• Басты
  • Арыс қаласының тұрғын үй, инфрақұрылымын қалпына келтіру қалай жүзеге асуда
2 Тамыз, 2019 19:16

Арыс қаласының тұрғын үй, инфрақұрылымын қалпына келтіру қалай жүзеге асуда

Түркістан облысы, Арыс қаласының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Үкімет басшысы Арыс қаласына арнайы келіп арыстықтардың зардап шеккен үйлерін, қаладағы әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен бірге Үкімет басшысы министрлер мен әкімдердің басын қосып, қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес ұйымдастырды.

Арыс қаласының тұрғын үй, инфрақұрылымын қалпына келтіру қалай жүзеге асуда | Strategy2050.kz

ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев өздері жетешілік ететін саласы бойынша жұмыс бағыттары туралы баяндама жасады.  Сондай-ақ, кеңес барысында өңірлердің, сонымен бірге  Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшылары қатысып, есеп берді.  

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрі өткізген кеңесте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Арыс қаласын қайта жандандырып, қалпына келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы туралы есеп тыңдалып, құрылыс-жөндеу жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет келтірілген.

ҚР Үкіметінің басшысы әскери қаладағы тұрғын үйлерді аралап, мектепті, қалалық аурухананы, темір жол вокзалын, тұрғындардың үйлерін қайта жөндеу, қаладағы орталық стадионды реконструкциялау жұмыстарының нәтижелерін өз көзімен көрді.

Түркістан облысы әкімдігінің дерегі бойынша, Арыс қаласында 8635 ғимарат пен тұрғын үйлер бар. Әскери қойма жарылған маусым айындағы оқиға кезінде снарядтан бүлінген, жөндеуді қажет ететін ғимараттар саны 7198-ке жеткен. Осы уақытқа дейін 6059 үйдің шатыры жабылып, жаңа есік-терезе қойылған. Ал, Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік нысанның 62-сі бүлініп, оның төртеуі жөндеуге жарамсыз деп танылып, құлатылған. 

Жарылыстан кейінгі қысқа мерзім аралығында Арыс қаласында бірқатар ауқымды жұмыс атқарылған. Соның ішінде қаланың инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерінің 90 пайызы қалпына келтірілді. Атап айтар болсақ, 6,5 мыңнан астам тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілген. Осылайша 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кіріп үлгерді. Ондағы барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізіліп, қала көшелері ауқымды түрде реконструкциялық жөндеуден өтті.

ҚР Преьмер министр Асқар Мамин Арыс қаласында өткізген кеңесте әлеуметтік нысандардың 62-сі, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін пайдалануға берілетіні айтылды.

«Бір ай уақыт аралығында Арыс қаласында ауқымды жұмыстар атқарылды, қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арыс қаласын қайта қалпына келтіру үшін еліміздің барлық қалалары,  өңірлері,  ұлттық компаниялары, ірі бизнес өкілдері белсенді түрде шаралар атқарды, көмек көрсетті.  Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысқан, көмек қолын созған барлық қазақстандықтарға, бизнес, әкімдік өкілдеріне, құрылысшыларға алғысды айтамын», — деді ҚР Үкіметінің басшысы А. Мамин,

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше кеңесті қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі жалпы қаладағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталғаны туралы мәлімдеген. Ол қалған іс-шараларды аяғына дейін жеткізу үшін тиісті министрліктер мен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар берген.

«Дәл қазіргі уақытта зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе 90%-ына жөндеу жұмыстары жасалып, аяқталды. Ал, қалған 905 бір қабатты жеке тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 10 тамызға дейін аяқталады. Сондай-ақ, 67 көп қабатты үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Жалпы, зардап шеккен барлық  66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызға дейін бітіру керек. Осыған байланысты Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасатын болады», - деген мәлімет келтірді ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар әр өңір бойынша бекітіліген секторлардағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары да 20 тамызға дейін толығымен аяқтауды жсопарлап отыр.

Соның ішнде, Елордасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысына тапсырылып, бекітілген секторлардғы жұмыс қарқынын күшейтіліп, құрылыс барысын қатаң бақылауға алынатын болады.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Арыс қаласының және қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарына бір рет берілетін өтемақыны өтеу жұмыстарын толығымен аяқтауы міндеттелді.

Ал, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасына қаладағы барлық коммерциялық нысандарын қалпына келтіру жұмыстары тапсырылды.

ҚР Қорғаныс министрлігі болса, «Жол картасы» бойынша қоймалардағы қару-жарақтарды шығаруды жүйелі түрде атқарып, Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп әскери қалашықтағы әскерге қатысы жоқ 58 отбасының мәселесін қолға алатын болады.

Кеңес соңында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласының орнықты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұмсап, Арыс қаласының одан әрі даму мәселелерін қатаң бақылайтынын жеткізді.

 

Айдана Абдрахманова

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды