- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қалай іске аспақ
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қалай іске аспақ
- Акмәди Әділұлы, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының енгізілу себебі мен алғышарттары туралы айтып беріңізші?
- Жұмыс беруші есебінен төленетін 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу қазақстандықтардың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және қызметкерлердің еңбек өтіліне сәйкес келетін зейнетақы төлемдерінің тиісті мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда зейнетақылар мемлекет пен қызметкерлердің жарналары есебінен қамтамасыз етіледі. Тек зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс берушілері ғана 2014 жылдан бастап 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударып, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысып келеді. Сол себепті де жұмыс беруші тараптың зейнетақы жүйесіне қатысуы мемлекеттің, қызметкер мен жұмыс берушінің бірлескен жауапкершілігі негізінде зейнетақы жүйесін қалыптастырады. Аталмыш тәжірибе халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін де айтып өтейін. Мәселен, Ресей Федерациясында жұмыс берушінің қызметкері үшін салатын зейнетақы жарналары 22%-ды құрап, ал, жеке кәсіпкерлер ай сайын белгіленген мөлшердегі зейнетақы жарналарын төлеп келген. Оның 2019 жылғы көлемі теңгеге шаққанда 18 мың теңге болады.
- Дәл қазір, жұмыс берушінің жұмыскер үшін төлейтін міндетті зейнетақы жарнасына өту процесіне қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр?
- Жұмыс берушінің жұмыскер үшін төлейтін міндетті зейнетақы жарналарын енгізудің нормаларын іске асыру үшін аталмыш міндетті зейнетақы жарнасын есептеу және аудару, сонымен бірге жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына төлемдер жүргізу механизмдерін қарастыратын тиісті Ережелер әзірленді. Қазіргі уақытта Ережелердің жобасы тиісті мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде және олар жыл соңына дейін мақұлданатын болады.
- Ал, жеке кәсіпкерлер, қызметкер мен жұмыс беруші бір адам болған жағдайда, жұмыс бершінің міндетті зейнетақы жарнасы қалай жүзеге асырылады?
- Жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын және қызметкер үшін БЖЗҚ-ға 10% міндетті зейнетақы жарналарын төлеу міндеті жұмыс берушілерге жүктелген. Ал, егер жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және жеке қызметпен айналысатын басқа да адамдар туралы айтатын болсақ, онда төлеушілердің бұл санаты жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының 5% -ын және міндетті зейнетақы жарналарының 10% -ын өз бетінше төлейді.
- Жұмыс беруші қызметкердің есебіне жалпы қанша төлеуі керек?
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын қызметкердің пайдасына 5% мөлшерінде өз қаражаты есебінен аударады. Ал, мұндай төлемдерді 2014 жылдан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылары бар жұмыс берушілер ғана 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен аударып келгенін жоғарыда айттым. Жалпы алғанда 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 11,3 мыңнан астам жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша 5% -ды 495 мың қызметкер үшін аударған.
- Қосымша 5% жарналар қандай қаражаттан аударылады? Әр мекеменің жалақы қоры көбейе ме? Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізілгеннен кейін жаңадан жұмысқа кіретін қызметкердің жалақысы төмендетіледі ме?
- Жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкері үшін 5% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен аударатын болады. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы қызметкердердің жалақысын төмендетуге себеп болмауы керек, өйткені еңбек шарттары мен жалақы мөлшері еңбек шартында көрсетілген. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартына кез-келген өзгертулер тек қызметкер мен жұмыс берушінің өзара келісімі бойынша енгізілуі мүмкін. Сонымен бірге, мұндай фактілердің алдын-алу және жою жұмыстары міндетті әлеуметтік төлемдердің төленуін бақылау арқылы, әсіресе төленген жарналар мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін кәсіпорындар үшін және жергілікті деңгейде, оның ішінде салық және басқа да есептеу түрлерін тексеру арқылы жүзеге асырылады. Егер еңбек құқығы бұзылған болса, қызметкер жұмыс орнындағы еңбек инспекциясымен немесе Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен 74-34-91, 74-35-72 (еңбек қатынастары бөлімі) арқылы байланысуға мүкіндігі бар. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкердің еңбек құқықтарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы Қазақстан азаматтарының өміріне қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
- Заң талаптарына орай, 2018 жылдан бастап жұмыс берушінің есебінен міндетті зейнетақы жарнасының 5% мөлшердегі шартты-жинақтық құрамдас бөлікті енгізудегі мақсат:
1. Еңбек өтіліне қарай азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің тиісті деңгейін қамтамасыз ету арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту;
2. Сонымен қатар, мемлекеттің, жұмыскер мен жұмыс берушінің азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін бірлескен жауапкершілігін белгілеу арқылы жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейту;
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту.
ҚР Еңбек Кодексіе орай, 1998 жылдан бері қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын қызметкердің өзінің еңбекақысынан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасы ауларылып келеді. Ал 2020 жылдан бастап жұмыс беруші тарапынан зейнетақы жарналары 5% аударылатын болады. Бұл азаматтарға зейнеткерлік жасқа жеткенде (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 5 жылдан астам уақыт бойы төленгенде) жинақталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қосымша зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бере алады. Алайда бұл қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан бірыңғай жинақтық және базалық, ынтымақты зейнетақыларға қосымша болады. Дегенмен, бұл көлем - ақшалай төлем мөлшері, зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне және аударым көлеміне байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінен екі есе асатын болады.
Айдана Абдрахманова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады