• Басты
  • "Жас кәсіпкер": Жұмыссыз жастарға арналған жобаға қалай қатысамын
6 Тамыз, 2019 11:32

"Жас кәсіпкер": Жұмыссыз жастарға арналған жобаға қалай қатысамын

Елбасы қабылдаған еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес және Жастар жылына орай «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылған болатын. Жобаның үйлестірушісі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Жұмыссыз, тұрақты табыссыз жүрген 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы – қатысушыларды кәсіпкерліктің қыр-сырына қандырып, өз нишасын тауып, бизнес бастауға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, жаңадан іс бастағыс келгеен талапкер қатысушыларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (505 мың теңге) бастапқы капитал ретінде грант беріледі.

"Жас кәсіпкер": Жұмыссыз жастарға арналған жобаға қалай қатысамын | Strategy2050.kz

Қазақстанның барлық қалаларында, облыс орталықтарында кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастар үшін 200 мектеп ұйымдастырылған. https://atameken.kz сайтына кіріп, сайттың жоғары бөлігінде орналасқан «Өңіріңізді таңдаңыз» батырмасын басып, өз өңіріңізді таңдап, сондағы мекенжай бойынша хабарласып, жоба туралы білуіңізге, өтініш беруіңізге болады. Немесе кез-келген телефон арқылы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мына нөмірлер арқылы 1432, 8 800 080 80 10 тегін байланыса аласыз. «Атамекен» ҰКП мамандарының сөзінше Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жұмыссыз жастардың басым бөлігі тұрады. Аталған үш қалада 60 мектеп іске қосылған. Сондай-ақ, «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушыларына 19 273 теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Бастапқы грант ретінде ұсынылатын 500 мың теңге гранттан бөлек, қатысушы жас өтініші білдірсе 3 миллион теңгеге дейін несие алуына мүмкіндігі бар. 

«Жас кәсіпкер» жобасының кезекті легінің қатысушылары үшін белгілі кәсіпкерлер кеңесін тыңдап, әңгіме-сұхбат құру мақсатында BASTA алаңы құрылған болатын. BASTA алаңы еліміздің барлық өңірлерінде құрылғанын айта кетейік.

Нұр-Сұлтан қаласындағы кезекті BASTA кездесуіне ҚР Мәжіліс депутаты Меруерт Қазыбекова, Method Coding School құрылтайшыларының бірі, IT Экономика Жоғары мектебінің оқытушысы Дагар Давлетов, «КДЛ Олимп» бас директоры Ерлан Сулейменов, «MIRASKIN SHOP» құрылтайшысы Мирас Иманмадиров келіп өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Кәсіпкер Ерлан Сүлейменов алғаш бизнес бастаған кездегі өз тәжірибесімен бөлісті.


«Мен де сіздер сияқты жас кезімде бизнеске ұмтылдым. Сөйтіп 1998 жылы жеке кәсіп ашып, кәсіпкер атандым. Қыркүйек айында тіркеліп, ісім өрге домалай бастады, қазір де сол бастаған ісіммен айналысып келемін. Басында біраз қиындықтар болды, әлі де жұмысымыз өте жеңіл деп айта алмаймын. Ең алғаш салық мекемесімен мәселе болды. Бір күні салық комитетіне есеп тапсыруым керек болып, алайда жұмыстан қол тимей уақыт болмаған еді. Сөйтіп келесі айда бірақ тапсырамын деп, шешім қабылдадым. Келесі айда келіп тапсырсам бірден кешіктірілген үш күнге айыппұл салды. Бірінші ұққаным, салық комитетімен әзілдесуге болмайтындығын түсіндім», - деді «Олимп КДЗ» бас директоры Ерлан Сүлейменов.


Ерлан Сүлейменовтің өзі атап өткендей, дәрігер мамандығында оқыған ол, болашақ кардиолог болғысы келген. Бірақ оны бүкіл оқу тобымен бірге жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығына ауыстырып жіберген екен.

«Бүгінде отбасылық дәрігер болу абыройлы және өте қажет маман. Бірақ ол кезде бұл мамандық туралы көп біле бермейтінбіз. Онымен әрі қарай не істеу керектігін түсінбедім. Сол кезеңде мен бір петербургтік дәрігерден қызықты аппаратты көрдім. Құрылғы жүректің кардиограммасын жазып алады екен. Мен бұның Қазақстан нарығында жоқ екенін біліп, құрылғыны сатып алып, бизнеспен айналыса бастадым. Сәйкесінше, максималды кіріс алып, дами бастадық Мен көп мемлекетті араладым. «Телегей теңіз, көгілдір мұхитта да» болдым. Сіздерге қазір жақсы мүмкіндік беріліп отыр. Және қазір еркін нарық екенін білесіздер», - деп ойымен бөлісті Ерлан Сүлейменов.

Бүгінгі таңда Ерланның 7 кәсіпорны бар, олардың үшеуі 100 % оған тиесілі. Кәсіпкердің айтуынша, бұл бизнесте әрдайым инновацияларды іздеу және жаңа технологияларды қолдану қажет. Ерлан Сүлейменов өзінің оқиғасын айтып қана қоймай, жоба қатысушыларына сұрақтар қойды.

«Болашақ кәсіпкерлер ретінде мен сізден мынаны сұрар едім. Сіз бұл дүниеде қанша уақыт өмір сүресіз? Біреу өзіне осындай сұрақ қойды ма? Екінші сұрақ: сіздің бизнесіңіз қанша уақытқа созылады? Міне, сіз жеке кәсіпкерлік ашасыз, сіз өзіңізден оның қанша өмір сүретінін сұрадыңыз ба? Бұл өте маңызды, сіз қанша бизнес жоспарлап отырғаныңызды түсінуіңіз керек. Сіз оны көбейтесіз бе? Өмір қысқа, сіз пайдаға сенімді түрде қанағаттануыңыз үшін істі кеңейту мақсатында бәрін жасау керексіз. Сіз өзіңізбен бірге ақшаны ана өмірге алып кете алмайсыз, бірақ ол мағыналы өмір сүруіңізге кмөектесе алады», - деді кәсіпкер.

Method Coding School негізін қалаушылардың бірі, Жоғары экономика мектебінің IT-оқытушысы Дагар Давлетов кәсіпкерлер стандарттан тыс ойлайтын адамдар деп атап өтіп, өзінің өмірлік және бизнестегі тәжірибесімен бөлісті.

«Маған Билл Гейтстің сөзі ұнайды: диван мен құйрықтың арасынан жүз доллар ұшып өтпейді. Әдетте кәсіпкерлік - бұл бір әрекет жасайтын және стандарттан тыс ойлайтын адамдар. Қазақстандық жастарға дамыған шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасында бір үміткерден - бір пәтер, деген түсінік бар.. Бұл сіздің оралатаныңызға кепілдік. Бұл түсінік туралы маған оныншы сынып оқушысы болған кезімде, сол стипендияны алуға үміттеніп «Болашақтың» кеңсесіне келгенде естідім. Кеңседе мен пәтердің жоқтығы стипендия берілуден бас тартуға негіз болғанын түсіне алмадым. Сөйтіп мен ережеден тыс кетіп, рұқсат беруін сұрадым. Маған арыз жаз деді. Бірақ, идеямның сәттілігіне ешкім сенбеген, алайда бір аптадан кейін маған «Болашақтан» қайта хабарласып, өтінішім қаралып, енді стипендияға ие болғанымды жеткізді. Сонымен, Ақтөбедегі бір пәтер бірден екі ағайынды Давлетовтің оқуына төленді десе де болады. Сөйтім мен Американың 4 университетіне бірдей түсіп, соның бірін таңдадым.  Бұл өмірлік тәжірибем бизнес туралы емес, кәсіпкерлік ойлау туралы.

Америкалық өмірдің қызығы мен шыжығын біліп алған Дагар Германияда оқыған досымен бірге бизнес бастауға шешім қабылдайды. Америка мен Еуропада тамақ жеткізу өте жақсы дамығандықтан, болашақ кәсіпкерлер елімізге сол тәжірибені алып келмек болған. Жастар 4 айын жұмсап, тамақ жеткізетін веб-сайт пен мобилді қосымша жасаған.

«Біз барлық қаражатымызды осы жобаға жұмсаған болатынбыз. Мейрамханаларды аралап, бізде керемет бағдарлама бар, сіздер тапсырыс қабылдайсыздар деп түсіндіріп әлекпіз. Алайда ол кезде оларда тіпті интернет те жоқ екен», - деді Дагар Давлетов.


Дагар атап өткендей, бұл жаңадан бастаған кәсіпкерлердің әдеттегі қателігі. Бизнесті құрып алып, содан кейін ғана клиентке не қажет екенін білу. Бизнес айына 2-2,5 миллион теңге ғана әкеліп, мүлдем өспеді. Содан кейін жігіттер адамдарға өздері жақсы білетін нәрселерін үйретуді ұйғарды. Осылайша, Method мектебі пайда болды. Бір ғана кабинеттен басталған мектеп бүгінде кеңейді. Кейінірек жігіттер тек сабақ беріп қана қоймай, студенттеріне қазақстандық компанияларда тағылымдамадан өтуге көмектесе бастады.

Дагар Давлетовтың айтуынша, әдетте адамдар өздерінде қандай талант барын біле бермейді. Себебі, бизнес бастай отырып, сіз есепші, сатушы және мұғалім болып кетіп, бірнеше мамандықты игересіз. Ең бастысы, көптеген кейстер бар екенін және олардың қателіктерін ескере отырып, жаңадан келген кәсіпкерлер жақсы өнім жасай алатындығын ұмытпау керек

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша білім алып жатқан Елордалық жастар BASTA алаңында осындай белгілі кәсіпкерлер кеңесін тыңдап, әңгіме-сұхбат құра алады.  Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде құрылған BASTA алаңы осылайша өз миссиясын орындайды.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды