• Басты
  • Энергия көздері, орнықты қалаларды дамыту мәселелері қалай жүзеге асуда
1 Тамыз, 2019 17:31

Энергия көздері, орнықты қалаларды дамыту мәселелері қалай жүзеге асуда

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің алдына қойған 10 маңызды бағыты және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасы Біріккен ұлттар ұйымы 2015 жылы қыркүйекте Жаһандық күн тәртібі ретінде бекіткен Орнықты даму мақсаттарымен сәйкес келеді. Бұл тууралы Қазақстандағы ОДМ-ның жүзеге асыру барысы туралы семинарда айтылды.

Энергия көздері, орнықты қалаларды дамыту мәселелері қалай жүзеге асуда | Strategy2050.kz

 

Еліміздегі бес министрлік, атап айтқанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ақпарат әне қоғамдық даму министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Сыртқы министлігі 2030 жылға дейін Орнықты даму мақсаттарын, атап айтқанда кедейліктің барлық деңгейін жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сапалы тамақпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау,  жалпыға бірдей сапалы білім, таза ауыз су, экология және ғаламшарымыздың сапалы тұрғындарын және оның өмір сапасын арттыруға және та пайғы сол сияқты жалпы саны 17 мақсатты жүзеге асыруда.

Жаңғыртылған табиғи энергия көздеріндегі инвестициялау туралы айтқан сарапшы Дайырбеков Ерлан Қазақстанда электр энергиясының құнының өсуіне байланысты үлкен аумақты алып жатқан еліміз, әсіресе халықтың орналасу тығыздығы төмен шалғай ауылдық жерлер электр энергиясын өндірудің қосымша баламалы көздерін өндіру шараларын қолға алуға алып келеді дейді.

«Қазіргі таңда біз баламалы қосымша энергия көздерін дамыту үшін қуаттылығы 50 МВт болатын Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір аулында орналасқан  күн электростанциясы пилоттық жобасын қолға алдық. Қазіргі таңда аталмыш объектте мектеп, аурухана, балалар бақшасы сияқты әлеуметтік нысандарда жаңғыртылған баламалы табиғи энергия көздерін пайдалануға байланысты зерттеу жүргізілетін болады. Қазақстанда жылу энергетикасы өндірісінің 40 пайызы орталықтандырылған орталық жылу жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал, қалған бөлігі жылу шығаратын қазақндықтарда өндіріледі. Жалпы елімізде жылу энергиясының  69 пайызын өнеркәсіп өндірісі тұтынса, 20 пайызын тұрғын үй секторы тұтынады. Жел және фотоэлектрлік күн энергиясын қамтитын технологиялардың арқасында Қазақстан 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіру саласында жаңғыртылған қосыма баламалы энергия көздерін пайдалануда 0,77 пайыздан 10 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр» - деді ол.

 

 «Көміртегі аз қалаларды қаржыландыру және инвестициялау» бойынша сарапшы Евниев Біржан  Орнықты қалалар туралы мәлімет берді.

«Энергия тиімділігін арттыру бойынша инвестициялық жобаларды қолдау бойынша бірнеше жобаларды қолға алдық. Қазір солардың бірнешеуіне тоқталамын. Алдымен Орнықты қала түсінігіне келер болсақ, ол  - қоршаған ортаға ең аз әсер ететін, энергетикалық ресурстарды, ауаны ластауды және басқа да қоршаған ортаны тұтынуды барынша азайтуға тырысатын және нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларының аздығымен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне арналған қала. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасы-Ғаламдық экологиялық қор «Көміртегі аз орнықты даму қалалары» жобасын ұсынды. Қалалық инфрақұрылым нысандарында парниктік газдар (СО2) шығарындыларын азайту бойынша жоба қолға алынбақ. Бұл жерде тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі болып табылады. Жобаның бюджеті бүгінде 6 миллион доллар, соның ішінде 3 миллион доллар көміртегі аз жобаларды қолдау үшін қаржы жүйесін құруға жұмсалады. Ал, қаржыландыру көзі - Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасы, ғалымдық экологиялық қор. Сондай-ақ, бағдарламаның орындалу мерзімі ретінде 2015-2021 жылдар аралығын қарастырып отырмыз», - деді ол.

 

Жобаның бірнеше салалық міндеттері бар. Оның ішінде қала құрылысы, коммуналдық қызмет (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) саласындағы заңнамамен жұмыс,парниктік газдарды төмендету сияқты шаралардан тұрады. Сондай-ақ, ұйымдық құрылымды дамыту, қаржы механизмін құру, қалалық блокты модернизациялау бойынша кешенді жоба секілді көп салалы тапсырмалардан тұрады.

«Алдағы уақытта ауқымды, орташа, кішкене қалалардан 15 пилоттық қала таңдалып алынды. (Астана қаласының тұрғын үйін қайта құру бойынша көрсетілетін кешенді пилоттық жоба А.Пушкин көшесі - мен А.Жұбанов көшесінің қиылысы таңдалынды. Аталған пилоттық жобаның мақсаты техникалық және қаржылық мүмкіндіктер арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған көп пәтерлі тұрғын үй қорын (шағын аудан) және оған жақын аудандардағы тұрғын үй кешенін қайта құру (модернизациялау) үшін демонстрациялық жобаны жүзеге асыру.Пилоттық аумақ ретінде Астанадағы тұрғын үй, келесі мекен-жайлар бойынша үй таңдалды: Пушкин көшесі, 7 үй мен Жұбанова көшесі 1; 3; 3/1 және 3/2. Пилоттық жобаның орындалу мерзімі  2017-2020 жылдар аралығын қамтиды.

 

Қазақстандағы электр тұрмыстық техникалар мен жабдықтардың энергияны аз қажет ету тиімділігін стандарттау, сертификаттау және таңбалау бойынша жобасын таныстырған Сергей Васильев «Ескісін тапсырып – жаңасын ал» акциясы туралы айтты.

«Біздің тұрмыста тоңазытқыш ең көп энергияны жұмсайтын техника. Өйткені ол күнін 24 сағат, жылына 365 күн тоқтаусыз жұмыс істейді. Одан кейінгі орында тұрмыстық заттарды жуатын машина тұр. Осы себепті біз «Ескісін тапсырып – жаңасын ал» акциясын ұйымдастырдық. Біздің жоба ел аумағы бойынша сапалы емес өнімдер мен электр көп тұтынатын өнімдерді сраптау. Жобаның ұзақтығы бес жыл, жалпы бюджет 3,5 миллион доллар. Біздің негізгі серіктестіміз ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі. Сонымен қазақстандықтар 1 шілде мен 25 тамыз аралығында үйінде істен шыққан тоңазытқыш, мұздатқыш, ыдыс жуатын машина, электроплита тұрмыстық техникаларын өткізіп, орнына 16 500 теңге жаңа техникаға сертификат алады», - деді Сергей Васильев.

 

Сергей Васильевтің сөзінше Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 64-25-33 телефон нөміріне, Алматы қаласының тұрғындары 11-54-52 немес 8 777 669 55 55 телефон нөміріне, ал қарағандылықтар 8 701 439 84 64, сонымен біре Ақтөбе қаласының тұрғындары 8 707 634 34 28, павлодарлықтар 8 776 812 80 90 телефон нөміріне хабарласып, үйінде істен шыққан тоңазытқыш, мұздатқыш, ыдыс жуатын машина, электроплита тұрмыстық техникаларын өткізіп, орнына 16 500 теңге жаңа техникаға сертификат алады. Тұрғындар берген сертификат бойынша қаладағы техникалық дүкендерден қажетті техникасын аларда 16 500 теңге жеңілдік болады. Онымен қоса, олар сараптамадан өткен, электр энергиясын аз жұмсайтын техникаларға қол жеткізеді.

Қазақстан халықының 100%-ы үшін электр қуаты қолжетімді. Ел бойынша Энергия тиімділігі жүйесін қолданатын кәсіпорындардың үлесі өсуде. Көрсеткіш 2015 ж. 9,8% -дан 2018 жылы 49,9% -ға дейін өсті. Алайда энергияны тасымалдау кезінде энергияның шығындалу қатері жоқ емес. Оған еліміздің үлкен аумағы, халықтың тығыздығының төмендігі әсер етеді. Сонымен қатар еліміз бойынша көмір әлі де энергияның ең арзан көзі болып қалып отыр. Халықты жаппай газдандыру деңгейі төмен күйінде. 2018 жылғы көрсеткіш бойынша ол 49,68%.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды