жасқа келмеген жас ғалымдарды енгіздік. 10 тамызда жас ғалымдар кеңесінің алғашқы жиыны өтеді», - деді Аймағамбетов.

Білім министрі  елімізде қабылданып жатқан шаралар жастарға ғылыммен айналысуға жағдай жасайтынын айтты.

«Біреу елімізде жас ғалымдар аз дейді, біреу жастар ғылыммен айналысқысы келмейді дейді. Бірақ дәлел – ғалымдардың 40%-ы жастар. Елімізде қабылданып жатқан шаралар жастарға ғылыммен айналысуға жағдай жасайды деп ойлаймын. Жас ғалымдар өте белсенді. Олардың басын біріктіретін ұйымдар арқылы жас ғалымдардың дауысы басқалардан гөрі қатты естіледі. Олар талаптарын нақты жеткізеді және бізге нақты ұсыныстар береді», - деді министр. 

Өз кезегінде Ресей ғылым академиясының  жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Андрей Котельников ресейлік ғалымдар жыл сайын Қазақстанға келетінін айтты.

«Қазіргі заманда бұл өте маңызды оқиға. Жас ғалымдар пікір алмасып, белгілі бір міндеттерге бірге қол жеткізулері керек. Мұндай жұмыстар болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асырған кезде өз жемісін береді. Біз елдеріміздің ынтымақтастығы үшін іргетасты қалап жатырмыз. Бұл екі елдің академияаралық қарым-қатынасының нәтижесінде осындай бірлескен шаралар жүзеге асырылып отыр. 12 елдің форумға қатысуы қуантады», - деді А.Котельников.

Айта кетейік, шара 7-9 аралығында екі күн Бурабайда жалғасады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды