• Басты
  • Өңірлер: Жамбыл облысында білім беру гранттары қалай жіктелді
5 Тамыз, 2019 11:16

Өңірлер: Жамбыл облысында білім беру гранттары қалай жіктелді

Жамбыл облысында 460 түлек оқу грантына ие болады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова айтып берді.

Өңірлер: Жамбыл облысында білім беру гранттары қалай жіктелді | Strategy2050.kz

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары  Сұлушаш Сәтбекқызының айтуынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен көп балалы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін республикалық трансферттен 5000 грант бөлінді.

«Оның 460 біздің облысқа тиесілі. 72–педагогикалық, 388-і–ақпараттық коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс, ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласына бөлініп отыр», - деді С. Құрманбекова.

Ол атап өткендей,  облыс әкімдігі жанынан құрылған конкурстық комиссия берілетін білім беру гранттарын мамандықтар бойынша орналастыратын жоғары оқу орындарын анықтады.

«Жоғарыда көрсетілген санатқа жататын мектеп түлектері ЖАО өткізетін конкурсқа қатыса алады. Құжат 5-10 тамыз аралығында қабылданады. Қай жоғары оқу орны қандай мамандықтар бойынша құжат қабылдайтыны 2 тамызда облыстық қоғамдық кеңестің қорытындысына сәйкес белгілі болады. Қорытындысы облыс әкімдігінің және білім басқармасының ресми сайттарында жарияланады. Құжаттарды белгіленген оқу орындары қабылдайтын болады», - деді ол.

Сондай-ақ,  биылғы жылы жергілікті бюджеттен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы медицина саласына – 15, агрономия мамандығына – 10, аграрлық техника және технология мамандығына – 5 грант, денсаулық сақтау саласы бойынша резидентураға – 9 орын бөлініп отыр.

«Грант ҰБТ сертификатының балына қарай ҚР Үкіметінің 23.01.2008 жылғы №58 қаулысына сәйкес конкурстық негізде тағайындалатын болады. (Педагогикалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, ветеринария салалары бойынша – 60 балл, денсаулық сақтау саласы бойынша – 65 балл, басқа мамандықтар бойынша – 50 балл)», - деді С. Құрманбекова.

Спикердің айтуынша, Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы 15 мамыр – 3 шілде аралығында «Бизнес – бастау» жобасымен 437 жас кәсіпкерлік негізіне оқытылып, 50 жас  230,8 млн. теңге шағын несие алды.

««Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 3 млн. теңгеге дейін мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 млн. теңге, республикалық бюджеттен 21 млн. теңге, барлығы 324 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған грант бойынша ү.ж. 1-12 шілдесі аралығында конкурс өткізіліп, аудандар мен Тараз қаласынан ұсынылған 466 жастың жобалары қаралды. Комиссия шешімімен 158 жасқа грант бөлінді», - әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, жастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жаңа бизнес идеяларды дамытуға республикалық бюджеттен 200 АЕК мөлшерінде 329 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 166,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Бүгінгі күнге дейін 88 жас 44,4 млн. теңгеге грант алды. Алдағы уақытта осы мақсатқа 800 жасқа 404 млн.теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінбек.Осы жылдың 24 шілдесінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Жас кәсіпкер» жобасы аясында тұрақты жұмыс орны жоқ жастар үшін қысқа мерзімді 1 айлық курс басталып, 450 жас оқытылуда. Курсты бітіріп, өз ісін ашам деген жастарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы жеңілдетілген кредит немесе мемлекеттік грант алуға мүмкіндіктер бар», - деді ол.

Сұлушаш Құрманбекованың  айтуынша, жасөспірімдер арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Дегенмен, биылғы жылдың  І жартыжылдығында  кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсіп отыр.

«Жыл басынан бері комиссияның 11 отырысы өткізілді. Арнайы жұмысшы топтары Тараз қаласы, Қордай, Талас, Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 5 ауданда 125 үйді аралап, 200-ден астам кәмелетке толмағандармен кездесу өткізді. Үй-тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, актілер толтырылды. 62 отбасының құжаттары бойынша кеңестер берілді. Байзақ, Сарысу аудандары әкімдерінің орынбасарларының, дін істері басқармасының басшысының есептері тыңдалды. Қордай, Т.Рысқұлов, Шу, Жуалы аудандарының әкімдері мен облыстық білім басқармасының басшысына орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс-хаттар жіберілді. Ұсынысқа сәйкес 36 жауапты қызметкерге тәртіптік шара қолданылып, 3 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды», - деді ол.

Аудандық, Тараз қалалық әкімдері жанындағы комиссияларда 56 кәмелетке толмағанға және 50 ата-анаға қатысты істер қаралып, 111 комиссия отырысында 135 қаулы қабылданды.

«Биылғы жылдың 6 айында полиция бөлімдеріне 6091 кәмелетке толмаған жеткізілді, 478 жайсыз отбасы (оның ішінде 823 бала) есепке алынды, 37 кәмелетке толмаған арнайы мектепке орналастырылды, 55 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды», - деді ол.

Сұлушаш Құрманбекова айтып өткендей, облыстық комиссия 18 жасқа дейінгі балалардың білім, тәрбие алуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

«Бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 419 965 (37,3%) болса, оның 73,2% - білім беру ұйымдарында. (222 801-і (53%) 446 мектепте, 55 207 (13,1) мектепке дейінгі тәрбие беретін 545 мекемеде, 27 396-ы (6,5%) 48 колледжде, 2147 (0,5%) интернаттық мекемелерде) -307 551Ү.ж. 1451 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 1088-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 144 – патронаттық тәрбиеге берілді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол айтқандай, отбасындағы кикілжің бала тәрбиесіне әсер етпей қоймайды.

«Бұл – балалардың ашуланшақ, ызақор болуына, өзін-өзі ұстай алмауына, сабақ оқуға деген ынтасының төмендеуіне, қараусыз қалуына әкеп соғады.Республикада өткен жылы 67,6 мың отбасы ажырасып, 53 мыңдай балаға әсер етсе, біздің облыста да бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 16,7%-дан 2018 жылы 32,8%-ға жеткен, яғни ажырасушылар үлесі 16,1 %-ға өскен. Мектеп оқушыларының 9216-ның әкесі жоқ, 1123-нің шешесі жоқ, 1094-і өгей әкелерімен, 578-і өгей шешелерімен, 1704-і туыстарымен тұрады. Бұл мектептегі балалардың 6,1%-ы», - деді ол.

Жыл басында полицияның мектеп инспекторларының білім беру ұйымдарымен өзара әрекетінің алгоритмі бекітіліп, мектеп инспекторлары ай сайын қамқоршылық кеңестері алдында есеп беруде.Бұл мектеп инспекторларының жауапкершілігін арттырып, оқушылар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін құқықтық көмектің сапасының артуына ықпал етті.

Білім мекемелерінде құқық бұзушылықтарды жасырып қалудың алдын алу мақсатында жыл ішінде 1456 бала үш деңгейде   мектепшілік есепке алынды.

Ол атап өткендей,  атқарылған жұмыстар нәтижесінде полиция бөлімдерінде есепте тұратын жасөспірімдер саны өткен жылғы 635-тен 395-ке азайды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды