• Басты
  • Грант-2019: Конкурстан өтпегендер не істейді
1 Тамыз, 2019 17:50

Грант-2019: Конкурстан өтпегендер не істейді

Бүгін мемлекеттік грант конкурсының нәтижелері отандық БАҚ-та жарияланды. Биыл конкурсқа 53 785 грант бөлінді. Оған 64 452 адам қатысты. Гранттар қалай жіктелгені туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова айтып берді.

Грант-2019:  Конкурстан өтпегендер не істейді | Strategy2050.kz

Вице-министр атап өткендей,  биыл  грант нәтижесі былтырғымен салыстырғанда 5 күн ерте жарияланды.

«Бүгін БАҚ-қа республикалық конкурстың нәтижесі ілінді. Бұл – Республикалық конкурстық комиссия жұмысының нәтижесі. Биыл конкурсқа 53 785 грант бөлінді. 64 452 адам қатысты. Жалпы орташа конкурс 1 грантқа 1,29 адамды құрады. Барлық иегерді құттықтаймыз. Жыл сайын мемлекеттік грантты алу мүмкіндігі ұлғайып отыр. Жалпы грант санының 45% астамы инженерлік, құрылыс, ІТ мамандықтарға бөлінген. 8 мыңнан астам грант педагогикалық мамандықтарға бөлінген. Биыл конкурсқа қатысқан «Алтын белгі» иегерлерінің саны 5800-ден астам  болды. Оның ішінде 4600-ден астамы грант алды. Олардың ішінде ең жоғары саны инженерлік, ІТ, педагогикалық, жаратылыстану мамандықтарына болып отыр. Ең жоғары балл дәстүрлі медицина, соның ішінде стоматология, фармация, инженерлік мамандықтар, педагогикалық бағыттың ішінде шет тілі мұғалімдікке 100-ден жоғары балл көрсетіп отыр», - деді Ф. Жақыпова.

Вице-министр арнайы бағдарламалар арқылы грантқа түскендер санын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік грант бөлуіне байланысты Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу ұсынылып отыр екен.

««Мәңгілік ел жастары» арнайы бағыты бойынша да грант иегерлерінің саны өте жоғары – 5000-нан астам. «Серпін» бағдарламасы аясында тапсырғандар 5000-нан астам грант иеленді. Өкінішке қарай, грантқа ілінбеген адамдар да бар. Бірақ біз Үкімет қаулыларына өзгерістер енгіземіз. Содан кейін белгіленген тәртіп бойынша белгіленген бағыттарға гранттың берілуін Республикалық комиссия жалғастырады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министр  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген гранттар көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына берілетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен қосымша 5000 грант бөлінді. Олар 5-15 тамыз аралығында жергілікті атқару органдарының қатысуымен тағайындалады. Жалпы, республикалық конкурсқа іліне алмағандар осы қосымша конкурсқа қатыса алады», - деді Фатима Жақыпова.

Вице-министр атап өткендей,  білім гранттарының ішінде игерілмеген гранттар бар.

«3000-ға жуық грант енді грантқа түсе алмағандардың арасында компьютер арқылы бөлінеді. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктер де өз бюджетіне қарай қосымша грант бөледі.Жыл сайын жергілікті атқару органдары тарапынан қолдау көрсетіліп, грант бөлінеді. Былтыр 3000 грант бөлінді. Биыл сонша немесе одан да көп болуы мүмкін. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Бұған дейін атап өткенімдей, мемлекет тарапынан жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтуге жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ,  вице-министр  мемлекеттік грант нәтижесімен келіспейтіндер БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығына қайта қарауға өтініш жаза алатынын айтты.

«Мемлекеттік гранттар компьютер арқылы реттеледі. Объективті процесс. Адам араласа алмайды. Жақында Ұлттық тестілеу орталығында пресс-тур кезінде гранттың қалай берілетіні толық түсіндірдік. Әрине, конкурсқа қатысып, грантқа ілінбеген кез келген азамат нәтижесін қайта қарау үшін шағымдануға құқығы бар. БҒМ, Ұлттық тестілеу орталығына өтініш білдіруге болады. Біз әр адаммен жеке жұмыс істейміз, тексереміз. Дегенмен, қайталап өтейін, гранттың бөлінуіне ешбір жан араласа алмайды», - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова.

Фатима Жақыпова мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына мамандық таңдауда кеңес берді.

«Гранттарды топтап емес, бағыт бойынша бөлінді. Республикалық конкурстық комиссия осы бөлінген тәртіп бойынша жұмыс істеген. Қазір кей мамандыққа сұраныс көп. Біз Еңбек министрлігімен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен бірлесіп, анықтадық. Қазір инженерлік, педагогикалық мамандықтарға мемлекет тарапынан сұраныс жоғары. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мектеп бітірушілерге, олардың ата-аналарына мұқият қарап, болашақта қандай мамандықтарға мемлекеттен қандай сұраныс болады, соған қарай бітірушілерге арнайы бағыт беру керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің өкіліне грантқа өтініш білдірген түлектердің арасында еліміз бойынша сұранысы жоғары болған үздік 5 университетті атап өтті.

«Дәстүрлі түрде ұлттық университеттеріміз. Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аймақтық университеттер: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Есенов атындағы Каспий технология университеті, Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті көп таңдалғандардың қатарында. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ашылған халықаралық ІТ университетіне, Қазақ-Британ техникалық университеті, техникалық бағыт бойынша ұлттық университеттер арасында Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне сұраныс жоғары болды», - деді білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова брифинг барысында.

Грантқа ие болғандардың тізімін  мына сілтемеден  оқи аласыздар.

Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды