• Басты
  • Дипломмен ауылға: жас дәрігерлерді ынталандыру шаралары қандай
2 Тамыз, 2019 13:09

Дипломмен ауылға: жас дәрігерлерді ынталандыру шаралары қандай

2019 жылдың қорытындысына сәйкес, медициналық жоғары оқу орнын 5003 түлек тәмамдаған. Оның ішінде 1 819 жас маман ауыл-аймаққа барып жұмыс істеуге шешім қабылдаған. Өңірлердегі медицина саласындағы кадр тапшылығын азайтудың жолдарын қарастырып жатқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде осындай мәлімет келтірілді.
Дипломмен ауылға: жас дәрігерлерді ынталандыру шаралары қандай

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин облыс, аудан әкімдеріне ауылдық жерлерде жұмыс істейтін жас дәрігер мамандарға қолдау қолдау көрсетуге баса назар аудару керектігін тапсырған болатын.

Қазір уақытта үкімет «Ауыл - ел Бесігі» жобасы аясында жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді іріктеу жұмыстарын жүргізіп, аймақтық стандарттар жүйесін әзірленіп жатыр. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктеріне: жалпы тәжірибелік дәрігерлерге түсетін жүктемені азайту үшін, сондай-ақ осы нысандарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету міндеттелген.

«Ауылдық өңірлерде жас дәрігер мамандарды тарту және оларды әлеуметтік қолдау мәселесін пысықтаумыз қажет. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облысында жас мамандарға жоғары төлемдер қарастырылған, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұрғын үй беріледі. Дәл осындай бастамаларға көп көңіл бөлу керек», - деген еді Үкімет басшысы.

Ал,  Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев Түркістан облысында ауылдарға қызмет істеуге келген жас дәрігерлерге бір жарым миллион теңгеден үлестірілетінін айтты. 

«Осындай шаралар арқылы біздер денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығы мәселесін шешуге ниет білдіріп отырмыз. Бүгінгі уақытта облысымызда 350 дәрігер жетіспей жатыр. Бірнеше жылдан бері реаниматологтардың, педиатрлардың, анестетиктер мен ультрадыбыстық тексеру мамандары істеуі тиіс жұмыс орындары бос тұр. Сонымен қата 176 мың теңге көлеміндегі бірреттік жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алуына мүмкіндігі бар. Осы жыл басынан бері 26 отбасы осы мүмкіндікті пайдаланды», - деді ол.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаевтың мөзінше егер ауылға көшіп келген дәрігерлер үй салғысы немесе үй сатып алғысы келсе, олардың 3 миллион 787 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде Түркістан облысында маманданған сала мамандар жетіспейді, ал жалпы тәжірибелік дәрігерлер жеткілікті.

Жалпы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау м инистрлігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау жүйесінде 209  800 медициналық  қызметкер жұмыс істейді, оның 57 200-і  дәрігер болса, қалған 152 600-і орта медициналық қызметкер болып келеді..

«2019 жылдың қаңтар айындағы мәліметтері  клиникалық мамандықтар бойынша 5897 дәрігер жетпейтінін айқындап берді. Маман тапшылығы әсіресе,  Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында сезіледі. Осы себептен кейін біздің министрлік биыл медициналық жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен тәмамдаған түлектерді өңірлерге барып жұмыс істеуге шақырып отыр», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі

Жас дәрігер мамандар электрондық enbek.kz порталы арқылы маман тапшылығы сезілетін өңірлердің сұранысына қарай бөлінетін болады. ҚР ДСМ мәліметі бойынша осы жылы клиникалық бейінді  5003 маман оқу бітіріп, оның 3 776-ы (75,4%) жұмысқа орналасатын болады. Ал, қалған 1 227 түлек  (24%) жұмыстан істеуден босатылмақ. Ауылға барып жұмыс істеуге талаптанған 1 819 түлек (түлектердің 48%-ы) сол ауылда үш жыл жұмыс істеуі тиіс.

Денсаулық сақта министрлігінің мәліметінше биылғы Жастар жылына орай жас мамандарға берілетін жәрдемақы 70 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық көрсеткішке дейін артқан. Яғни берілетін жәрдемақы 252 500 теңгеден кем болмауы міндеттелді. Сондай-ақ, бірқатар облыс жас дәрігер мамандарға жергілікті бюджет есебінен көтерме қосымша жәрдемақы төлейді. Оның мөлшері 500 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін жетеді.

«Елдегі Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарындағы медициналық ұйымдар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша көтерме жәрдемақы беруді жоспарлап отыр. Алайда Алматы облысы әкімдігі жас дәрігер мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етпейтінін жеткізді. Осы жылы 1819 жас дәрігерлерді  ауылға жіберіп отырмыз. Оларды  әкімдік жақсылап қарсы алуы тиіс, өйткені өткен, яғни 2018 жылы өңірлерге барған 817 маманның 20 пайызына ғана баспана берілген. Өңірде жағдайы болмаған соң олар жарты жылдан кейін шетінен кері қайтты. Жас дәрігер мамандардың кейбірі грантты қайтаруға дайын отыр. Осындай келеңсіздіктерді биыл болдырмауымыз қажет», - деді министр.  

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына орай 2019 жылдың 1 маусымнан бастап денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақысы 30%  дейін өсті.  Осы мақсатта республикалық бюджеттен 43,9 млрд.теңге қосымша қаражат та бөлінген болатын. Сонымен қазіргі медициналық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – дәрігерлерде  қосымша төлемдерді қоспаған жағдайда - 164 047 теңге, орта медициналық қызметкер айлығы – қосымша төлемдерді қоспағанда – 112 729 теңге болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше келесі, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жалақасын тағы  көтеру жоспарланып отыр екен.

Денсаулық сақтау министрлігі ауылдағы кадр тапшылығын жою үшін - «Нұр Отан» ХДП өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері және  селекторлық байланыс арқылы   аймақтардағы Денсаулық сақтау басқармалары мен  әкімдік қызметкерлері қатысқан жиында: барлық дәрігерлердің  жалақысын 30%-ға арттыру, жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету,  қосымша көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй немесе бюджеттік несие беру, медициналық қызметкерлердің балаларын балабақшаға орналастыру, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі түлектерін жұмысқа орналастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге осы 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасады.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды