- Басты
- Жаңалықтар
- Астана процесі: Сирия келіссөздерінің 13 отырысында талқыланған мәселелер
Астана процесі: Сирия келіссөздерінің 13 отырысында талқыланған мәселелер
Мәлімдемені ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко оқып берді.

Мәлімдемеде үш гарант ел Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігі, территориялық дербестігіне, сонымен қатар БҰҰ жарғысының мақсаты мен принциптеріне өзінің бұлжымайтын көзқарасын растады.
«Осыған орай Сириялық Голан басқыншылығын қабылдамайтын БҰҰ резолюциясы мен жалпы қабылданған халықаралық-құқықтық шешімдердің сыйлайтыны расталды. Ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 497 резолюциясы», - делінген мәлімдемеде.
Үшінші тармақта Идлиб аймағында ушығуды тоқтату жағдайын мұқият қарастырды және Идлиб бойынша барлық келісімді толық орындау жолымен «жерде» тыныштық орнату қажеттігі ерекше аталды. Бейбіт тұрғындар арасындағы қаза тапқандарға көңіл білдіре отырып, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына және Идлиб ушығуды тоқтату аймағының ішінде және сыртында жүрген кепіл-мемлекеттердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігіне сәйкес азаматтық позициядағы халықты қорғау бойынша бұған дейінгі келісімдер негізінде нақты шаралар қолдануға келісті.
Сонымен қатар, Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады және бұл аймақтағы ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке жету тек елдің егемендігі мен территориялық дербестігін құрметтеу негізінде мүмкін екенін аталып өтті.
«Осыған байланысты терроризммен күрес, оның ішінде заңсыз өзін басқару бастамасы деген желеумен «жерде» жаңа реалийлерді құруға тырысудан бас тартты. Көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Сирияның егемендігі мен территориялық дербестігін бұзуға бағытталған сепаратистік жоспарларға нық қарсы тұруымызды білдірдік.Сириялық қақтығыстың әскери шешімі жоқ екеніне көз жеткізгенімізді білдірдік және Сочидегі Сириялық ұлттық диалог конгресінің шешіміне, БҚҚ ҚК 2254 резолюцияна сәйкес БҰҰ көмегімен сириялықтардың өзі жүзеге асырып жатқан саяси процесті сүйемелдеуді жақтайтынын растадық», - делінген мәлімдемелде.
Сонымен қатар, ресми мәлімдемеде Сочи қаласындағы Сирия ұлттық диалогы Конгресінің шешімдеріне сәйкес, Женевадағы Конституциялық комитетті қалыптастыру мен іске қосу мәселелері бойынша үшжақты форматта және БҰҰ Бас хатшысы Гарри Педерсонның арнайы елшісі кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп егжей-тегжейлі консультациялар өткізілгені айтылған.

Оған қоса, мәлімдемеде Астана процесіне Ирак пен Ливан делегациясының жаңа бақылаушы ретінде қатысулары қолданды.
Сонымен қатар, мәлімдемеде Қазақстан билігіне Астана процесінің Сирия келіссөздері бойынша 13 отырысын өткізгендеріне алғыс айтылған.
«Астана форматының Сирия бойынша келесі келіссөздері Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың қазан айында өтеді», - делінген мәлімдемеде.
Өз кезегінде БҰҰ жанындағы Сирия Араб республикасының тұрақты өкілі Башар аль-Джаафари аталған мәлімдеменің саяси мазмұны жағынан осыған дейінгі мәлімдемелердің ішіндегі ең тиімдісі екенін атап өтті.
«Келіссөздер аясында бірқатар маңызды кездесулер өткіздік. Мәлімдеменің қорытынды мәтініне айтарлықтай өз үлесімізді қостық. Қорытынды мәлімдеме дамыған тілмен ерекшеленеді. Біз әлі де ерекше идеялар нақты іспен сүйемелдену керегін айтамыз. Әсіресе, Түркия тарапынан. Түркия гарант елдердің бірі болғандықтан қазіргі Түркия Үкіметі тарапынан жауапкершілік пен белгілі міндеттерді күтеді», - деді Башар аль-Джаафари.
Аягөз Құрмаш
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері